Разделы презентаций


Импорттық жүктерді қоймаларда тексеру

Содержание

Мақсаты:Карантинге жатқызылған материалдарды сараптауды үйренуМіндеті: Импорттық жүйелерді қоймаларда тексеруді үйрету

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Импорттық жүктерді қоймаларда тексеру.

Импорттық жүктерді қоймаларда тексеру.

Слайд 2Мақсаты:Карантинге жатқызылған материалдарды сараптауды үйрену
Міндеті: Импорттық жүйелерді қоймаларда тексеруді үйрету

Мақсаты:Карантинге жатқызылған материалдарды сараптауды үйренуМіндеті: Импорттық жүйелерді қоймаларда тексеруді үйрету

Слайд 3Жоспар
1. Жүкті қоймада тексеру
2. Шекаралық қоймалар жағдайында егжей-тегжейлі карантиндік тексеру
3.

Сырттай тексеру

Жоспар1. Жүкті қоймада тексеру2. Шекаралық қоймалар жағдайында егжей-тегжейлі карантиндік тексеру3. Сырттай тексеру

Слайд 4Карантиндік нұсқаушы шет елден келген кемені, ұшақты немесе темір жол

тауар вагондарын қарап болып, әкелінген жүктің карантиндік тұрғыда қауіп төндірмейтініне

көз жеткізген соң ол оны жағажай немесе темір жол қоймаларына түсіруге рұқсат етеді. Содан кейін жүкті қоймада тексеруге кіріседі.

Карантиндік нұсқаушы шет елден келген кемені, ұшақты немесе темір жол тауар вагондарын қарап болып, әкелінген жүктің карантиндік

Слайд 5Шекаралық қоймалар жағдайында егжей-тегжейлі карантиндік тексеруге карантинге жатқызылған импорттық жүктердің

көп бөлігі жатады. Тек кейбір жүктер (иіру-талшықты дақылдар талшығы, тері)

әкелу бекеттерінде сырттай ғана тексеруден өтеді. Нақты зақымдалмаса олар, карантиндік сақтық сақтау және барған бекетінде егжей-тегжейлі тексеруден өту шарттарымен, ел ішіне жөнелтіледі.

Шекаралық қоймалар жағдайында егжей-тегжейлі карантиндік тексеруге карантинге жатқызылған импорттық жүктердің көп бөлігі жатады. Тек кейбір жүктер (иіру-талшықты

Слайд 6
Қоймада кез-келген жүктің әрбір бөлігі бәрінен бұрын тағы

бір рет сырттай тексеріледі. Сөйтіп буып-түю материалдарының үстінен тірі және

өлі бунақденелілер (қоңыздар мен олардың дернәсілдері, қуыршақтары, жұлдызқұрттары, көбелектері т.б.) ізделіп, жиналады. Өйткені түсіргенге дейін жәшіктердің немесе қаптардың біразы тексерілуі қиын төменгі қабаттарда болған. Ашылған қабаттар, кенеп қатпарлары, қабаттарда қаптар бірін-бірі басып жатқан орындар, жәшік тақтайларының аралығындағы саңылаулар қайтадан қаралады.
Қоймада кез-келген жүктің әрбір бөлігі бәрінен бұрын тағы бір рет сырттай тексеріледі. Сөйтіп буып-түю материалдарының

Слайд 7 Қараған кезде тірі бунақденелілер жиі табылатын орындарға –

бунақденелілерді тым жарық та, өкпек жел де, шу мен адамның

жүріс-тұрысы да мазаламайтын, қабаттардың көлеңке жағындағы қабырғаға қаратылған тұстарына баса назар аударылады. Мұндайда қалта шамы пайдаланылады. Сондай-ақ қабаттар айналасындағы және қойма қабырғасына жақын тұстағы еден де қаралады

Қараған кезде тірі бунақденелілер жиі табылатын орындарға – бунақденелілерді тым жарық та, өкпек жел де,

Слайд 8Жүктен шыққан ұшу кезеңіндегі зиянкестер қонып отыратын терезеге де көңіл

аудару керек.
Қатпарларына әдетте зиянкестер дернәсілдері жиналатын, жүк арасында кездейсоқ қалып

кеткен сепарациялық қағаздар жапырақтарында зиянкестердің бар-жоқтығына көз жеткізіледі. Қатарлардың үстіңгі жағындғы кейбір қаптар мен жәшіктер аударылып, орын ауыстырылады және олардың астындағы ашылған орынды қалта шамымен жарық түсіре отырып бірден қарайды. Өйткені, әдетте, мұнда да зиянкестер жиналады.

Жүктен шыққан ұшу кезеңіндегі зиянкестер қонып отыратын терезеге де көңіл аудару керек.Қатпарларына әдетте зиянкестер дернәсілдері жиналатын, жүк

Слайд 9Жүкті сырттай қарап, бунақденелілерді жинап болған соң нұсқаушы зертханалық сараптама

үшін үлгілер іріктейді. Егер үсті жабылған орындарды тексерген кезде зиянкестер

табылмаса, бірақ жүктің карантиндік немесе басқа да Қазақстанда тіркелмеген қауіпті зиянкестермен зақымдалуы мүмкін деген қауіп (болжам) туындаса, жүк егжей-тегжейлі тексеріледі. Оны жүктің әр түрлілігіне қарай әр түрлі жүргізеді (үлгі де солай ірктеледі).

Жүкті сырттай қарап, бунақденелілерді жинап болған соң нұсқаушы зертханалық сараптама үшін үлгілер іріктейді. Егер үсті жабылған орындарды

Слайд 11Жәшікке салынған балғын жемісерді (шырын жемісті дақылдар өнімі, алма, алмұрт,

беке) қараған кезде кейбір жәшіктегі өнімдер іріктейтін стол-астауға төгіледі.
Қапқа салынған

күріш, жаңғақ (жержаңғақ, бадам т.б.), дәмдеуіштер, какао бұршақтары, кофе, үрмебұршақ, қытайбұршақ және басқа да астық-бұршақ дақылдарының тұқымы, кокос жаңғағы, пальма жаңғағы, күнжүт тұқымы, сондай-ақ кепкен жемістер (кепкен алма, алмұрт, шабдалы) тәрізді әдетте шет елдерден кендір немесе қағаз крафт қаптармен келетін үлкен тауар партиясы іріктеп алынған кейбір қап ішіндегі өнімдері бөлініп-бөлініп немесе түгел қаралады. Ол үшін мына тексеру әдістерінің бірі пайдала­нылады.
Жәшікке салынған балғын жемісерді (шырын жемісті дақылдар өнімі, алма, алмұрт, беке) қараған кезде кейбір жәшіктегі өнімдер іріктейтін

Слайд 13
Ол үшін мына тексеру әдістерінің бірі пайдала­нылады.
1.Қатарлардың әр жерінен бірнеше

қап (жүктің әрбір вагондық партиясынан 10–12) түсіріліп, тікесінен тік қойылады

да бүкіл бүйір тігісі сөгітіледі. Өнімнің ашылған жағы мұқият қаралады, табылған тірі бунақденелілер жиналады, сондай-ақ бүлінген, зақымдалған-ау деп күдік туғызған немесе анық зақымдалған тұқым, дән, бұршақ т.б. іріктеліп алынады. Әрбір ашылған қаптың тек беткі қабаты ғана емес, оның тереңірек қабаты да, өнімін қол сұғып алып шығып қаралады. Зертханалық сараптама үшін орташа үлгі іріктелген тұқымнан не дәннен, сондай-ақ пробиркаға (шыны түтікке) жиналған бунақденелілерден тұрады.

Ол үшін мына тексеру әдістерінің бірі пайдала­нылады.1.Қатарлардың әр жерінен бірнеше қап (жүктің әрбір вагондық партиясынан 10–12) түсіріліп,

Слайд 152.Егер жарылған бір немесе бірнеше қапта зиянкестердің анық зақымдағаны байқалса,

іріктеліп алынған қап ішіндегі барлық өнім төселген брезент, орайтын қағаз

орамының немесе фанера үстіне төгіледі де, дереу үйме шеттері қаралады. Өйткені оларда зиянкестердің болуы әбден мүмкін. Содан кейін үймеде тірі бунақденелілер бар ма, жоқ па, соны тексереді. Бос қапты теріс айналдырып, тігістерін, бұрыш-бұрышын мұқият қарайды. Содан кейін төгілген өнімді егжей-тегжейлі тексеруге кіріседі. Сырты кемірілген, қабығының саңылауы, жарығы, жарылғаны, өрмекшінің желімдегені немесе бекіткені, зиянкестердің анық зақымдағаны не сондай күдігі бар дән, жаңғақ, бұршақтар іріктеліп алынады. Сондай-ақ барлық көзге түскен тірі қоңыздар, дернәсілдер, қуыршақтар, жұлдызқұрттар және өлген бунақденелілер, тіпті олардың кейбір мүшелері (үстіңгі қанаты, аяқтары, бастары т.б.) жиналады.

2.Егер жарылған бір немесе бірнеше қапта зиянкестердің анық зақымдағаны байқалса, іріктеліп алынған қап ішіндегі барлық өнім төселген

Слайд 17Төгілген өнім қаралып болған соң қалақпен немесе күрекпен қапқа салынады.

Бірақ жармаланған бөліктеріне, өсімдік қалдықтары мен ұсақ қоқыстарына тиіспеуге тырысу

керек. Түп қалдықтары деп аталатын оларды шағын қалақшамен бөлек қалтаға салып, жапсырма жапсырады да материалдарды тексерген кезде іріктелген үлгіге қосады. Қалдықта әдетте көзден таса болған тірі және өлі бунақденелілер, ұсақ дернәсілдер, зақымдалған дән бөліктері, пілләлар, дернәсіл терілері, өлі бунақденелілер денесінің кейбір мүшелері, сондай-ақ түрлі дернәсілдер нәжістері өте көп болады. Міне, осыларға қарап жүктің зақымдалғаны жайлы пікір айтуға және зиякес түрін анықтауға мүмкіндік туады.

Төгілген өнім қаралып болған соң қалақпен немесе күрекпен қапқа салынады. Бірақ жармаланған бөліктеріне, өсімдік қалдықтары мен ұсақ

Слайд 18Әдебиеттер
1.А.О.Сагитов, В.Е.Камбулин, Е.А.Бадаев, А.С. Динасилов Карантин растений.-«Айтұмар», 2013.326 с.


2.А.О.Сагитов,В.Е.Камбулин,Е.А.Бадаев, С.Б.Бойко, А.А.Джаймурзина А.А., и др. Алматы, 2008, 388с.

Әдебиеттер 1.А.О.Сагитов, В.Е.Камбулин, Е.А.Бадаев, А.С. Динасилов Карантин растений.-«Айтұмар», 2013.326 с. 2.А.О.Сагитов,В.Е.Камбулин,Е.А.Бадаев, С.Б.Бойко, А.А.Джаймурзина А.А., и др. Алматы,

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика