Разделы презентаций


Интеллектуалдық менш i к құқығының объект i лер i

. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың пайда болу негiздерi . Айрықша құқық және меншiк құқығы  Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi
 1) интеллектуалдық шығармашылық

қызметтiң нәтижелерi;
      2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет

көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
      2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
      1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
      2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
      3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
      4) селекциялық жетiстiктер;
      5) интегралдық микросызба топологиялары;
      6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
      7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген
      реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.
      3. Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:
      1) фирмалық атаулар;
      2) тауарлық белгiлер

Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi      1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;      2)

Слайд 2. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың пайда болу негiздерi

. Айрықша құқық

және меншiк құқығы

 Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен

не осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.

      Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.

. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың пайда болу негiздерi . Айрықша құқық және меншiк құқығы  Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне

Слайд 3  Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар
   

1. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке

мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады.
      Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады.
      2. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады.
      3. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.

 Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар     1. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің

Слайд 4      Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды.
     

Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның бiрлескен авторлығымен

жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн.

        Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды.        Егер нәтиже екi

Слайд 5

Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне айрықша құқықтар

      1. Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.
2. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықты иеленуші, егер ол осы Кодекстің және өзге де заң актілерінің ережелеріне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы.
      3. Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi.


Слайд 6

Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысуы

1. Егер осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, зияткерлік меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның – құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.
      Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге де мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асырылуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары маңызсыз болады.
      2. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады


Слайд 7

Лицензиялық шарт
 1. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық

шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленушi тарап (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
      Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.
 Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады.
      3. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы.
      Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады.


Слайд 8 Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасау және пайдалану туралы шарт
1. Автор

шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң өзге де

нәтижесiн жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзiне мiндеттеме алуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шарт интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң жасалуға тиiстi нәтижесiнiң сипатын, сондай ақ оның пайдаланудың мақсаттарын не әдістерін белгілеуге тиiс.
      3. Шарттың белгiлi бiр түрдегi не белгiлi бiр саладағы зияткерлік шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасауға автордың құқығын шектейтiн талаптары маңызсыз болады.

 Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасау және пайдалану туралы шарт 1. Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық

Слайд 9Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi
1. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық осы

Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген мерзiм iшiнде қолданылады.
     

Заң актiлерiнде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуі мүмкін.
      2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жеке мүліктік емес құқық мерзімсіз қолданылады.
      3. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгiлi бiр уақыт iшiнде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкiн.

Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi 1. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде

Слайд 10Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi
 1. Айрықша құқықтарды қорғау осы Кодекстiң 9-бабында

көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау:
      1) пайдалану арқылы

айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою;
      2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен;
      3) заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
      2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады

Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi  1. Айрықша құқықтарды қорғау осы Кодекстiң 9-бабында көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика