Слайд 1«Мектепке дейінгі білім беру
жүйесінде дамыта оқыту
технологиясын қолданудың
маңыздылығы»
Ақтөбе
облысы
Шалқар қаласы
№5 орта мектебі
Мектепалды даярлық класының тәрбиешісі Рейм Камила Қойшыбайқызы
2014
жыл
Слайд 2Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты”
атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 3 нақты тапсырма
берген болатын, соның бірі:
Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу.
Слайд 3 Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен оны
жаңа заман талабына байланысты қолдану, ой дербестігін кеңейту, бірден-бір жолы
-12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігі мәлім.
Осы талпыныстардың мақсаты - қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, мектепке дейінгі білімді жаңарту мен жаңа тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. Олай болса, педагогтардың алдында тұрған бірден - бір мақсат -әр түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттық және өмірлік көзқарасы бар,азамат болып жетілуіне көмектесу.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, жаңа формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелерді шешетіндей, сұрақтарға жауап табатындай, педагогтарды талап етеді. Сонымен қатар баланың шектеусіз қабілетін дамыта алатындай тұлға бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Слайд 4Мақсаты:
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде дамыта
оқыту технологиясын қолдану барысында
жаңа заман баласын қалыптастырып,
тұлғаның ішкі дүниесімен, оның қыр-сырын
анықтап,
мүмкіншіліктерін дамыту.
Мектепке дейінгі білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологияларының негізі...
- Дамыта оқыту жүйесінде бала өзін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
- Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
- Жеке басын дамытуға бағытталған әдіс - Өзі жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Міндеті:
Слайд 5Жаңа технологиялардың түрлері
Ақпараттық
Ойын
Саралап
оқыту
Тұлғалық-
бағдарлау
Триз
Танымдық
зерттеу
Жобалау
Кубизм
Түзету
Слайд 6Дамыта оқыту технологиясы-баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік,
ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Слайд 7Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Тіл дамыту
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаты:
Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, жыл мезгілінің
ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру;
Жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу;
Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Слайд 8Амандасу
Амансыңба, Алтын күн!
Амансыңба, Көк аспан!
Амансыңба, достарым!
Амансыңба, қонақтар!
Сіздерді көргеніме
қуаныштымын.
Добрый день
Добрый час
Очень рады видет вас
Разрешите пожелать
И успеха, и удачь
И
решение всех задач.
Good moгninq good moгninq
Good moгninq do you
Good moгninq good moгninq
Good moгninq ty see you.
Слайд 9Күлімде, күн, күлімде,
Табиғат – біздің анамыз.
Күлсін барлық бала шат,
Табиғатқа баламыз.
Достығымыз
жарасқан,
Біз әдепті баламыз.
Слайд 10Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде
ысқырып,
Ұйытқып боран соғады
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Слайд 15Сергіту сәті
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып
ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Слайд 16Қардың түсі қандай?
Қардан не жасаймыз?
Қыс қандай болады?
Аққала соғайық
Слайд 17Қардың түсі қандай?
Қардан не жасаймыз?
Қыс қандай болады?
Слайд 19Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
Жұмбақ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Зулап түсіп
төменге,
Шықпас менсіз төбеге.
Слайд 21Аққала сөзін буынға бөл
Ақ – қа - ла
Слайд 23Жыл мезгілдерін ата, Дөңгелектегі тиісті бояулармен боя
- Қыс
- Көктем
-
Жаз
- Күз
Слайд 241. Қазір қай мезгіл? Суреттен тауып қорша.
3. Бағдаршамның неше көзі
бар?
а) 2
ә) 3 б)1
4. Оқушы сөмкесіне не салады? Сызықпен қос.
5. Суреттерді ретімен орналастыр?
2. Кім қандай машинамен жүреді? Араларын сызықпен қос?
Тест тапсырмасы
Слайд 25Ауыл сырты бақта да,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айнала,
Ойнаймыз біз шаттана.
Аққала, аққала,
Сені
жасап мақтанам.
Қорғауменен жүреміз,
Бұздырмастан басқаға.
ӘН ШЫРҚАЙЫҚ!
Слайд 27ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ ДАМИДЫ
ЖҮЙЕЛІ САУАТТЫ СӨЙЛЕЙДІ
ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ
ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢЕДІ
САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТАДЫ
САНАЛЫ
ОЙЛАНАДЫ
ТАПҚЫРЛЫҚ ӘРЕКЕТ
ӨЗДЕРІН ЕРКІН СЕЗІНЕДІ.
Дамыта оқыту технологиясын пайдалану арқасында, оқушы жан-
жақты болып қалыптасады.
Слайд 28Нәтижесі: Дамыта оқыту арқылы балалардың тілін дамытып, сурет салуға,
мүсіндеуге, байланыстыра сөйлеуге үйретіп, психологиялық- танымдық қабілетін дамытып балаларды даярлаймын.
Болжам
: Мен болашақта жан – жақты жетілген, білімді ұрпақ, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, бірнеше тілді меңгерген тұлға қалыптасып шығуын болжаймын.