Слайд 2Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алда мамандық
таңдауда дұрыс бағдар беру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай білуге үйрету.
Оқушыны өзінің
қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету.
Слайд 3«Армандар» жаттығуы
Барлық қатысушы дөңгелене отырып,
3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады.
Өз алдына қойған мақсаттарына көңіл аудара отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі.
Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дем ала көздерін ашады.
Слайд 4Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
бейнебаян
Слайд 5«Мамандық» сөзіне анықтама:
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс,
мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын
және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз
Слайд 6
Жағдаяттық көрініс
Мектеп бітіруші қыздардың әңгімесі
Дос қыздар мамандық таңдау туралы пікірлесіп
тұр.
1- қыз: Мен кім болатынымды дәл айта алмаймын. Мұғалім бола алмаймын,
себебі жүйкемді тоздырады. Химия өндірісіне де бармаймын, себебі онда улы заттарды ұстасам, денсаулығыма зиян келеді. Ал фабрикада бірсарынды жұмыстан роботқа айналып кетемін. Менің таңдаған мамандығым денсаулығыма зиян келмейтін және қызық болуы керек. Мамандығым жануарлармен байланысты, жолда көп жүретінболса екен деп ойлаймын.
2- қыз: онда сенің циркте жұмыс жұмыс істеуің керек.
1- қыз: оған дарын керек қой, ойланып көрейін. Өзің қандай мамндықты таңдағалы жатырсың?
2- қыз: Маған қандай мамандық болса да бәрібір, тек жалақысы көпмболса болды.
1- қыз: Сонда қалай? Қабілетің болмағаннан айлығын ойлайсың ба?
2- қыз: Аз айлықпен күн көру қиын ғой.
Студенттердің әңгімесі
Студент қыздар өзара әңгімелесіп тұр.
1-қыз: Балаларға дәріні байқап беру керек. Сәл қателессең, баланы уландырып аласың. Өзім де бір рет уланып қала жаздадым. Ішің ауырса левомицин, басың ауырса аналгин, ал ыстығың көтерілсе аспирин ішесің.
2- қыз: Сенімен сөйлесу қиын екен. Тек латынша айтасың.
1- қыз: Соны оқып жатырмын ғой.
2- қыз: Аружан, сен неге тіс дәрігері мамандығын таңдадың?
1-қыз: Айғаным, соны қалаған соң мен де бара салдым.
2-қыз: Ұнай ма?
1- қыз: Жай, біршама. Керек емес пәндерді көп оқытады екен. Айтшы, тіс дәрігеріне ағылшын тілінің не қажеті бар? Менің медколледжге ауысқым келеді. Тіс технигі болсам деймін.
2-қыз: Университеттен колледжге ауыспақшысың ба?
1-қыз: Көп оқығым келмейді. Емханада іс-тәжірибеде болған кезде техник дәрігерден гөрі көп ақша табатынын байқадым.
Екі көрініс бойынша сұрақ
(Үш топтың да пікірі тыңдалады)
1. Қыздардың мамандық таңдауға дәлел- себебі қандай?
2. Мамандық таңдаудағы екі көзқарасты салыстырыңыздар.
3. Осы қыздардың орындарында болсаңдар, қалай жауап берер едіңіздер?
Мамандық дегеніміз не?
Слайд 7
Мамандық дегеніміз не?
- Білім
алу
- Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс- әрекет
түрі.
- Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, белгілі бір іскерліктердің болуы.
Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Слайд 8Мамандық таңдау
факторлары
Отбасы
Мұғалім
Қабілеті
Беделі
Оқудың немесе
жұмыстың жақын
жерде орналасуы
Сыртқы бейнесінің
сырттай
ұнауы
Досымен бірге
Оқиғаның
әсер етуі
Тәжірибенің
болуы
Экономикалық
фактор
Слайд 9Маманыдықтың беделі
Жалақы
Қызығушылық
Еңбек жағдайы
Біліктілікті арттыру мақсатындағы оқу
Ата-аналардың ынта-ықыласы мен өзге адамдардың
ақыл-кеңесі
Жұмыспен қамтамасыз етілу мүмкіндігі
Мамандық таңдау параметрлері
Слайд 10Е.А.Климов мамандықтарды негізгі мынадай салаларға бөліп жіктеген
www.themegallery.com
Адам-
техника
Адам-
адам
Адам-
табиғат
Адам-
Белгілі
жүйесі
Ағаш шебері,
Инженер- механик,
сәулетші, компьютер құраушы
Дәрігер, мұғалім, психолог, шаштаразш, менеджер, экскурсия жетекшісі
Тұқым өсіруші
Агроном,
Зоотехник
Мал
өсіруші
Аудармашы,
Сызушы
Инженер
Топограф
бағдарламашы
“Адам-көркем образ”-әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қалаушы, әдеби қызметкер
Слайд 13Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп,
солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге
деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.
Слайд 14Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы
сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып
жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалада өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !
Слайд 15 Сұрақ
1. Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі
бола аламын ба?
2. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай
болады деп ойлайсыздар?
Слайд 16«Қол мидың жалғасы».
Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек
ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О
нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Слайд 17Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында
сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ
саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
Қағазға алаұандарының суретін салып, сызып өздеріне тиесілі мінездемені тыңдайды,қорытынды шығарады
Мамандық таңдаудағы
қиындықтар мен қателіктер:
1.Бірден жоғары біліктілікті мамандыққа
бағыт беру;
2.Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау
3. Мамандыққа бағыт-бағдар берушіге ауып кету;
4.Мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі;
5.Өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білу.
1. Қызығушылық қалай пайда болады?
Қызуғышылық –
Сол мамандықты ұнату
- Ата- ана мамандығына еліктеу
- Өмірге көзқарасының болуы
2. Бейімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
Бейімділік - ата- ана жолын қууы
- орындау икемділігі
- мамандықты игеруге құштарлық
3. Қабілет деген не?
Қабілет - туа біткен талант
- Өзіндік ізденіс
-үйренуге талпыну
Слайд 20Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:
Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын,
шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың
кез келген мамандықта қажеті болары сөзсіз !
Слайд 21Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды
жасауға болмайды.
Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ.
Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.
«Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жансақ қорытынды жасауға болмайды.
Слайд 22Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс
істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін.
Мүмкіндігінше өзің таңдаған
мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін - келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.
Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл- кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
Слайд 23Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа
мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың
болуы қажет.
Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой- ниетің салмақтана түспек.
Слайд 24Қазіргі заманда жоғары білімі бар
маманға қандай талаптар қойылады?
Компьютерді білу
Бірнеше
тілді , ағылшын тілін білу
Адамдармен қарым – қатынас жасай білу
Өз
тауарын, қызметін өткізе білу
Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау
Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік
Слайд 25
«Ең жақсы» ойыны
Ең ақшасы көп
- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл
- эколог, географ,
бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті
- аспазшы, кондитер.
Ең жауапты
- сот, бухгалтер.
Ең салмақты
-
мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті
– бизнесмен
Слайд 26Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты
да жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ
көңіл, адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін!