Разделы презентаций


Кәсіпкерлік идеяларын генерациялау әдістері

Содержание

Жоспар:Инициация.ТЭН-нің құрылымы;Сынақ пен қателер әдісі;Бақылау сұрақтардың әдісі;Мидың шабуыл жасау әдісі;Морфологиялық талдау;Фокальды объектілердің әдісі;Синектика.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Кәсіпкерлік идеяларын генерациялау әдістері

Кәсіпкерлік идеяларын генерациялау әдістері

Слайд 2Жоспар:
Инициация.ТЭН-нің құрылымы;
Сынақ пен қателер әдісі;
Бақылау сұрақтардың әдісі;
Мидың шабуыл жасау әдісі;
Морфологиялық

талдау;
Фокальды объектілердің әдісі;
Синектика.




Жоспар:Инициация.ТЭН-нің құрылымы;Сынақ пен қателер әдісі;Бақылау сұрақтардың әдісі;Мидың шабуыл жасау әдісі;Морфологиялық талдау;Фокальды объектілердің әдісі;Синектика.

Слайд 3Инициация – инновация мақсатының таңдауынан және оның орнықты орындалуынан, жаңа

инновациялық ойлардың іздеуінен және оның техника — экономикалық негіздеуі(ТЭН) мен

ойдың жүзеге асыру әрекетінен құралатын қызмет.

Инициация – инновация мақсатының таңдауынан және оның орнықты орындалуынан, жаңа инновациялық ойлардың іздеуінен және оның техника —

Слайд 4Жаңа өнімнің негіздеуі:

a) инновация ойының мақсатын анықтау;

б) ең басты ойын

іздеу. Ол — шығармашылық әдісті талап ететін еңбек процесі;

в) инновацияның

ТЭН ойлары. Ол — экономика жағынан мақсатқа лайықты, өмір салтына қажетті және зат түріне яғни жаңа өнімге айналуына техникалық мүмкіншілік дәлелі бар ойлар.

Жаңа өнімнің негіздеуі:a) инновация ойының мақсатын анықтау;б) ең басты ойын іздеу. Ол — шығармашылық әдісті талап ететін

Слайд 5ТЭН- нің құрылымы:
— барлық ойлардың жинағынан таңдап алынған жалғыз ойды

бір   белгімен немесе белгілердің жүйесімен негіздеу;
— қандай болса да, мақсаттың

орындалуына берілген инновация түрінің қажеттілігін негіздеу;
— нарықта сатуға жарамды ой түрін, заттық түрге айналу мүмкіншілігін   анықтау;
— нарықта инновацияның нақты шығу орнын зерттеп, таңдау;
— инновацияның өндірісіне және орындауына кеткен шығындарын   есептеу;
— инновацияның өндіріс құндылығын және орындалу құндылығын  есептеу;

ТЭН- нің құрылымы: — барлық ойлардың жинағынан таңдап алынған жалғыз ойды бір   белгімен немесе белгілердің жүйесімен негіздеу;—

Слайд 6 Сынақ пен қателер әдісі
Ең арзан және нәтижені

аз беретін әдіс. Негізі - ұсынылған барлық ойлар жинағынан сәтсіз

ойлар лақтырып тасталынады. Жетіспеушілігі - дұрыс ой іздеу ережесі жоқ және бұл әдісте субъективті белгілер қолданылады;

Сынақ пен қателер әдісі 	 Ең арзан және нәтижені аз беретін әдіс. Негізі -

Слайд 8 Бақылау сұрақтардың әдісі
Бұл сынақ пен қателер әдісінің жетілдірілген

әдісі. Негізі- творчестволық процесстің психологиялық активтендірушісі, яғни оның басты мақсаты

проблеманың шешімін сұрақтар қою арқылы табу. Жетіспеушіліктері: тізімге әлсіз әрі маңызсыз сұрақтардың түрлері түсуі мүмкін;

Бақылау сұрақтардың әдісі	Бұл сынақ пен қателер әдісінің жетілдірілген әдісі. Негізі- творчестволық процесстің психологиялық активтендірушісі,

Слайд 9 Мидың шабуыл жасау әдісі
Негізі - пайда болған

проблемаға ұжыммен шабуыл жасап, ұсынылған ойлардың ішінен ең сәттісін таңдау.

Қойылған мақсатты шешу үшін, адамдардың 2 тобы қатысады: ой генераторлары және эксперттер;

Мидың шабуыл жасау әдісі  	Негізі - пайда болған проблемаға ұжыммен шабуыл жасап, ұсынылған

Слайд 11 Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Әуел баста

жарнамалық бизнесте  қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу

мақсатын көздеген еді.
Бұл әдістің негізгі міндеттері:
- мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау;
- ғылыми немесе оқуға қатысты мәселелерді шешу;
- студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту;
- ынтымақтастықты дамыту.
Миға шабуыл — топ мүшелерінің белгілі бір  тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Бұл әрекет жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт.

Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Әуел баста жарнамалық бизнесте  қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық

Слайд 13«Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері 
1. Миға шабуыл барысында идеяларды сынамаңыз,

бағаламаңыз, талқыламаңыз және қорғамаңыз. Топ ішіндегі жұмыс барысында Сіз тек:

«Бұл керемет идея екен?», деп қана айта аласыз. ал жеке-дара жұмыс жасағанда  өз-өзіңізге тым сыни көзбен қарамаңыз: «Айналадағылардың күлкісін келтіретін ақымақ идея ғой!» деген сипаттағы өзіңізді — өзіңіз сынауыңыз креативтікпен жанаспайды әрі жолыңызда түрлі кедергілерге соқтырады.
2. Топ мүшелері мейлі ол қандай болсын, әйтеуір ойларына келген кез келген идеялардың, шешімдердің, мысалдардың барлығын ортаға тастауы қажет. Әрбір идея толық айтылуы тиіс. Келесі кезеңде жаңа идеяларды ойлап тапқанша, айтылғандарды електен өткізіп, ішінен ең ақылға сыйымдысын таңдау оңай болады.
3. Бұл кезеңде идеялардың сапасынан гөрі санының көп болуына назар аударылады. Идеялар саны көп болған сайын, олардың ішінен кейбіреулерінің ең орынды болады дегендеріне сенімділік те арта түседі. Егер жеке-дара жұмыс жасаған болсаңыз, өз ой-пікірлеріңізді қағазға түртіп жазып отырыңыз.
4. Айтылғандардың ішінен енді өзге жаңа идеяларды ажыратып алыңыз. Оларға түсінік беру мен түзетулер енгізу де шығармашылық шабыт қажет. Топ мүшелерінің қай қайсысы да идеяларды жетілдіруге, басқа нұсқаларын  ұсынуға құқылы. Сондықтан қолыңызда бар идеяларды тағы бір екшеп қарау артық болмайды, мүмкін олар тағы да бір жаңа идеялардың тууына алғышарт қалыптастыруы ғажап емес.

«Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері  1. Миға шабуыл барысында идеяларды сынамаңыз, бағаламаңыз, талқыламаңыз және қорғамаңыз. Топ ішіндегі

Слайд 14 Биік нәтижеге жетудің кілті мен алтын ережесі қатысушылардың белсенділігінен  туындайтын

достық қатынастың қалыптасуы.
«Миға шабуыл» әдісінің кезеңдері:
- мақсатты анықтау (сізді не

 қызықтырады:көпшілік алдындағы  сөздің  идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу қамтыла ма, әлде тақырып па?…);
- қатысушыларды өз идеяларын айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан ұсынуы керек, ал топтық жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады);
- әрбір идеяны тақтаға жазып отыру;
- басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану;
- идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі дұрыс құрастырылуын, қайталанбауын қадағалау;
- идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру.

Биік нәтижеге жетудің кілті мен алтын ережесі қатысушылардың белсенділігінен  туындайтын достық қатынастың қалыптасуы.	«Миға шабуыл» әдісінің кезеңдері:- мақсатты

Слайд 15 Морфологиялық талдау
Морфологиялық талдау - зерттеушілерге барлық күтпеген сұрақтарды

қамтуға мүмкіндік туғызады. Себебі, оның негізі- барлық проблемалардың мүмкін шешімдерін

жүйелі түрде зерттеулерінен тұрады. Бұл- іздеу әдістерінің бір жүйеге бірігуі және берілген инновацияның кез келген функциясының барлық таңдалған түрлердің есебі мен классификациясы жүргізіледі (Швейцарлық астроном Ф.Цвики 1942 ж.).
Келесі кезеңдер бойынша орындалады:
— проблеманы қалыптастыру;
— мақсатын қою;
-тексеріліп жатқан барлық өнімдердің немесе операциялардың  мінездемелердің тізімін құру;
— әрбір мінездеменің мүмкін шешімдер түрлерінің тізімін құру;
— шешімдерді «морфологиялық жәшік» атты кестесіне еңгізу;

Морфологиялық талдау 	Морфологиялық талдау - зерттеушілерге барлық күтпеген сұрақтарды қамтуға мүмкіндік туғызады. Себебі, оның негізі- барлық

Слайд 16 Фокальды объектілердің әдісі
Фокальды объектілердің әдісінің негізі — кездейсоқ

таңдалынған объектілері мен жетілдірілген объектілер белгілернің қиылысуынан тұрады. Ол- тасымалдау

фокусында жатқан болып көрінеді (Чарльз Войминг 1926- 1950 жж.). Оның құрылымы:
— фокалды объектілердің таңдауы;
— сөздіктен, каталогтан немесе кітаптан үш, одан да көп  кездейсоқ объектілерін таңдау;
— кездейсоқ объектілердің белгілер тізімін құру;
— кездейсоқ үйлестірулердің бос қауымдастықтардың жолымен даму;
— алынған ойларды бағалау және пайдалы шешімдерді сұрыптау.

Фокальды объектілердің әдісі 	Фокальды объектілердің әдісінің негізі — кездейсоқ таңдалынған объектілері мен жетілдірілген объектілер

Слайд 17 Синектика
Синектика — мамандандырылған кәсіпшілік мамандар, инженерлер, кеңесшілер, эксперттер топтарының түрлі

ұқсастықты және қауымдастықты пайдалана отырып, зерттеліп жатқан проблемаға шабуыл жасауы

(Уильямс Гордон 1950ж.).
Құрылу кезеңдері:
— проблемамен танысу;
— проблеманы анықтауы;
— проблеманың шешімін табу.
 


Синектика 	Синектика — мамандандырылған кәсіпшілік мамандар, инженерлер, кеңесшілер, эксперттер топтарының түрлі ұқсастықты және қауымдастықты пайдалана отырып,

Слайд 18 Ұқсастықтардың келесі түрлері қолданылады:
— тура ұқсастық- қаралып жатқан жаңа өнім

немесе операция біршама үйлес өнімдерімен не операцияларымен салыстырылады;
— жеке ұқсастық-

маман берілген проблеманы шеше отырып, мына өнімді сатып алған тұтынушының не сезгенін анықтауға тырысады және жаңа өнім бейнесіне үлгі жасайды. Бұл ұқсастық түрі- жеке ұқсастыққа жатады;
— символдық ұқсастыққа — ЭММ, математикалық символдар, кестелер, графиктер жатады;
Қолданған әдістердің нәтижесі инновациялық үрдістің соңында, жаңартпаның экономикалық тиімділігін анықтаған кезде көрінеді.
Жаңартпаның тиімділігін келесі өлшемде қарастыруға болады: күтілетін әлеуметтік-экономикалық нәтиженің көлемінде. Мұнда ұлттық байлықты техника деңгейінің өсуі есебінен жоғарылату. Яғни, осы арқылы қоғамдық өнімді өсіруге мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар инновацияның экономикалық тұрақтылығын, өндірістің үздіксіздігін және тұрғындардың жұмыспен қамтылуын анықтайды
Ұқсастықтардың келесі түрлері қолданылады:— тура ұқсастық- қаралып жатқан жаңа өнім немесе операция біршама үйлес өнімдерімен не операцияларымен

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика