Слайд 2 Көктем. Табиғаттың ең шырайлы әдемі,адам еңсесін көтеретін ең керемет кезеңдердің
бірі. Сағаттың шырылынан тұрып, сабаққа даярланып,таңғы асымды ішкеннен кейін. Жатаханадан
шығып колледжге қарай беттедім. Айнала зу-зу етіп асығып жатқан көліктер. Көшені байлап өсіп тұрған шыршалар мен ағаштарды қызықтап келе жатырмын. Ағаш арасында жүгіріп жүрген қара торғайлар өз керегін тауып,жан-жағына жалтақтап қарап ,бір-бірімен тығылмақ ойнап жүргендей. Еріп жатқан қар сулары өз жолын тауып,мөп-мөлдір болып жылп-жылп етіп ағып жатыр.Әр жерде табан астындағы қар мен мұз музыка шығарғандай сықыр-сықыр етеді.аспанға бір қарап сейіліп тұрған бұлттарға көз жүгіртіп,тастай таза ауаны бір жұтып,өкпемді толтырдым. Колледжге жақындап ғимаратын көрген кезде,өзімнің бір арманымның орындалғанын ойыма сақ ете түсті.
- Мен ұстазбын! Бұл бес әріптен тұратын сөздің мағынасы өте үлкен, кең ауқымды. Бала кездегі арманымызды іске асырдым деп ойлаймын.
«Ұстаздық еткен жалықпас», -дегендей, менің бұл жолғы түсуіме бірден бір себеп, мектебімде сабақ берген мұғалімдерімнің бірі Кенжебекова Рахат Жұмаққызы. Рахат апайдың балаға деген мейірімі ерекше жан. Баланы өзіне баурап алатын.ақылын айтып жүретін бізге. Бір қараған кезде қатар көрінбегенімен жан-дүниесі ерекше жан. Балаға жақсымен жаманды сараптап оң жол көрсететін ұстаздың ұлылығын сонда түсінбек едім. «Шаршамай шалдықпай,қанша құласаңда қайта тұрып алған бағытыңа қарай еңбектенуді тоқтатпа-дейтін», - дейтін. Міне,еңбектеніп жүріп арманымның орындалатынын да байқамаппын. Мүмкін,ұстаздың алғашқы сезімі осылай боуы керек шығар.
Бүгінде мойнымда үлкен борыш тұрғанын ұғындым. Ол- ел болашағы жастарды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындату. Заман талабына сай тұлға тәрбиелейтін, жаңа форматта ойлай алатын топ жетекші болуды өзіме міндет етіп келемін. Жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі- бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс деп саналатын біздің қазіргі заманда өзімнің «адамдық диханшысы» - яғни оқытушы болғаныма қатты қуанамын.
Университет бітіріп, оқытушы болып алғашқы келген күннен бастап топ жетекшілікті беру, мойынға жүктелген ауыр міндет емес, мықты ұстаз болып пісіп-жетілу үшін берілген мүмкіндік еді. Ал қазір тобымды көргенде, бәріміз мәз болып, кеудеміз қуанышқа толатынына қарап, мен бұл мүмкіндікті сәттіліктің сыйына айналдыра білдім деп айта аламын.
Слайд 3 «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін»,- деп ұлт ұстазы Ахмет
Байтұрсынов айтқандай, ұстаз – елінің ертеңін ойлайтын ержүрек адам. Заманымыздың
білім беру саласына қойып отырған талаптарын бәріміз жақсы түсінеміз. Отыз дамыған елдердің қатарына кіру үшін заман талабына сай білім алып, тәрбиеленген, кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алатын, серіктестікке бейім, шапшаң да жан-жақты қалыптасқан тұлға қажет. Ал осы қасиет, осы құндылықтарды жас кезінде, біздің студент болып келген сәттен бастап қалыптасатыны талассыз жайт. Сондықтан менің міндетім, заман талаптарына сай, балалармен жұмыста жаңа әдіс-тәсілдер қолданып, тұлға болып қалыптасуындағы басты құндылықтарды дамыту.
Әрбір баланы жан-дүниеңмен қабылдап сөйлессең ,олар да сені ұғынары сөзсіз. Бос уақыттарымызды өлең оқып, ән айтып, домбыра мен гитара шертіп, би билеп бірге өткізіп шаттанып қаламыз. Бір-бірімізге армандарымызды айтып, қолдаушы, тілекші болып, қиналған сәттерде қол ұшымызды беріп жақындарымызға қамқор болу тобыма тән қасиет. Әр сәтте жақындарыңның қасынан табыла білу – өмірдегі ең үлкен өнер.Енді флешмоб ұйымдастырып, көрініс қою біздің студенттердің сүйікті ісіне айналды. Табиғатқа шығып, Алматының көрікті жерлеріне шығып, демаламыз. Мұндай демалыстар оң нәтиже беретінін тәжірибемізбен дәлелдедік. Қазір тобымда Республикалық құрамада ойнайтын воллейболисттер мен футболисттер бар. Бокс шебері, болашақ әнші, жазушы, әртістеріміз де арамызда. Мен үшін әр қайсысы ерекше тұлға. Бүгінде біз бір отбасыға айналдық. Білім ордасының ішінде бақытты жанұя құра білгенім үшін өзімді оқытқан ұстаздарыма шексіз ризамын. «Ұстазы мықтының-ұстанымы мықты», - дегендей, үшінші жыл болды жетекшілік қызметті атқарып келе жатқаныма. Рахмет сіздерге! Бас иемін...
Ертеде Рим философы Сенеке «Адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын. Жеке бастың үлгісімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай» - деген екен. Тәрбие ісінде басқалардың жеке басынын өнегесі де өте зор қызмет атқарады. Мәселен, біз ұстаз бола тұрсақ та, өзімізге жақсы жағынан ұнаған ұстаздарға еліктейміз. Топ жетекші өз тобын тәрбиелеу арқылы басқаларға да жол көрсетуші, бағыттаушы болатынын сезіндім. Біз ең мықтымыз демейміз, біз бәрін мықтылардың қатарына қосылуға шақырамыз.
Сыңғырлаған қоңыраудың даусы менің ойымды бөліп жіберді. Жұмыс орныма отырып, терезеге қарап, көктемнің керемет сәтін тағы да тамашаладым. Орнымнан тұрып,оқушылары мен сәлемдесіп, түгендей бастадым.Сабақ басталды.........................