Разделы презентаций


Халы? ?а?арманы

Содержание

(4.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы,—10.6.1982, Алматы) - қазақ совет жазушысы. 1942 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген (1928

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 К. Байсейітова атындағы ЖББОМ Тақырыбы:

” Халық қаһарманы-Бауыржан

Момышұлы” Ахметжанова А.С. Ақтоғай селосы 2014-2015 оқу жылы
К. Байсейітова атындағы ЖББОМ      Тақырыбы:  ” Халық қаһарманы-Бауыржан

Слайд 3
(4.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы,—10.6.1982, Алматы) -

қазақ совет жазушысы. 1942 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына

қатысқан. Панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген (1928 ж.) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 ж. Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота, командирі, полк штабы бастығының көмекшісі.
(4.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы,—10.6.1982, Алматы) - қазақ совет жазушысы. 1942 жылдан КПСС мүшесі.

Слайд 4Соғыс жылдарында
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор

И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында

майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 ретқоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі,тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін 
әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды
Соғыс жылдарында1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316

Слайд 5Соғыстан кейінгі жылдар
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының

Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери

академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.


Соғыстан кейінгі жылдарСоғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып,

Слайд 6 Бауыржан шығармашылығы
«Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы»

(1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956, орыс тілінде) атты алғашқы

кітаптары сол тұста жарық көрді. Момышұлы еңбектері орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды. Негізінен әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті ту еткен шығармалар берді. Солардың бірі «Москва үшін айқас» (1959, орыс тілінде — 1958) — халқымыздың қаһармандығын, бірлігі мен туысқандығын, совет жауынгерлерінің сом тұлғасын бейнелеген. Отан үшін ұлы шайқастың үлкен бір шежіресі іспеттес күрделі шығарма. Мұнымен қатар «Жауынгердің тұлғасы» (1958), «Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс тілінде), «Генерал Панфилов» (1963, қазақ тілінде — 1966), «Төлеген Тоқтаров» (1965), «Куба әсерлері» (1965), «Ел басына күн-туса» (1970), «Ұшқан ұя» (1975), «Адам қайраты» (1981) т. б. кітаптар берді. Шығармалары көптеген СССР халықтары және бірнеше шетел халықтарының тілдерінде басылып шықты.
Бауыржан шығармашылығы«Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956, орыс

Слайд 7 Жарық көрген кітаптары

Жарық көрген кітаптары

Слайд 9
ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаты (1975), Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту,

Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет

Белгісі» ордендерімен, медальдармен наградталған.
ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаты (1975), Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет

Слайд 12Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістің 55

жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды.
Авторлар ұжымы: мүсіншілер: М.

Рүстемов, Д. Әлдеков.
Сәулетшілер: С. Дамбай, Н. Баекеев.

Биік ірге тасты қолында қылышы бар ұлғы тұлға айбынды жауынгер, философ интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбынды батырларының бейнесін көреді. Ол каһарлы соғыс мектебінен өткен ажал көзіне бірнеше рет қараған, әр ұлттың жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген. Ол үнемі үкімет оппозиясында болып, өзінің тәуелсіз мінезімен, әділетсіздікті сынап отырған

Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістің 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды.Авторлар

Слайд 15 Бауыржан Момышұлының

қанатты сөздері

- Ердің туы — намыс.
        - Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
        - Ердің Еділ тобығынан келмейді.
        - Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.
        - Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.
        - Жауды    өлтірсең — өлімнен    қүтылдың,    өлтірмесең — өлімге тұтылдың.
        - Атақ - ерге сауға, олжа  - елге сауға, олжа — елдікі, оған тимегін.
- Қорқақ қаққа шөгіп өледі.
              -  Белдескеннің белін сындыр,
                Тірескеннің тізесін бүктір.
                Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
               Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
              - Әдіссіздік — әлсіздік,
                Ептілік те — ерлік.
              - Қара бет болып қашқанша,
                Қайрат көрсетіп өлген артық!
      - Таяқтан тайсалмасаң,
        Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер...

Бауыржан Момышұлының

Слайд 16 Бітірген оқу орындары
1928

жылы Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген .
1936 жылы Ленинград

финанс Академиясы жанындағы курсты бітірген.
1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген.

Бітірген оқу орындары1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген .

Слайд 17 Атқарған қызметтері
1928 жылы бастауыш мектеп мұғалімі, милиция бастығы болған.



1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қызметін өтеп қайтқан соң,

Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.

1936 жылы Қызыл Армия қатарына қайта алынады, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі қызметін атқарады.

1950-1956 жж. әскери академияда сабақ береді және тұрақты әскери қызмет атқарады.

Атқарған қызметтері1928 жылы бастауыш мектеп мұғалімі, милиция бастығы болған. 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қызметін

Слайд 37Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады.

Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл

атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған

Слайд 38Тамашалағандарыңызға рахмет!!!

Тамашалағандарыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика