Слайд 1Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Кафедра: ЖТД интернатура
мен дипломнан кейінгі білім беру
Факультет: Жалпы тәжірибелік дәрігер
Интерннің
өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Балалардағы қант диабетін емдеу кезінде қолданатын жаңа технологиялар
Орындау түрі: Презентация
Орындаған: Жəнділдаева Н.К.
Тексерген: Досимов А.Ж.
Слайд 2Қантты диабеттің 1 типі (ИТҚД) Бұл балалар мен жасөспірімдерге тән
ауру, сондықтан оны балалық не жасөспірімдік деп те айтады. Бұл
типтің өзіндік, тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: басталуы жедел, көрінісі бай; инсулин дәрісінсіз өмір сүру мүмкіндігі жоқ, кетоацидоздық жайлардың дамуына бейімділік.
Слайд 3Этологиясы. ҚД көбінесе тұқым қуалайды. Генетикалық дайындықтың таңбасы (маркері) ретінде
лейкоциттерде орналасқан антигендерді атауға болады (НLA): 1 типіне қатыстылары төмендегі
антигендерді таусушылар –В8,В15,В18, А, С3, D3, DWO т.б. Аталған антигендердің қатысуы бетта- клеткалардың вирустардан оңай жарақаттануы, вирусқа иммунитеттің төмендігі және бездің инсулярлық аппаратының аутоиммундық бұзылысына байланысты деп саналды. Бұл ауруды туғызатындарға (80 ) вирустық инфекциялар: эпидемиялық паротит, қызамық, қызылша, Коксаки, цитомегалдар жатады. Басқа себептері түрлі улы химиялық заттар – аллоксан, стрептозоцин,нитрозаминдер т.б. Емшектен ерте айырған балаларда ҚД жиі кездесетіні белгілі болып, бұның сиыр сүтінің бетта –лактоглобулиніне қарсы денелер шығуымен тығыз арақатынасы бары анықталды
Слайд 4Патогенезі. Мембрана бұзылысы салдарынан клеткаішілік беттаклеткалар антигендері қанға сіңіп, макрофагтарға
''үсталады'', осы арқалы монокиндер түзілісі (мысалы, интерлейкин –1 ИЛ-1) көбейеді.
ИЛ-1 бетта –клеткалар үшін аса зиянды вирустар бастаған бұзылысты онда әрі ушықтырады; мұның үстіне Т- хелперлерге әсерінен соңғылар лимфокиндер (интеферое) түзілісін арттырады, ал осыдан Т-киллерлер мен макрофагтар белсенділігі жоғарылап, ИЛ-1 көтеріліп, бетта-клеткалар деструкциясы молаяды.Бетта- клеткалардың түрлі фрагменттеріне қарсы түзілгкн аутоденелердің мәні зор, бұлардың кейбірі инсулярлық аралдарға цитотоксин тәрізді әсер беріп, бетта- клеткаларды өлтіреді, Лангерганс аралдарында да фиброз дамытады.
Слайд 5І типті қантты диабеттең (ҚД) клиникасы. Әдетте ауру басталуы жедел.
Кейде науқас не оның туыстары кеселдің басталған уақыттан айы-күніне дейін
дәл айтады. Бастапқы мерзімдегі көріністерді инсулин тамшылығына қатысты: айқын шөлдеу (полидипсия), полиурия, арықтау, тамақтың құрғауы, шаршау. Тым жылдам салмақ жоғалту тәбеттің жоғарылауымен қабат білінеді: бұл глюкозаның тіндерде пайдаға аспауына байланысты, қуат аштығының белгісі. Балаларда қашыма шығуы, түнде зәр ұстамауы, фурунклез болуы мүмкін. Байпақ қарағанда көңіл аударатын жайлар: айқын салмақ кемістігі, тері, ерін, тіл құрғақтығы, тері тургорының аса төмендігі. Кейде парездік ретте капиллярлар кеңеюіне байланысты беттің қызаруы (диабетикалық рубеоз) байқалады. Каротин алмасу бұзылысы негізінде кей балаларда алақан мен табанның өзгеше сарғыштығы анықталады. Жараның ұзақ жазылмауы, пиодермиялар, пародонтоз, терінің саңырауқұлақтармен қабынуы тән. Басқа ағзалар мен түрлі жүйелердегі өзгерістер көбінесе қантамырлар бұзылысынақатысты(диабетикалық ангиопатиялар),кішігірім қантамырлар бұзылысы (каппиляр, венула-, артериболдар) – микроангиопатия, ал ірілердін макро-ангиопатиялар. Диабетикалық ангиопатиялар науқас баллардың ерте мүгедек болуының негізгі себебі. Диабеттік ангиопатиялар патогенезі әлі түпкілікті шешілмеген. Дегенмен негізгі себептеріне алмасу бұзылыстары, полиолдық циклдың белсенуі, Нв мен базальдық мембрана белоктарының гликолизденуі, контринсулярлық гормондар деңгейінің жоғарлануы жатады. Генетикалық жайлар қатынасының мүмкіндігі де едәуір.
Слайд 6Қант диабетінің диагностиалық критерийлері
Слайд 11Инсулиндік помпа
«Помпа» —ұйқы безінің жұмысын алмастыратын үздіксіз тері асты
инсулин енгізетін құрылғы. О ған күнделікті қажетті инсулинді науқастың өзі
помпа қызметіне енгізіп отырады. Помпаның итиімділігі тәулігіне 4-5 мезгіл тері астына енгізілетін инсулинді, 3 кунде 1 рет ауыстырылатын инемен енгізеді. Сонымен қатар жоғарғы қант деңгейі кезінде қосымша инсулиндер енгізу арқылы коорекция жасауға мүмкіндік береді және қант түскен жағдайда помпа арқылы гипо гликемияның алдын алады, соның нәтижесінде қант диабетінің асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Помпалық инсулин терапиясын алатын барлық балаларға тоқсандық гликирленген гемоглобин анықталады.
Помпалық терапияның нәтижесінде балаларда аурудың негізгі көрсеткіштерін бақылау (гликирленген гемоглобинді) 1,1%-ға жақсарды. Шприцтік терапиямен салыстырғанда пациенттердің өмір сүру сапасының көрсеткіштері 100%-ға жоғарылады. Балалардың өмір сүруі 3,58 жасқа ұлғайды. Негізгі сырқатқа байланысты жоспарлық госпитализациялау, асқынулар бойынша шұғыл госпитализациялау жиілігі төмендеді. Помпалық терапиядағы балалар мектепте білім алуға, бала-бақшаға, спорттық секцияларға өз қатарластарымен бірге баруға мүмкіндік алды.