Слайд 1Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы
Қазақстан Республикасында банктердің
классификациясы.
Банк қызметтерінің «коммерциялық сипатының» арта түсуі.
Коммерциялық банктердің қызмет ету
ерекшеліктері, оларды рекапитализациялау сипаты.
Слайд 2Банк - бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз
атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.
Банктің
негізгі тағайындауы - ақшалай қаражатгы несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.
Слайд 3Қаржылық тәуекелдіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады.
Банк қызметіне
борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы) айырбастау тән.
Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т.б. Орналастырады
Банктер занды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа жәпе салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндетгемені қабылдайды.
Слайд 4Коммерциялық банк қызметінің принциптері.
Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу.
Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын
толық экономикалық дербестік.
Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.
Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық (әкімшілік әдісімен емес) әдістермен реттеледі.
Слайд 5Коммерциялық банктердің функциялары.
Несиедегі делдалдық.
Шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру.
Жекелеген дербес субъектілердің арасындағы төлемдерде
делдал болу.
Құнды қағаздармен жүзеге асырылатын операцияларда делдал болу.
Слайд 6Әрбір банк өзінің өзіндік ерекшелігі бар өкілдерді өндіреді әрі оздеріне
міндетті басқарудың нақты блоктар жиынына ие болады. Бұлар:
Банк кеңесі.
Басқарма.
Басқарудың жалпы
мәселелері бойынша банк бөлімшесі.
Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша банктің бөлімшесі.
Слайд 7Банктің басқару аппаратының құрылымы, оның негізгі бөлімшелерінің міндеттері.
Блоктардың өзара байланысты
жұмысына негізделген банк қызметі 1-суретте көрсетілген.
1-сурет. Банктің баскару аппаратының құрылымы
Банк
кеңесі
Ревизиялық комитет
Несие комитеті
Банк басқармасы
Слайд 8Банктердің жіктелуі
Банк операцияларын орындау түріне қарай:
Әмбебап
Арнаулы
Меншік түріне қарай:
Мемлекеттік
акционерлік
Шет елдік
Бірлескен
Атқаратын қызмет ауқымына қарай:
Ірі
Орта
Ұсақ /шағын/
Слайд 9Аймақтық белгісіне қарай:
Мемлекет аралық
Мемлекеттік /республикалық/
Аймақтық
Салалық бағытына қарай:
Өндірістік
Сауда
Ауылшаруашылық
Құрылыс
Слайд 10Несие жүйесі
Банк жүйесі
Парабанк жүйесі
Орталық банк
2 деңгейлі банк
Коммерциялық банк
Арнайы несиелік
қаржылық институттар
Ломбард, Несиелік серіктестік, микрокредиттік ұйым, инвест компания, сақтандыру ұйымы
Слайд 11Банк операцияларын жоспарлауды және дамытуды басқару мына бөлімдерді қамтиды:
банктің коммерциялық
қызметін ұйымдастыру және банктің өтімділігін басқару;
клиенттің несиені өтеу қабілетін зерделеу
және экономикалық талдау;
банктің коммерциялық қызметінің негіздерін және жоспарын әзірлеу;
- маркетинг және клиентурамен байланыс.
Слайд 12Депозиттік операцияларды басқару депозиттік операция бөлімінен
және қор бөлімінен тұрады.
Несие операцияларын
басқару мынадай бөлімдерде берілген:
клиенттерді қысқа мерзімді және үзақ мерзімді несиелермен
несиелеу;
халықты несиелеу;
несиелеумен байланысты дәстүрлі емес банк операциялары.
Слайд 13Делдалдық және өзге операцияларды басқару
мына бөлімдерді қамтиды:
кепілдікті операциялар және сенімхаттар бойынша операциялар;
банктік қызмет көрсету;
- құнды
қағаздармен операциялар жүргізу.
Халықаралық банк операцияларын ұйымдастыруды басқару
несие және валюта операцияларының бөлімінен, сондай-ақ, халықаралық есеп айырысу бөлімінен тұрады.
Слайд 14Есептік-операциялық басқару мына бөлімдерді қамтиды:
операциялық;
кассалық операция;
есеп айырысу.
Банк қызметінің бөлімшелеріне мына
бөлімдер кіреді:
- әкімшілік-шаруашылық;
- заңдық;
кадр;
ЭВМ-ді енгізу және пайдалану;
тексеру бөлімі.
Слайд 15Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ҚР 1995 жылғы 30 наурыздағы
N 2155 Заңына сәйкес біздің елімізде екі деңгейлі банк жүйесі
әрекет етеді.
Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді;
Ұлттық банктің міндеттері, қызмет принциптері, құқықтық статусы және өкілеттілігі республика Президентінің «ҚР Ұлгтық банкісі туралы» занымен анықталады.
Слайд 16Заңның 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие
жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:
пруденциялык, нормативтер белгілеу;
банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
банктердін қызметін тексеру;
банктін қаржылық жағдайын сақтандыруға байланысты ұсынысптар беру;
банктерге ықпал ететін шектеу шараларын колдану;
банктерге немесе олардын лауазымды тұлгаларына санкциялар беру.
Слайд 17Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы- пруденциялық нормативтер. 2002
жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының 213 қаулысымен бекітілген
«Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыңалар жатады:
жарғылык, қордын ең төменгі мөлшері;
меншікті қаражаттардын жеткілікті коэффициенті;
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
өтімділік коэффициенті;
ашык, валюталык, позиция лимиті;
6)негізгі қорларга және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
Слайд 18Қалған банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Бұл, оның
ішінде:
Мемлекеттік банк - ҚР Үкіметінің шешімі негізінде құрылған екінші деңгейдегі
банк.
Шетелдік қатысушылармен құрылған банк - екінші деңгейдегі банк. Бұл банктің үштен бір акциясы ҚР-дың резиденті еместерінің, ҚР резиденті - занды тұлғалардың меншігінде, иелігінде немесе басқаруында болады, 50%-те көп акциясы ҚР резидент еместерінің немесе осыған ұқсас ҚР резиденті – заңды тұлғалардың, сондай-ақ, ҚР резиденті еместерінің қаражатына өкімгерлік жүргізетін ҚР резиденттерінің иелігінде, меншігінде немесе басқаруында болады .
Слайд 19Мемлекетаралық банктер. Олар халықаралық келісімшарттың негізінде немесе құрылтайшылардың
келісімі негізінде құрылып, әрекет етеді. Құрылтайшылар - ҚР
Үкіметі мен осы келісімшартқа қол койған мемлекет.
4. Банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым - банк болып табылмайтын занды тұлға. Ол Ұлттық банк берген лицензияның негізінде банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыра алады.
Слайд 20Банктер мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді, мемлекет те олардың міндеттемелеріне
жауапты болмайды.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы ҚР 1995
жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңында
Қазақстан Республикасында банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.
Слайд 21Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
заңды тұлғалардың депозиттерін
қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу
жеке тұлғалардың депозиттерін ңабылдау, банктік
шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шотарын ашу және жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдык, шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары: заңды және жекс түлғалардың ақшамы аударумен байланысты тапсырмаларын орыпдау;
Слайд 22есепке алу операциялары: заңды және жеке түлғалардың вексельдерін және өзге
борыштың міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу
және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
заңдьі және жеке түлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жургізу;
сенім (траст) операциялары: сеім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металы және бағалы қағаздарын басқару;
клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тсксеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
Слайд 23сейфтік операциялар: клиенттердІн қүжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын
және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ак жәшіктерді, шкафтарды және
бөлмелерді жалға беру;
ломбардтык операциялар: тез іске асатын бағалы қағаз-Қазакстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру және реттеу, жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
төлем карточкаларып шығару;
банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
Слайд 24төлем құжаттарын инкассога қабылдау (вексельден басқаларын);
чек кітапшаларын шығару;
бағалы қағаздар нарығындағы
клирингтік қызмет;
аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
ақшалай
формада орындалуды көздейтін банктік кепіл заттарды беру;
үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Слайд 25Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау
департаменті көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттерінің бірі - бұл банктердің
қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау.
Слайд 26Банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісі қалыптасқан
қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі
инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі -бұл банктердін қадағалау органдарына мәліметтер беру
түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.
Слайд 27Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттық негізгі
және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп
есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Слайд 28Қаржылык талдаудын мақсаты- енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық
тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің каржылық есеп
беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Слайд 29Активтердін сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне
әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және
олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мумкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырау мүмкіндігі туындайды.
Слайд 30Сонымен банктер мен әр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан қадағалаудың
қызметкерлері тоқсан сайын Статус- Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды.
Статус-Репорт-
банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.
Статус-Репортты жасау барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері «САМЕL» («САМЕL», яғни М-менеджментті қарастырмағанда, САМЕL жүйесі бойынша) компоненттері бойынша банкке рейтинг беру жуйесін қолданады.
Слайд 31Берілген баға тек қана ішкі арналымдарга ғана қолданылады және банкке
санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды.
Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша
сәйкес ұсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін Қаржылық қадағалау департаментінің басшылығына беріледі.
Слайд 32Статус-Репортта көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа да мәліметтерге мыналар
жатады:
Банк туралы жалпы мәліметтер.
Меншікті капиталының көлемі мен құрылымы.
Банктің активтері.
Банктін міндеттемелері.
Банктін
табысы мен шығысы.
Өтімділігі және ең төменгі резервтік талаптар.
Қосымша ақпараттар.
Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондай-ақ жыл соңында төрт тоқсан бойынша қорытынды жасап, жылдық Статус-Репортты жасайды.
Слайд 33Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби кызмет түрлерін жүзеге
асыра алады. Оларға мыналар жатады:
брокерлік — мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
дилерлік
— мемлекеттін және өзге де бағалы қағаздармен;
кастодиандық;
клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады
Слайд 34Инспекциялық қадағалау - банктерді орналаскан жерінде тексеру арқылы олардын жағдайлары
туралы нақты мәліметтер алуга мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Артықшылығы-
банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек -кейбір жағдайда бірнеше жылда бір рет жүргізіледі, сондықтан банктін жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау қызметін жасай алмайды.