Слайд 1ГИДРОЦЕФАЛИЯ,ГИПОТЕНЗИВТІК СИНДРОМ,МЕНИНГЕАЛЬДЫҚ МИНДРОМ
Слайд 2Гидроцефали́я (грек. ὕδωρ – су және κεφαλή – бас-ми, мидың
суы), яғни бас сүйегінде ми сұйықтығының мөлшерден тыс жиналуы деген
мағынаны береді. Негізі бас пен жұлынның арасы үнемі ликвор деп аталатын сұйықтықпен шайылып тұрады. Бұл түссіз, мөлдір сұйықтықтың атқаратын қызметі орасан. Соның ең бастысы – қосымша миды қоректендіріп және қорғап тұру. Жаңа туған нәрестелерде жалпы цереброспинальды сұйықтық мөлшері 15-20 мл-ді, 1 жаста 30-35 мл-ді, ересектерде 120-150 мл-ді құрайды. Гидроцефалия кезінде цереброспинальды сұйықтық мөлшері 1-1,5 литрге дейін көбейеді
Гидроцефалия даму
себебі
даму кемістігінен,
құрсақішілік инфекцияның,
ликвор айналымының немесе сіңіру процесінің бұзылуынан,
орталық жүйке жүйесі ауруларынан,
ісіктер, бас ми жарақатынан немесе ауытқуынан,
жүктілік кезінде немесе босану барысындағы патологиядан,
қан құйылу, т.б. салдарынан болады.
Слайд 4Классификациясы
Гидроцефалия туа бітті және жүре пайда болады. Гидроцефалия ашық (хабар
беруші) және жабық (окклюзиялы); сыртқы және ішкі; клиникалық ағымына байланысты
өткір, үдемелі, созылмалы, компенсацияланған және қалпына қайтып келе алмайтын болып бөлінеді. Гидроцефалияның ашық түрі барлық ми қарыншаларының жүйелерінің кеңеюімен сипатталады. Жабық түрінде ішкі қарыншалар жүйесіне ликвор ағысының бұзылуы оның даму кемістігіне, спайкалық процестерге, т.б. байланысты
Слайд 5Ауру белгілері:
Гидроцефалия ауруының белгілері науқастың жасы мен ауру этиологиясына байланысты.
Құрсақтағы шарананың, жаңа туған нәрестенің және кішкентай балалардың басының диаметрі
үлкейеді, 60 сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Маңдайы алға қарай шығып кетеді, еңбегі ісінеді, басын жиі шалқайта береді, көру қабілеті төмендейді, қылилық пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жүйке жүйесі бұзылуын білдіретін белгілер пайда болады: қолдың, иектің, аяқтың дірілдеуі, қалтырауы, судорог ұстауы, көз алмалары қимылының бұзылуы, т.б. Бұған қоса, тері қабаттарының бозаруы, солғын тартуы, жүрек ырғағының бұзылуы байқалуы мүмкін. Мұндай балалар дене бітімі өсу жағынан, ақыл-ойы дамуы жағынан кешеуілдейді және кәсіби күтімді, бақылауды қажет етеді.
Слайд 7Гипотензивтік синдром
Гипотензиялық синдром ми-жұлын сұйығы қысымының мөлшері су бағанасымен алғанда
80-100мм-ден кем болған жағдайда кездесіді.Ол көбінесе бас суйек –ми жарақаттануынан
кейін немесе ми –жұлын сұйығы щығуына кедергі жасайтын ми қарыншаларының хориоидтықерімдері қабынуы кезінде пайда болады.
Слайд 8Даму себептері
1.Ми-жұлын сұйығы жүйесіне емдік және диагностикалық әдістерді қолдану кезінде
мидың қатты қабығында пайда болатын тесіктен ликвордың ағып кетуі.
2ми-жұлын сұйығы
жолдарының тесілуі/жылан көзденуі/кезінде сұйықтықтын ағуы.
3су-тұз алмасуының бұзылуы/жиі құсу,іш өту,зәр шығару жиілеуі/
4 бас суйек-ми жарақаттануынан кейін немесе мидағы қабыну процестері әсері мен вегетативтік реттелудің өзгеруіне байланысты ми-жұлын сұйығы өнімінің төмендеуі.
Слайд 9Клиникалық белгілері:
Әр түрлі деңгейде бас ауруы көбіне қысып ,соғып ауру
Лоқсу,құсу
Ми
қабығы қабыну симптомдары:әсіздік тахикардия,басын аянышты кейіпте ұстау.
Кейбір жағдайда бас ауруының
күшеюіне байланысты,сонымен қатар оның болмаған кезінде қысқа мерзімді талмалар байқалады
Слайд 10Менингеальдық синдром
Ми қабықтарының қабынуы,улануы және оның тор қабығы асты кеңістігіне
қан құйылу кезінде ми қабықтары тітіркенуіне байланысты менингеальдық синдром пайда
болады.
Слайд 111) Бастың бір қалыптан екіншісіне ауыстырған кезде, жарықта, қатты дауыстар
естіген кезде күшейе түсетін - жайылмалы бас ауруы;
2) Шүйде аймағындағы
және омыртқа бағанасы бойындағы ауырсыну;
3) Кенеттен пайда болатын, тамақ қабылдауға байланыссыз және көп мөлшерлі құсу;
4) Көру, есту және басқа тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық.
Слайд 12 3) Керниг симптомы. Дәрігер науқастың аяғын жамбас-сан және тізе
буындарында тік бұрыш жасап бүгеді. Содан кейін дәрігер тізе буынын
жазуға әрекеттенеді. Егер симптом оң болса бүгуші бұлшықеттердің қатаюына байланысты тізе буыны жазылмайды.
Слайд 134) Брудзинский симптомы.
Жоғарғы – науқастың басын июге әрекеттеген
кезде оның аяғы бүгіледі;
Ортаңғы – қасағаны басқан кезде науқастың
аяғы бүгіледі;
Төменгі – Керниг симптомын зерттеген кезде екінші аяғы бүгіледі.
Слайд 14Лесаждық қолтықпен көтеру белгісі