Слайд 1Мәдениет ұғымы және оның құрылымы,функциясы
АТ 18.7
Слайд 2Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам
жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен
қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалыптасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.
Слайд 3Мәдениет — тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі
қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады.
1) мәдениет қоғамның оның
әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады.
2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.
Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:
1)Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты;
2)Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады.
Слайд 4Сократ Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі
де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады.
Слайд 5Мәдениет ұғымы бастапқыда жерді өндеу тәсілін білдірді. Мәдениеттің осы тар
мағынасы Еуропаның қоғамдық санасында XVII—XVIII ғасырларда кең мағынада қолданыла бастады.
Бұл өте маңызды болды, өйткені сол тұстан бастап мәдениет еуропалықтардың өзіндік санасының басты ұғымына айналды.
Мәдениеттің орнықты түсіндірмесі ағартушылық дәуірге сай келеді. Осы кезде мәдениет табиғатқа қарама-қарсы ұғымда түсіндірілді. Бұл екі түрлі сипатта көрінді: табиғат — жетілдіруден алыс тұрған, бастапқы қалып, ал мәдениет — осы кемелденуге жетудің жолы, құралы немесе, керісінше, табиғат — үйлесімдіктің идеалы, ал мәдениет — қолдан жасалған бір түзілім болғандықтан бұзушылықты, әр түрлі кемістікті, т.б. өзіне жинақтаған. Осымен байланысты Руссо мен Вольтер арасында талас туғаны мәлім. Руссо мәдениет адамды бұзады, адамның жетілуі тек табиғаттан беріледі, ал одан әрі мәдениеттің араласуы жетілуді баяулатады, адамды езеді, бұрмалайды, қатынастарды әлсіретеді, ең бастысы, оларға екі жүзділік енгізеді дейді. Вольтер, керісінше, адамзат тарихының жабайы күйден басталатынын, адамды адам еткен тек мәдениет екенін дәлелдеп бакты. Мәдениетке деген бұл екі көзқарас қоғамның әлеуметтану нұсқасын жасауда белгілі дәрежеде ықпал етті. Руссоның пайымдауынша, бұл тек адам коғамы.
Слайд 6Англияда XIX ғасырда пайда болды. XX ғасырдың алғашқы он жылдығында
орыс және шетел нигилисттері мен авангардистері, кейіннен, 60—70 жылдары Батыс
ел жастарының көсемдері және бұқара халық мәдениетті қиратуды қуаттайды, олардың түсінігінде мәдениет ескі дәстүрдің тірегі және адамзат болашағы жолындағы басты кедергі болып табылады. Мәдениеттің ішкі құрылымы бар. Себебі ол адамзат қауымдастығынан тыс өмір сүрмейді, сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және қауымдастық мәдениеті деп бөледі.
Индивидтің жеке мәдениеті — бұл оның өзіндік тәртіп үлгілерінің, кызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяларының жиынтығы. Индивидтің жеке мәдениетінің қауымдастық мәдениеті шеңберінде өзіндік орны болады, бірақ оған біржола сіңіп кетпейді, белгілі бір дербестігін сақтайды, бұл оның жалпы мойындалған үлгілерден ауытқуынан көрінеді. Қауымдастық мәдениеті — шығармашылық туындылардың, қауымдастық мойындап қабылдаған құндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиынтығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анықтап, өмір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді.
Слайд 7Мәдениет адамның еркіндік, бостандық саласы, өйткені мәдениет адамды өзін қоршаған
басқа адамдарға конформистік еліктеу шаблоны мен стереотиптерінен босатады, өз бетінше
әрекет етуге кепіл болады, оның тұлғасын егеменді етеді. Мәдениет адамның өз ісінің шебері болуына, кәсіби кызметтің ең биік деңгейіне дейін көтерілуіне мүмкіндік береді. Ол адамның саяси қызметінің бостандығын қамтамасыз етеді — саяси партиялар мен қозғалыстардың көп түрлі бағдарламалары мен платформаларын талдап түсіну қабілетін қалыптастырады.
Слайд 8Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани. 1.Материалдық
- бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.
2.Рухани —
бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.
Слайд 9Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында
қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған
жөн.
Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар.
Слайд 10Мәдени әлеуметтуну қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын,
олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілегін қоятынын, мәдени ошақтардың тек
өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, арласуы қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б. жұмыс жәрежелері қалай, олар не істеп жүр, адамдардың, олардың алуан топтардың талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б., міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.Мысалы, қазіргі уақытта театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.