Слайд 1Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік медицина университеті
Халықты
халықпен адамды адаммен теңестіретін- білім. М.Әуезов
Баяндама тақырыбы: Патологиялық анатомия кафедрасының тарихы
Адам өмірі мәңгі емес, бірақ ғылым мен білім ғасырлардың шегінен асады. И.Курчатов
Патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасы
Слайд 2
Патологиялық анатомия кафедрасының тарихы
Ақтөбе мемлекеттік
медицина институтында патологиялық анатомия кафедрасы КСРО ДСМ бұйрығымен 1959 жылы
жазда ашылды.
Кафедра қиын жағдайларда құрастырылды. Оқу барысына бір ай қалғанда кафедрада базасы, кадр қызметкерлері және құралдары болған жоқ. Ол кезде қала бойынша тек 2 патологоанатом уақытша құрастырылған базалық ғимаратта жұмыс атқарды.
Слайд 3Бірінші болып КСРО МҒА академигі Струков А.И. көмек қол ұшын
берді. Орталық Мәскеуден макро- және микропрепараттар, микроскоптар; Одессадан және Орынбордан
– микроскоптар; Алматыдан – реактивтер; ал Ленинградтан – музей ыдыстары жеткізілді
Слайд 4Алғашқы кафедра меңгерушісі және ұйымдастырушысы ретінде Алматы мемлекеттік медицина институтының
түлегі (1953 ж.) – В.А.Яглинский тағайындалды.
Ол
кафедраны 1959-1971 жылға дейін басқарды.
1961 жылы В.А.Яглинскийге доцент атағы берілді. Осы жылы облыстық патологоанатомдар ұйымы ұйымдастырылды. Бірінші төрағасы ретінде В.А.Яглинский 1971 жылға қызмет атқарды.
Слайд 5 1971-1975 жылдар аралығында
м.ғ.к доцент Саратов
медицина институтының түлегі Шабанов Александр Михайлович жетекшілік етті.
Шабанов Александр
Михайлович Ақтөбе медицина университетінде 16 жыл жұмыс жасап : ассистент, доцент, ғылым докторы мен профессор атақтарына сатылап ие болды.Университеттің ғылыми жұмыс ісі жөніндегі проректоры болды.
Слайд 6Алғашқы кафедра қызметкерлері: В.Е.Ярославский және дәрігер-патологоанатом Делягин Е.М. болды.
Кейін
басқа мамандықтағы дәрігерлер шақырылды. Олар: Д.Л. Филиппов, Т.Г. Самагелова, И.М.Кучер.
(1968г).
Слайд 7Патологиялық анатомия кафедрасындағы кадр мәселесі институттың бірінші түлектері дайындалып шыққаннан
кейін шешілді. Кафедра ассистенті болып: дәрігеріВ.З. Абакумов,С.Г. Ахметкалиев,Л.А. Зубарева қабылданды.
Бірінші аспиранттар ішінде: С.Г. Ахметкалиев, В.З. Абакумов, С.Б. Марданов, олардың жетекшісі болып Лениград премиясының лауреаты, Социалистік еңбек ері, КСРО МҒА мүшесі және 9 шет елдің академигі, аты әлемге әйгілі профессор И.В. Давыдовский.
Слайд 8 Жалпылай кафедра микробиология, патологиялық физиология, биология
кафедраларымен кешенді ғылыми зерттеу жүргізді. Бұл зерттеудің басты мәселесі: хромды
интоксикация, экспериментальды ісік, иммунопатология болды.
Слайд 9 Кафедра жетекшісі В.А.Яглинский және кафедра доценті А.М.Шабанов 1969
жылы докторлық диссертациясын қорғады. Кафедрада болған уақытта, оның базасында морфологиялық
бөлімнен докторлық диссертациялар: В.В. Морозованың, А.Т. Стародубованың, А.Т. Еремееваның, А.А. Туребековтың, Ж.И. Сиджановтың, сонымен қатар кафедра ассистенттерінің кандидаттық диссертациялары: И.М. Кучердің, Л.А. Зубареваның, аспиранттар – Ж.К. Ордабаевтың, К.З Зарипованың диссертациялары қорғалды.
Слайд 10 1976-1982 жж. аралығында кафедраны профессор М.А. Корницкий
басқарды
Кафедра отырысында (1980 ж.)
сол жақтан оң жаққа қарай – М.А. Корницкий, С.Г. Ахметкалиев, Ю.Л. Коган
Слайд 11Бірінші қатарда: асс. Власова Л.Н., м.ғ.к., асс. Кучер И.М., асс.
Кисманова Г.Н., кафедра доценті, м.ғ.к. Коган Ю.Л.
Екінші қатарда: м.ғ.д., профессор,
кафедра жетекшісі Ахметкалиев С.Г., кафедра лаборанты Гараева Амина.
Слайд 12 1982-1999 жылдар аралығында м.ғ.д., проф. С.Г. Ахметкалиев басқарды.
Соның арқасында кафедра жаңа қызметкерлермен, өзіміздің институттың үздік-түлектерімен толықтырылды.
Оның көп жылдық зерттеу жұмысы болып докторлық диссертациясы табылады. Тақырыбы: «Влияние химических факторов малой интенсивности на темпы клеточного обновления печени и других внутренних органов в эксперименте» (1994 ж.).
Слайд 131981 жылы институт түлегі А.Н. Жұмабаева жұмысқа орналасты. Ол 1986
жылы кандидаттық диссертациясын, 2001 жылы «Морфо-функциональные изменения плаценты и некоторых
фетальных эндокринных желез в условиях воздействия малых концентраций соединений хрома» докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Слайд 14 2002-2005 жж. аралығында Жұмабаева А.Н. оперативті хирургия және топографиялық
анатомия курсымен қалыпты анатомия кафедрасына жетекшілік етті.
2005-2013 жж. аралығында Облыстық патологоанатомиялық бюросын басқарды. Қазіргі таңда кафедра профессоры. 2 монография, 90 астам мақаланың авторы (оның ішінде импакт-фактормен), 5 әдістемелік құрал шығарды.
Слайд 15 1983 жылы СССР МҒА
тамақтану институтының түлегі кафедраға ғылыми жұмыстарды атқару үшін Кисманова Г.
Н. жолданды. Бұл жұмыстың жетекшісі, профессор Пятницкий Николай Николаевич болды. Ол жұмыс 1988 жылы кандидаттық қорғаумен сәтті аяқталды (жетекшісі Шарманов Т.Ш.).
Слайд 161998 жылы Кисманова Г.Н. «Оценка биологического воздействия факторов малой интенсивности»
тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1998-2008 жж. патологиялық анатомия кафедрасына жетекшілік
етіп, ғылым жұмыстарының проректоры болып қатар қызмет атқарды. Кисманова Гульсум Нигметовнаның 200 астам ғылыми жұмыстары, 9 оқу әдістемелік құралдары, 2 монографиясы бар.
Слайд 17 1986 жылы Власова Л.Н. Халықаралық патологтар академиясының
академигі, профессор Степанов С.А. жетекшілік еткен Саратовтағы медицина институтына патологиялық
анатомия кафедрасына аспирантура оқуына жіберілді. 1990 жылы «Морфофункциональные особенности поджелудочной железы при энтероколитах различной этиологии у детей раннего возраста» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады.
Кафедраға 2008-2014 жж аралығында жетекшілік етті
Слайд 182005 жылы “Жүректің оң бөлігінің пульмонэктомиядан кейінгі қызметі мен морфологиясы”
тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады , ғылыми жетекшісі ҚР МҒА
академигі м.ғ.д., профессор Ы.А. Алмабаев.
2015 жылдан бастап кафедра жетекшісі ,
І- санаттағы дәрігер-патологоанатом .1 монографияның,1 оқулық құралдың,
27 ғылыми еңбектердің авторы.
Осы оқу орынының түлегі Калиев А.Р. патологиялық анатомия кафедрасында 1992 жылдан бастап аға лаборант, ассистент, доценттік қызмет атқарған.
Слайд 19 Кафедрада Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ішіндегі
ең ірі макропрепарат мұражайы бар.
Кафедрада осы уақытқа дейін 160 мақала,
13 оқу-әдістемелік құрал, оның 3-уі мемлекеттік тілде, 2 монография, 5 жаңалықтар жарық көрді, 7 докторлық және 14 кандидаттық диссертация қорғалды.
Бөлімшенің негізгі қызметтері:
жоғары мамандандырылған мамандарды дайындау;
оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру;
кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының (ПОҚ) кәсіби біліктілігін жетілдіру;
оқу үрдісіне инновациялық технологияны енгізу;
ПОҚ және «Морфолог» студенттер үйірмесінің ғылыми-зерттеу жұмысының жаңа бағыттарын дамыту.
Слайд 20 Бөлімшенің жұмысының негізгі бағыты:
Әдістемелік,
қоғамдық,практикалық денсаулық сақтауға кеңестік көмек беру,
ғылыми жұмыс.
Кафедра
Ресейдің және басқа да ТМД елдердің жоғарғы оқу орындарымен және
ғылыми мекемелерімен тұрақты түрде байланыста.
Кафедра қызметкерлері патологиялық анатомия курсына алдыңғы қатардағы әдістерді еңгізіп, құрастырды: интегрирленген дәріс, РBL, CBL және TBL бойынша тәжірибелік сабақтар өткізу.
Слайд 22«Патоморфолог» үйірмесі 1960 жылы кафедра ұжымының бірлескен жұымысының арқасында құрылды
«Патоморфолог» үйірмесінің суденттері келесі үш бағытта жұмыс атқарады:
1) эксперименталды бөлім,
2)
реферативті бөлім,
3) макропрепарат дайындау және қайта дайындау бөлімі.
Слайд 26Зерттеу және эксперименталды бөлім отырысы