Слайд 2Өмірбаяны
Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы"
деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен.
И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы.
Слайд 31808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына
кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді
Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды.
Слайд 4Қызметі
Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің
көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар
адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді.
Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді.
Хан Бөкей Исатайдың басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын береді . Осылайша жасынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, өжет, қара қылды қақжаратын әділ Исатай 21 жасында Беріш руының старшинасы болып ел басқарады, Ордадағы беделді адамдардың біріне айналады.
Слайд 6Хан тапсырмасымен ол Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін Сарайшықта қарсы
алып, Астраханьға дейін қасына ереді. Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал
Генстің Ішкі Ордаға келген сапарында оның қасында болады.
Алайда, жас та болса, бас болған Исатайды көре алмаушылар көбейетүседі. Солардың жапқан жаласынан И.Тайманұлы 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалады. Беріштің биі Жүзбатыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрмеден босатып алады. Ішкі Ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын әшкерелеймін деп жүріп, Исатай 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орынбор түрмесіне жабылады. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлелденбей, ол босатылады.
Слайд 7Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі
Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі 19-ғасырдың 30-жылдарының орта
кезінде одан әрі шиеленісе түседі. Оған себеп болған жағдай -
1833 жылы маусым айында Жәңгір ханның осыған дейін И.Тайманұлы басқарып келген Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол 5 аралды қайынатасы Қарауылқожа Бабажановтың билігіне беріп, Исатайды қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге аударуы еді. Жәңгір ханның және басқа да феодалдардың халыққа жасап отырған қысымшылығы туралы И.Тайманұлы бастаған бір топ старшиналар Орынбордағы Шекара комиссиясына, тіпті губернатордың өзіне талай рет арыздар да жазады. Бірақ, одан ешқандай да қорытынды шықпайды
Слайд 91836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс
Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден
айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден
шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл - 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді.
Слайд 13Көтерілістің басы
Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800
адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып
табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды.
1836 жылғы маусымның соңы мен шілде айының басында И. Тайманұлы бастаған шағын топ ханға халық талабын жеткізу үшін Тасобадан Жасқұсқа аттанады. Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген Жәңгір хан Астрахань әскери губернаторынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақсатында Исатайлардың талаптарын білу үшін оларға өзінің сенімді адамын жібереді.
Слайд 14Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың
үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін
қайтады.
1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделген азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М.Шөкиннің ханға "Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика",-деп жазған мезгіл осы кез болуы керек.
1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкиннің ауылдарын шауып, хан ордасы - Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды.
Слайд 16Шешуші ұрыс
Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500
сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген
жерде болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстыңтағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады.
Слайд 17Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500 сарбаздарының
арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде
болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстыңтағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады. Осы ұрыстағы көтерілісшілердің ерлігіне подполковник Гекенің өзі де қайран қалады. Ол Орынбордағы әскери губернаторға "Исатайлардың өздері мен жанұясын қорғаймын деп шамадан тыс ерлікке, зеңбірекке қарсы шабуылға баруы, олардың соншама ашынғандықтарын көрсетеді",-деп жазған.
Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. "Оны өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі",- деп жарияланады. Егер С.Разин, Е.Пугачев сияқты шаруалар соғысының көсемдерін қиын-қыстау кезеңде қасындағы "жолдастары" патша өкіметіне ұстап берген болса, басына қаншама ақша тігілсе де ешкім Исатайды жазалаушылар қолына ұстап бермейді.
Слайд 19Исатайдың қаза табуы
Баймағанбет сұлтан әдейілеп жіберген Балта деген алдаушының сөзіне
сеніп қалған аңғал Исатай батыр қасына 500 сарбаз алып, сұлтан
Б.Айшуақовтың ауылын шаппақшы болып, негізгі қолдан бөлініп шығады. Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқаста Исатай батыр бастаған көтерілісшілер асқан ерлік көрсетеді. Алайда, мұнда да Тастөбедегі сияқты ұрыс тағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбірек оғы түскен жерлерден атты сарбаздар бытырай қашады. Исатайдың атына да оқ тиіп, ол казактармен жаяу шайқасады. Махамбет пен Үбі Исатайға өз аттарын тосса да, "ат артына мінгесіп, елге күлкі болғанымнан өлгенім артық, одан да балаларымды сақтаңдар, өздерің қашып құтылыңдар", - деп оларды ілгері жібереді. Ақбұлақ өзенінің жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай батыр да, оның 16 жасар ұлы Оспан да қаза табады.
Слайд 20Көтеріліс жеңіліске ұшырады
Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған
аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін
бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан өкіметі мен сұлтандар, патша үкіметінің жақсы қаруланған, арнайы дайындықтан өткен әскерлері қарсы тұрды. Көтерілісшілер Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде К.Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыспен байланыс жасап үлгермеді. Көтерілісшілердің қарау-жарағы да мейлінше нашар болды. Нақты бағдарламаның болжамауы ұйымшылдықтың жетіспеуі де жеңіліс себептерінің бірі болды.
И.Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді.
Слайд 21Исатай туралы
Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі
қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына
дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана "өлгенінше көпті соңына ерте алды" (Х.Досмұхамедов). "Тып-тыныш әлемде,-деп жазды орыс журналисі Н.Савичев, -қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай". Қазақ кедейлерінінң көсемі И.Тайманұлының есімі - мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Атырау қаласындағы орта мектепке, Миялы селосындағы орта мектепке, Жұмыскер селосындағы орталау мектепке батырдың есімі берілген.