Слайд 1Халықаралық экономикалық жүйедегі халықаралық экономикалық құқық.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық
қатынастар факультеті
Әлемдік экономика мамандығы
Орындаған :Қайратқызы Гүлістан
Слайд 2Халықаралық экономикалық құқық ұғымы
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясаты
мен ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесіне байланысты. Қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің экономикалық
саясатындағы айқын және кезекті сәтсіздіктерден шығудың тиімді жолдарын жасауға, экономикалық реформалауға үлкен мән берілуде. Экономикалық даму үшін құқық арқылы экономикаға ықпал ету, экономикалық прроблемаларды басқара білудің ықтимал проблемаларының тәжірибелік маңызы зор.
Слайд 3 Қазіргі таңдағы әлемдегі халықаралық экономикалық қатынастар үшін мәселелердің көпшілік бөлігін
бара-бара ұлттық құқықпен ғана емес , сонымен бірге халықаралық құқықтың
нормаларын , қағидаларын ,институттарын қолдану арқылы немесе негізінен халықаралық құқықпен қарастыру орын алып келеді .
Слайд 4 “Мемлекеттің ішкі құзірет биліктерін тәуелсіздікті саналы , үйлестірілген кұйде
түрлі шектеулер деңгейде ақырындап беру туралы сөз болып отыр ,
яғни бекітілген ұүұвұ нормаларвында ұлттық , аймақтыұқ, блоктық мүдделермен қатар , тұтастай алғандағы халықаралық мүдделері де көрініс табу керек”
Слайд 5 Интернационалдық үрдісі, немесе қазіргі кезде айтылып жүргеніндей, шаруашылық өмірдің жаһандасуы
айқын және оны көпшілік мойындап отыр . Әсіресе халықаралық құқық
үлкен ықпалдарға ұшырауда ,себебі мемлекет пен оның ұлттық құқығына үлкен көлемді ықпалдар халықаралық құқық арқыл жүзеге асырылады.
Слайд 6 Жаһандасу процесі халықаралық құқық жүйесінің ерекшелігін , халықаралық құқық жүйесінің
тұтастай алғанда өнімді қызмет етуін та,ғы бір рет дәлелдеп отыр
Халықаралық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің жаңа маңызды бағыттарының біріне айналып келеді.БҰҰ бас Ассамблеясы 1984ж 18 желтоқсандағы “Халықаралық экономикалық қатынасатғы сенімді нығайту шаралары туралы” 30/210,1985 ж 17 желтоқсандағы “Халықаралық экономикалық қауіпсіздік” 40/173 қараларында өзара тиімді экономикалық қатнастарды қалыптастыру мәселелеріне деген ұстанымын баяндайды.
Слайд 7 Халықаралық экономикалық құқыққа арналған алғашқы ғылыми зерттеулер
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда бола бастады.1964 ж сауда және
даму жөніндегі БҰҰ-ның Женева Конвенциясы өткізілді. Бұл халықаралық форум халықаралық экономикалық құқықтың табиғаты туралы көптеген пікірталастарды бастап берді. Екі бағыт қалыптасты: халықаралұ-құқықтық және шаруашылық құқықтық.
Слайд 8 Қазіргі әлемдегі экономикалық интеграция процестері: объективтік негіздері
және мәні. Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі, пәні, қайнаркөздері және қағидалары.
Әмбебап және аймақтық сипатты халықаралық экономикалық ұйымдар. БҰҰ жүйесіндегі және оған кірмейтін халықаралық экономикалық ұйымдар. Халықаралық экономикалық қауымдастық және халықаралық экономикалық тәртіп. Халықаралық экономикалық дауларды шешу. Халықаралық сауда құқығы.
Слайд 9 ДСҰ-ң негізгі белгілері және функциялары. Халықаралық валюталық-қаржылық құқық: қалыптасуы, түсінігі,
қағидалары және қайнаркөздері. Бреттон-Вудс валюталық жүйесі. Халықаралық инвестициялық құқық. Халықаралық
инвестициялардың құқықтық режимі, қорғалуы және кепілдері. Инвестицияларға меншік құқығының көшуі: халықаралық құқықтық аспект (экспроприация, ұлттандыру, жекешелендіру).
Слайд 10 Халықаралық экономикалық құқықты айқындау проблемасы жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің идеялары
мен қағидаларын саралаумен тығыз байланысты. Дамушы мемлекеттер жаңа халықаралық экономикалық
тәртіптің мақсаттарын мынадай етіп айқындады:
Мемлекеттердің өз табиғи ресурстарына толық және тұрақты тәуелсіздік етуі, дербес тереңдік, экономикалық және әлеуметтік жүйелерді таңдау еркіндігі және кемсәтушілікке жол бермеу сияқты қағидаларды жүзеге асыру
Дамушы мемлекеттерге халықаралық шешімдер қабылдау процесіне әділ рөл беруді қамтамасыз ету;
Осы елдердің әлемдік нарықтағы экономикалық өзара байланыстың нақты салаларындағы талаптарын қанағаттандыру.
Слайд 11ЖХЭТ – тің қағидалары мен нормалары халықаралық құқықтың құрамдас бөлігі
болуы тиіс. Мұндай экономикалық тәртіпті орнату халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының
халықаралық экономикалық қатынатар саласына таралатынын білдіреді.
Слайд 12 Халықаралық экономикалық құқықтың негізгі қайнар көздері халықаралық шарт пен халықаралық
дәстүр.
Экономикалық қатынас саласындағы барлық халықаралық шарттарды нормативтік мазмұны маңызды
экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған саяси шарттарға, жіне тура мағынасындағы – экономикалық проблемаларға арналған халықаралық ұйымларлың құрылтай құжаттарына , сондай-ақ халықаралық экономикалық ұйымдардың жарғыларына бөлуге болады.
Слайд 13 Халықаралық экономикалық шарттардың бірінші санатына мемлекеттер арасында жасалатын
достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы саяси шарттар , сондай-ақ
өзарақатынастар негізі жөніндегі басқа да түрлі шарттар, ынтымақтастық қағидалары туралы шарттар жатады. Мысал, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында жасалған достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 ж шарттың 16-22- баптарында мемлекеттердің экономикалық саясаттағы міндеттері ескерілген.
Слайд 14 Екінші санатқа мемлекетаралық экономикалық қатынастар саласының түрлі аспектілерін реттейтін екіжақты
және көпжақты шарттар жатады. Ол туралы “Халықаралық экономикалық шарттар” деп
аталатын 16,3- тармақта егжей-тегжейлі айтлған.
Слайд 15 Халықаралық дәстүр халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көзі ретінде көбіне мемлекеттердің
сауда тәжірибесінде, теңіз сауда жүзуінде кездеседі.
Құқықтың қосалқы қайнар көздері ,
атап айтқанда, халықаралық экономикалық ұйымдардың қарарлары мен ұсыныстары халықаралық экономикалық құқықтың қалыптасуына үлкен рөлге ие .