Слайд 1Халықтың ақуыздың тамақтану проблемасының гигиеналық аспектілері
Слайд 2Мақсаты: Студенттерді ақуыздың тағамдық және биологиялық құндылығымен, ақуыз жетіспеушілігімен және
ақуыздың физиологиялық нормасымен таныстыру
Слайд 3Әрбір тірі ағза, әрбір ұлпа құрамына ақуыз кіреді. Ақуызсыз өмір
сүру мүмкін емес. Ағза ақуызды қайдан алады және біздің ағамызда
ақуыз қандай тағамдық ақуыздан түзіледі?
Слайд 4Адам тағамның құрамына ақуыздың негізгі көздері болып табылатын жануар және
өсімдік текті әртүрлі азық – түліктер кіреді. Ет, жұмыртқа, сүт
және сүт өнімдерінің ақуыздары белгілі. Бұл жануар текті ақуыздар: олар ағза үшін өте пайдалы болып есептеледі, былайша айтқанда сары ақуыздар. Жарма, қан, көкөністер, картофель және басқа да өсімдік өнімдерінде адам тамағы үшін үлкен маңызы бар ақуыздар бар.
Слайд 5
Ақуыздар – күрделі заттар; олардың майлар мен көмірсудан айырмашылығы, оның
құрамында азот бар. Басқа ешқандай да зат оның орнын баса
алмайды.
Слайд 6Аминқышқылдар адам мен жануар тіндері мен мүшелерінен ақуыз құралатын бастапқы
материал болып табылады. Барлық аминқышқылдар көміртегі, азот, сутегі, оттегінен тұрады,
қазіргі уақытта құрамында күкірті бар аминқышқылдар белгілі.
Слайд 7Біздің ғалымдарымыздың жұмыстарының арқасында, қандай аминқышқылдар және қандай мөлшерде түрлі
тағамдық өнімдердің ақуызының құрамында, мұнан басқа адам денесіндегі мүшелер мен
әртүрлі тіндерінің ақуызының құрамына кіретіні белгілі болды. Өсіп келе жатқан ағза үшін, әсіресе емізулі бала мен кішкентай жастағы бала үшін, аса құнды бұл – сүт, оның ішінде ақуыздар. Ақуызды ешқандай да қоректендіргіш қоспаларымен алмастыруға болмайды, өйткені баланың өсуі мен дамуы тағамдық заттардың қажетті көзі болып табылатын сүт болғанда ғана дұрыс қалыптасады.
Слайд 8Сүт ақуыздары нәрлілігінің ересек адам ағзасы үшін де үлкен маңызы
бар, өйткені тағам құрамына аз мөлшерде болса да өсімдік және
жануар текті өнімдердің ақуыздары, мәселен, ет, нан, жарма, көкөністер кіреді.
Слайд 9Жармалардың ақуыздары аминқышқыл-дарының мөлшері жөнінен біздің ағзамыздағы ақуыздан айырмашылығы бар,
алайда, оларды басқа өнімдермен, әсіресе жануар текті өнімдермен біріктіре отырып,
адам ағзасының ақуызына ұқсас ақуыз қоспасын алуға болады.
Слайд 10Мысалы, қарақұмық жармасында ағза үшін маңызды аминқышқылдары бар ақуыз аз,
бірақ қарақұмық ботқасын сүтпен қосып қабылдағанда бұл жетіспеушілік толығады. Тары
ақуызында да ұлпа аминқышқылдары аз, бірақ адамның тағамдық рационында басқа да өнімдер – ет, картофель және т.б. болатын болса, нәтижесінде ағзаның қажеттілігін қанағаттандыратын ақуыздарды алады. Мұнан шығаратын қорытынды: неғұрлым адамның қорегі алуан түрлі болса, соғұрлым тағаммен бірге жоғары сапалы ақуызды алады.
Слайд 11Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, баланың өсуі мен дамуы, оның ағзасының қажеттілігін
қанағаттандыратын қажетті мөлшердегі ақуыз алған жағдайда ғана дұрыс қалыптасады: мөлшері
жас шамасына байланысты әр қилы емізулі бала тәулігіне 1 кг салмаққа 5г шамасында ақуыз алуы тиіс, 1 жастан 3 жасқа дейінгі бала – 3,8 – 4г. 3 жастан 8 жасқа дейін – 3 – 3,5г. шамасында, ал оқушылар 1 кг. салмағына 2-ден 3 гр-ға дейін ақуыз алуы тиіс.
Слайд 12Тағамда ақуыздың жеткіліксіз мөлшерде түсуі баланың жалпы физикалық дамуы мен
өсуін тоқтатады. Алайда, ақуыздың артық мөлшерде болуы өсу мен дамуды
болдырмайды, керісінше, оларды қиындатады. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар 1кг салмаққа 4г ақуыздан жоғары мөлшерде қабылдағанда, керісінше асқа тәбетінің төмендегені байқалады, осының нәтижесінде ағзадағы ақуыз мөлшері аз жиналды.
Слайд 13Бұл байқаулар, дамушы ағза үшін қолайландырылған ақуыздың тамақтану жағдайының бар
екенін көрсетті, нәтижесінде бала ағзасы тез дамиды.
Ағза үшін ақуыздың маңызы,
тағамда ақуыздың ұзақ жетіспеуі әсерінен болатын өзгерістерді зерттеу кезінде де қарастырылған. Мұндай зерттеулер зертханалық жануарларға – ақ тышқандарға жүргізіледі.
Слайд 14Егер ақуыз осы жануарлардың тәуліктік рациондағы калориясының жалпы санының 18
пайызын құрайтын болса, оның олардың өсуі мен дамуы бірқалыпты жүреді.
9 пайыз көлеміне жетіспейтін ақуыздың орнын сәйкестендірілген майлар, көмірсулармен толықтырса, жануардың өсуі тез бәсеңдейді, ал 3 пайыз ақуыз болғанда өсуі тоқтайды да бастапқылармен салыстырғанда жануарлардың салмағы төмендейді, жыныстық дамуы да тоқтайды, бауырда, қалқанша безінде де өзгерістер байқалады. Жануарларды 18 пайыз қалыпты қорекке өткізгенде ағза біртіндеп қалпына келе бастайды, жануарлар салмақ қосады, бірақ өсуі қалыстайды.
Слайд 15Жоғары сапалы ақуыздық өнімдер қатарына сүт, жұмыртқа және ет жатады,
өкінішке орай, май үлесі өте жоғары, сондықтан да, майдың аз
мөлшерін қабылдау кезінде де калорияның артық қабылдануын шектеу қажет екенін есте сақтау қажет.
Слайд 16Ақуыздық өнімдер: майсыз сыр, майынан ажыратылған ірімшік, жаңадан ауланған балық
пен теңіз өнімдері, майсыз бұзау еті, жас қозы еті, тауық,
соя еті, соя сүті немесе соя сыры.
Қажетті өнімдер: тауықтың қара еті, үй ірімшігі, қызыл ет (кесінді), өңделген ет, бекон, салями, жеңіл тұздалған жас шошқаның еті. Шошқаның сүрленген майы, сүт, қант қосылған йогурт.
Слайд 17
Есте сақтаңыздар:
Ақуыз – біздің тәуліктік рационымыздың маңызды құрамы.
Біздің рационымызда ақуыз
жеткілікті деп, көпшілігі қателеседі. Қазақстанда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, рационда құнды
ақуыз жеткіліксіз.
Слайд 18Көптеген диеталар көкөністік, жеміс – жидектік ақуыз жетіспейді. Ақуыз жетіспеушілігімен
оларды пайдаланудың қажеті жоқ.
Әр диетаны ұстанар алдында ақуыз мөлшерін талдауды
өзіңізге заңдылық етіп қойыңыз. 20 ғасырдың 70-ші жылдары калориясы төмен ұзақ уақыт ақуыз жетіспейтін диетадан жүрек бұлшық еті қызметінің бұзылуына байланысты бірнеше өлім жағдайлары тіркелген.
Слайд 19Калориясы төмен диеталарда тағамда ақуыз мөлшері жеткілікті, керек десеңіз біршама
қорының болуы да маңызды. Бұл тағамда көмірсулар жеткіліксіз болған жағдайда,
ақуыздардың энергетикалық алмасуға жұмсалуымен байланысты.
Қарсы жағдайда, пластикалық мақсаттарда қолданылатын ақуыз жетіспеушілігіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Слайд 20Студенттер үшін ақуызға қажеттілік мөлшері: ерлер үшін тәулігіне 113г., оның
ішінде 68г жануарлар ақуызы және әйелдер үшін 96 гр., оның
ішінде 58г. жануар ақуызы.
Қорытынды сұрақтары:
1. Адам ағзасында ақуыздар қандай рөл атқарады?
2. Аминқышқылдары және
олардың тамақтанудағы маңызы қандай?
3. Ақуызға деген ағза қажеттілігі қандай факторларға байланысты?
4. Ақуыздың физиологиялық нормалары қандай факторларға байланысты?
5. Ақуыз жетіспеушілігі қандай өзгерістерге әкеліп соқтырады?
6. Ақуыздарға бай қандай өнімдерді білесіз?