Слайд 1Көп корпусты буландыру қондырғысы
Слайд 2Жылыту процесі:
Суыту
Балқу
Буландыру
Қату
Конденсациялау
Жылыту
Булану
Слайд 3 Буландыру процесі- ұшпайтын заттар ерітінділерін қайнатып еріткіштің
бір бөлігін буға айналдыру арқылы ерітінділерді қоюландыру(концентрациясын жоғарылату) процесі буландыру
деп аталады.
Слайд 4Тамақ өндірісінде буландыру процесі:
-қоюланған сүт
-томат шырыны
-концентрацияланған сорпа
-қант
-желім
және т.б. өнімдерді өндіріп алу үшін кеңінен қолданады.
Слайд 5 Буландыру процесінің мақсаты:
1.Жоғары концентрациядағы ерітіндіні алу;
2.Ерітінділердің тасмалдауын жеңілдету
және арзандату;
3.Ерітінділердің сақтау мерзімдерін ұлғайту;
Слайд 6Буландыру аппараттары химия, тамақ және т.б. өнеркәсіптерде кенінең қолданылады.Буландыру аппараттардың
құрылмдары әртүрлі болады және төмендегі негізгі белгілеріне қарай былай бөлінеді:
а)
ысыту бетінің түріне байланысты:
-құбырлы;
-жейделі;
-ирек құбырлы;
б) ысыту тәсіліне байланысты:
-бумен;
-газбен;
-электротогымен;
-жоғары температуралы жылу тасымалдағышпен ысыту.
в) аппарат осьінің орналысуына байланысты:
-горизонтальды;
-тік (вертикаль);
-көлбеулі (кей кезде);
г) ерітіндінің циркуляциясына байланысты:
- еркін (табиғи);
- еріксіз циркуляциялы.
Слайд 7 Кез келген буландыру аппараты екі бөліктен
құрылады :
- ысыту камерасы
- сепаратордан
Ысыту камерасыңда (қайнатқышта) қоюландырылатың ерітінді кайнатылады. Сепараторда екіншілік бу жиналады және ол ерітіндіден ажыратылады. Химия өнеркәсібінде бумен ысытылатын тік үздіксіз әрекетті аппараттар өте жиі кездеседі.
Слайд 9Бір корпусты буландыру қондырғыларының түрлері
Аппараттың жұмыс істеу принципі. Орталық циркуляциялық
құбыры бар үздіксіз жұмыс істейтін буландару аппаратының жұмыс істеу принципін
қарастырамыз (3.1-сурет). Аппарат негізінен ысыту камерасы (1) және сепаратордан (2) құрылады. 3.1 – суретте көрсетілген тәсілде ысыту камерасы және сепаратор бір аппаратта орналасқан. Ысыту камерасы сепаратордан бөлек орналасып, онымен құбыр арқылы жалғасуы да мүмкін.
Камера әдетте қаныққан су буымен ысытылады. Бу құбырлар сыртындағы кеңістікпен өтіп, конденсацияланады және камераның төменгі жағынан шығады.
Бір корпусты аппараттағы екіншілік будың қысымына байланысты,көп корпусты буландыру қондырғылары вакуумдыжәне жоғары қысымды болады. Өнеркәсіпте вакуумды қондырғылар жиі кездеседі. Қысымды қондырғылар бірінші корпусынан алынған жоғары қысымды екіншілік буды басқа мақсаттарға қолданады
Слайд 10Орталық циркуляциялық құбыры бар буландыру аппараты. Бұл аппаратта: 1 –
ысыту камерасы; 2 – сепаратор; 3 – қайнату құбырлары; 4
– циркуляциялық құбыр.
Слайд 11Буландырылатын ерітінді қайнату құбырларының(3)ішімен көтеріледі,мұнда ол қайнайды,нәтижеде екіншілік бу бөлініп
шығады. Сепараторда сұйық будан ажыратылады. Сұйық тамшыларынан ажыратылған екіншілік бу
сепаратордың жоғарғы жағынан шығарылады. Сұйықтың бір бөлігі орталық циркуляциялық құбыр (4) арқылы аппараттан төменгі бөліміне – құбырлар торының астына ағып түседі. Орталық циркуляциялық құбырдағы (4) сұйық ерітінді және қайнату құбырларындағы бумен сұйық қоспалар арасындағы тығыздықтар айырмасының әсерінен сұйық үздіксіз циркуляция жасап тұрады. Қоюланған ерітінді аппарат түбіндегі штуцер (келтеқұбыр) арқылы алынады. Егер буландыру вакуумда өткізілсе онда екіншілік бу вакуум-сорғымен сорылып конденсаторға беріледі
Слайд 12Көп корпусты қондырғылардың сұлбалары
Бір корпусты аппараттағы екіншілік будың қысымынабайланысты,көп корпусты
буландыру қондырғылары вакуумдыжәне жоғары қысымды болады. Өнеркәсіпте вакуумды қондырғылар жиі
кездеседі. Қысымды қондырғылар бірінші корпусынан алынған жоғары қысымды екіншілік буды басқа мақсаттарға қолданады.
Көп корпусты буландыру қондырғылары.Қазіргі буландыру қондырғыларында өте көп мөлшерде су буландырады. Жоғарыда көрсетілгендей, біркорпусты қондырғыда 1 кг суды буландыру үшін 1кг ысытатын бу қажет етеді. Бұл жағдай ысытатын будың өте көп мөлшерде шығындалатынын көрсетеді. Дегенмен, буландыру процесін көп корпусты қондырғыларда өткізіп,ысытатын будың шығынын азайтуға болады. Мұнда бірінші аппаратқа ысытатын бу берілсе,екінші аппаратты ысыту үшін бірінші аппараттан шығатын екіншілік бу пайдаланылады, ал үшінші аппаратты ысыту үшін екінші аппараттан шығатын бу пайдаланылады және сол сияқты. Соңғы аппараттан шығатын бу конденсаторға жіберіледі. Көпкорпусты буландыру қондырғылары ысытатын будың нақты шығыны 3.1 – кестеде берілген.
Слайд 13Өнеркәсіпте бір бағытты ағынды қондырғылар жиі кездеседі (3.2 - сурет)
Қондырғы бірнеше корпустан құралады. Бастапқы ерітінді алдын ала ысытқышта қайнау
температурасына дейін ысытылып,бірінші корпусқа беріледі. Бірінші корпус ысытатын бумен ысытылады. Бірінші аппараттағы пайда болған екіншілік бу ысытатын бу ретінде екінші корпусқа (2) беріледі. Екінші аппараттағы қысым біріншіге қарағанда төмен,сондықтан бірінші аппаратта буландырылған ерітінді екінші аппаратқа өздігінен өтеді. Екінші аппараттағы ерітіндінің қайнау температурасы төмендеу болғандықтан,бірінші аппараттан келген жоғары температуралы ерітінді мұнда суытылады. Бұл кезде жылу бөлінеді, және соның салдарынан қосымша екіншілік бу пайда болады. Қондырғының барлық корпустарында болатын бұл құбылыс өз-өзінен булану деп аталады.
Слайд 14 Бір бағытты ағынды көп корпусты буландыру қондырғысы.1–3–қондырғы корпустары; 4
– барометрлік конденсатор; 5-тамшыұстағыш; 6 – сорғы.
Слайд 15Екінші аппаратта (2) буландырылған ерітінді өздігінен үшінші аппаратқа өтеді. Үшінші
аппаратқа (3) ысытатын бу ретінде екінші аппаратта пайда болған екіншілік
бу беріледі. Соңғы корпустан шыққан екіншілік бу барометрлік конденсаторға (4) беріледі және мұнда будың конденсациялануы нәтижесінде вакуум пайда болады. Ауа және басқа конденсацияланбаған газдар жылу алмасу процесін нашарлатады, сондықтан вакуум-сорғымен тамшыұстағыш (5) арқылы сорылып тасталады. Конденсатордағы қалдық қысымның мәні конденсаторға берілетін судың температурасына байланысты болғандықтан, вакуум-сорғының жәрдемімен қондырғыда тиісті вакуум сақталып тұрады.
Бір бағытты ағынды буландыру қондырғылардың артықшылығы: ерітінді бір аппараттан екінші аппаратқа өздігінен тасымалданады (себебі қысым корпустан корпусқа төмендейді),яғни сорғы керек емес.
Бір бағытты ағынды буландыру қондырғылардың кемшілігі: әрбір кейінгі аппараттағы ерітіндінің концентрациясы алдынғысынан жоғары, ал ысытатын будың температурасы төмен, яғни жоғары концентрациялы ерітінді төмен температуралы бумен буландырылады; концентрация жоғарылаған сайын тұтқырлығы көбейеді, яғни жылу өту коэффиценттерінің мәндері бірінші корпустан соңғысына қарай төмендейді[1].
Әрбір процестердің өздеріне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Соның ішіндегі вакуумда өткізілетін буландыру процесінің негізгі артықшылығы мен кемшілігіне тоқталып кетсем.
Артықшылықтары:
Процессті көп төмен температурада өткізуге болады;
Жоғары температурада ыдырап кету мүмкін болатын заттардың ерітінділерін қоюландыруға болады;
Буландыру қондырғысынан шыққан екіншілік буды ысытатын бу ретінде пайдалану мүмкіндігі туады.
Кемшіліктері:
Қосымша жабдықтар (конденсаторлар, вакуумды сорғылар,тамшы ұстағыштар) қажет болады. Сондай-ақ қондырғы бағасы қымбаттайды.
Атмосфералық қысымдағы буландыруда екіншілік бу пайдаланылмай атмосфераға шығарылады. Бұл экономикалық тиімсіз.