Разделы презентаций


Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмысы

Содержание

Мақсаты: Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмыстарын зерделеу.Жоспар:1. Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмыстарын зерделеу.2. Теңіздің геологиялық әрекеті. 3.Жерде су мен құрлықтың орналасуы.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмысы

Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмысы

Слайд 2Мақсаты: Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмыстарын зерделеу.
Жоспар:
1. Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмыстарын

зерделеу.
2. Теңіздің геологиялық әрекеті. 
3.Жерде су мен құрлықтың орналасуы.

Мақсаты: Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмыстарын зерделеу.Жоспар:1. Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмыстарын зерделеу.2. Теңіздің геологиялық әрекеті. 3.Жерде су мен құрлықтың орналасуы.

Слайд 3Гидросфераның жалпы массасы (оған теңіздер, мұхиттар, өзендер мен көлдердің суын,

жерасты суын, сонымен қатар қатты күйде болатын глетчер және теңіз

мұзын қоса есептегенде) 1,6×1018 т шамасында. Гидросфера массасының 6 %-ке жуығы жерасты суы мен мұздықтардың үлесіне тисе, қалған 94 %-ін өзендердің, көлдердің және әлем мұхитының суы құрайды. Жердегi бiр-бiрiмен жалғасқан теңiздер мен мұхиттардағы барлық су массасы әлем мұхиты деп аталады. Оның көлемi 1,5 млрд км3 шамасында. Әлем мұхиты жер бетiнiң 2/3 бөлiгiн (71% шамасында) алып жатыр. Осыған байланысты теңiздер ең басты экзогендiк фактор ретiнде қарастырылып, олардың геологиялық әрекетiн зерттеудiң маңызы артады.
Гидросфераның жалпы массасы (оған теңіздер, мұхиттар, өзендер мен көлдердің суын, жерасты суын, сонымен қатар қатты күйде болатын

Слайд 4Құрлық биіктіктері мен мұхит түбі тереңдіктерінің таралу сипаты туралы көрнекі

түсінікті гипсографиялық қисық береді. Ол жердің қатты қабығының әр түрлі биіктікті (құрлықта)

және әр түрлі тереңдікті (теңізде) аудандарының ара қатынасын көрсетеді.
Қисықтың көмегімен мынадай орташа көрсеткіштер есептеп шығарылған:
1) жер бетінің әлем мұхиты беті деңгейін ескеретін деңгейі – 245 м; 
2) жердің қатты қабығының деңгейі – 2440 м;
3) құрлықтың орташа биіктігі – 840 м;
4) теңіздердің орташа тереңдігі – 3880 м.
Құрлық биіктіктері мен мұхит түбі тереңдіктерінің таралу сипаты туралы көрнекі түсінікті гипсографиялық қисық береді. Ол жердің қатты қабығының әр

Слайд 5Егер аз ғана алаңдарды қамтитын биік таулар мен тереңсулық шұңғымаларды

назарға алмағанда, мұхиттардың батиграфиялық қисығында негiзгi екi деңгей айқын бөлiнедi:

1000 м-ге дейiнгi континенттiк платформа деңгейi және 2000–6000 м тереңдiктегi мұхит табанының деңгейi. Оларды жалғастыратын аралық белдем күрт кертпеш түрiнде орналасады, оны континенттiк беткей деп атайды. Континенттiң табиғи жалғасы – оның теңiзге батқан сыртқы бөлiгi, яғни континенттiк қайраң (шельф). Сонымен, мұхит пен континенттердi бөлетiн табиғи шекараны көрiнетiн жаға сызығы емес, континенттiк беткейдiң сыртқы шекарасы деп санау керек.
Егер аз ғана алаңдарды қамтитын биік таулар мен тереңсулық шұңғымаларды назарға алмағанда, мұхиттардың батиграфиялық қисығында негiзгi екi

Слайд 6Континенттiк қайраң әлем мұхитының 7,6% шамасындағы ауданын алып жатыр. Ол жаға

бойымен ондаған километрден жүздеген километрге дейiнгi екi жолақ түрiнде созылып

жатады. Континенттiк қайраң континенттердiң су астындағы жалғасы болғандықтан, олардың геологиялық құрылысы да ұқсас болады және тереңдiгi де шамалы. Осыған байланысты, кенорындарды iздеу мен барлау тұрғысынан қарағанда қайраң айрықша қызығушылық туындатады.Континенттік беткей өзінің түбінің күрт төмен батуымен сипатталады, еңістік бұрышы 15 градусқа дейін жетеді, кейде одан да асады. Ең үлкен аудан (әлем мұхитының 76,2%-i) мұхит табаны алқабының үлесiне тиедi, ол континенттiк етек пен абиссал жазықтарды қамтиды. Жалпы, мұхит табаны өте жайпақтығымен және тереңдiк интервалының шамалы (5,5–6 км) болуымен сипатталады. Мұндағы өзiне тән бедер пiшiндерi – үлкен қазаншұңқырлар мен ұзынынан созылған мұхит орталық жоталар. Тереңсулық аңғарлардың беткейлерi қия, тереңдiгi 100–200 м, түбi жазық, енi 2–5 км, ал ұзындығы көбiнесе жүздеген километрге созылады. Тереңсулық аңғарлардың жаралуы әзірше жеткіліксіз зерделенген.
Континенттiк қайраң әлем мұхитының 7,6% шамасындағы ауданын алып жатыр. Ол жаға бойымен ондаған километрден жүздеген километрге дейiнгi екi

Слайд 7Мұхит табанының бедерін қазаншұңқырлармен қатар, сондай-ақ мұхит орталық жоталар да анықтайды. Олардың жалпы ұзындығы

шамамен 60 мың километрге жетіп, әлем мұхитының 1/3 аумағын қамтитын

бірегей жаһандық қыраттар жүйесін жасайды. Мұхит орталық жоталардың өзiне тән пiшiндерi – рифт аңғарлары мен трансформдық жарылымдар. Мұхит орталық жотаның ең биiк көтерiлген орталық бөлiгi көбiнесе оның бойымен созылған терең аңғармен тiлiмденедi, бұл аңғар жарылымдардан жаралады және жота бойымен созыла орналасады. Бұл аңғар рифт деп аталады. Мұхит орталық жоталар сонымен қатар көлденең орналасқан терең жарылымдармен де тiлiмденедi, олар жоталарды iрi блоктарға бөлiп, ығыстырады. Трансформдық деп аталатын мұндай жарылымдардың ұзындығы мыңдаған километрмен өлшенедi.Теңіз жағалары мен түбінің қирауы әр түрлі факторлардың әрекетіне байланысты. Бұл факторлардың бастыларына жататындар мыналар: жағаға соғылатын толқынның соққылау күші, толқындар тасымалдаған таужыныстар сынықтарының соққылауы, теңіз суының жағаны құрайтын таужыныстарға химиялық әрекеті. Аталған факторлар әдетте бірге әрекет етеді, осыған байланысты теңіздің қиратушы әрекеті де біршама артады. Әлем мұхитының суы атқаратын қирату жұмысының жиынтығы абразия деп аталады. 
Мұхит табанының бедерін қазаншұңқырлармен қатар, сондай-ақ мұхит орталық жоталар да анықтайды. Олардың жалпы ұзындығы шамамен 60 мың километрге жетіп, әлем мұхитының

Слайд 8Жаралуы бойынша жағалаулар бастапқы – абразия әсерiнен айтарлықтай өзгерiстерге ұшырамаған және туынды – теңiз

факторлары қалыптастырған түрлерге бөлiнедi. Теңiздердің суы абразия өнiмдерiн ғана емес,

теңiзге өзендер әкелетiн сынықты материалдың зор массасын да тасымалдайды. Сынықты материалдың орын ауыстырып, жылжуы әлем мұхитының жағалары мен түбін қирататын су қозғалысы түрлерінің ықпалынан іске асады, бірақ материалды тасымалдау үшін қозғалыстағы су массасының шамалы энергиясы қажет. 
Жаралуы бойынша жағалаулар бастапқы – абразия әсерiнен айтарлықтай өзгерiстерге ұшырамаған және туынды – теңiз факторлары қалыптастырған түрлерге бөлiнедi. Теңiздердің суы абразия

Слайд 9Жүзiп жүрген теңiз мұздары – айсбергтер, сонымен қатар мұхиттағы континенттiк беткейден

қопсық шөгiндiлер мезгiл-мезгiл сырғып түскенде пайда болатын лайлы ағындар аз көлемде болса

да сынықты материалды тасымалдайды.
Жүзiп жүрген теңiз мұздары – айсбергтер, сонымен қатар мұхиттағы континенттiк беткейден қопсық шөгiндiлер мезгiл-мезгiл сырғып түскенде пайда болатын лайлы

Слайд 10Теңiздерде тiршiлiк ететiн өсiмдiк пен жануар организмдерiнiң құрамы мен құрылысы

олар өмiр сүрген ортаға, яғни мына факторларға – теңiздiң тереңдiгiне,

температураға, қысымға, жарық өтетiн тереңдiкке, теңiз суының динамикасына, т.Б. Байланысты. Осы факторлардың біреуі ғана өте аз өзгеріске түскеннің өзінде, бұл теңіз алабының бөлікшесін мекендейтін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай қырылуына жиі әкеліп соғады. Теңіздің белгілі бір алқаптарында бұл ортаға бейімделген жануарлар мен өсімдіктер жиынтығы (биоценоз) ғана тіршілік етуі осы фактімен түсіндіріледі. Теңiз алаптарындағы барлық органикалық әлем негiзiнен үш топқа бөлiнедi, олар: бентос, планктон және нектон.
Теңiздерде тiршiлiк ететiн өсiмдiк пен жануар организмдерiнiң құрамы мен құрылысы олар өмiр сүрген ортаға, яғни мына факторларға

Слайд 11Бентос тобына теңiздер мен мұхиттар түбiнде тiршiлiк ететiн жануарлар мен өсiмдiктердiң

үлкен тобы кiредi. Олардың бiр бөлiгi су түбiнде өссе, екiншiсi

– су түбінде шағын қашықтықтарға жылжи алады. Бiрiншi жағдайдағы бентосты бекiтiлген десе, екiншiлерiн – қозғалатын деп атайды. Бекiтiлген бентосқа теңiз лалагүлi, маржан, губка, мшанкiлер, т.Б., Ал қозғалатындарға – гастропод, теңiз кiрпiлерi, теңiз жұлдыздары, т.Б. Жатады. Планктон тобына енжар жүзетiн, яғни толқындар мен теңiз ағыстары тасымалдайтын организмдердiң барлығы кiредi. Планктондық түрлерге ұсақ бір клеткалы жәндіктер (фораминиферлер, радиолярийлер), сондай-ақ кейбір өсімдіктер (диатомейлер және басқа балдырлар) жатады. Әлем мұхитында тiршiлiк ететiн органикалық массаның негiзгi бөлiгiн планктон құрайды. Нектон тобын белсендi жүзетiн жануарлар құрайды. Бұл топқа түрлi балықтар мен көптеген теңiз омыртқасыздарының өкiлдерi кiредi.
Бентос тобына теңiздер мен мұхиттар түбiнде тiршiлiк ететiн жануарлар мен өсiмдiктердiң үлкен тобы кiредi. Олардың бiр бөлiгi су

Слайд 12Теңіздің қиратушы жұмысы. Теңіз жағалары мен түбінің қирауы түрлі факторлардың әрекетіне

байланысты. Бұл факторлардың бастыларына жататындар – жағаға соғылатын толқынның соққылау

күші, толқындар тасымалдаған таужыныс сынықтарының соққылауы, теңіз суының жағаны құрайтын таужыныстарға химиялық әрекеті. Аталған факторлар әдетте бірге әрекет етеді. Осыған байланысты теңіздің қиратушы әрекеті де біршама артады. Әлем мұхитының суы атқаратын қирату жұмысының жиынтығы абразия деп аталады. 
Теңіздің қиратушы жұмысы. Теңіз жағалары мен түбінің қирауы түрлі факторлардың әрекетіне байланысты. Бұл факторлардың бастыларына жататындар – жағаға

Слайд 13Жағада абразия ұдайы білінеді. Бұл процесс ақырғы нәтижесінде қия жағаның қирауына

әкеледі. Қираған сайын жағаның тікейген қабырғасында (бетінде) ойық, яғни соқпатолқындық қуыс жаралады.

Қуыстар тереңдеген сайын оның төбесін құрайтын таужыныстар өздерінің салмақ күші әсерінен опырылып түсетін жағдайға жетеді. Қия жаға біртіндеп құрлық жаққа шегініп, қуыстың орнында соқпатолқындық терраса жаралады. Террасаның жоғарғы бөлігі қайту кезінде ашылымданып, төменгі жағын әрдәйім теңіз суы басып жатады. Мұнда тасмалта, гравий, құм мен түбірлік жағаның басқа да қираған өнімдері жиналады.
Жағада абразия ұдайы білінеді. Бұл процесс ақырғы нәтижесінде қия жағаның қирауына әкеледі. Қираған сайын жағаның тікейген қабырғасында (бетінде)

Слайд 14 Террасаның бұл бөлігі тұнбаланған немесе аккумуляциялық деп аталады. Жаға кертпешінің табанында, соқпатолқындық террасаның

қайраң түрінде созылатын бөлігінде де таужыныстардың әртүрлі сынықтары жиналады. Ал

ары қарай бұл материалды толқындар қиратып, теңіздің жағадан алысырақ бөліктеріне алып кетеді. Жағаның қираған бөліктері шайылып кеткен әрі тек қана түбірлік таужыныстардан тұратын соқпатолқын террасаның бөлігі абразиялық терраса деп аталады.Соқпатолқындық терраса абразияның әрекетінен ұдайы ұлғайып, теңіз алабы жағына қарай да, құрлық жағына қарай да кеңейеді. Кейде ол едәуір өлшемдерге – ені 50–60 км шамасына дейін жетеді. Теңіздің құрлыққа қарай жылжу жылдамдығы біршама жоғары, 1000 жылда 1–2 км-ге жетеді.
Террасаның бұл бөлігі тұнбаланған немесе аккумуляциялық деп аталады. Жаға кертпешінің табанында, соқпатолқындық террасаның қайраң түрінде созылатын бөлігінде де таужыныстардың әртүрлі

Слайд 15Мору мен өзен эрозиясы процестерiнде суайрықтар қирайды және жылжиды. Суайрықтың

екi жағында орналасқан алаптардың өзендерi әдетте суайрықты түрлi жылдамдықпен қиратады.

Бұл жағдай суайрықтың қарама-қарсы орналасқан беткейлерi еңiстiгiнiң әртүрлi болуына, суайрық бөлген өзендердiң эрозия базисi түрлi деңгейде орналасуына, ал суайрық беткейлерiнiң берiктiгi әртүрлi таужыныстардан тұруына байланысты.Өзеннің қарқынды регрессиялық эрозия жолымен суайрықты қиып түсiп, көршi су жиналу алабындағы суларды өз алабына
алып кету процесiн өзендердi бұрып әкету (немесе басып алу)деп атайды.
Осындай процестер нәтижесiнде суайрықты жарып өтiп, көршi алаптағы
өзендердiң бiрiнiң басын бұрып әкететiн өтпелi аңғар пайда болады.
Мысалы, шығыс еуропада оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа қарай
ағатын өзендер қара, aзов және каспий теңіздеріне құяды.
Каспий теңізіне құятын өзендердің эрозия базисі, қара және азов
теңіздеріне құятын өзендердің эрозия базисінен төмен. Каспий теңізіне құятын өзендердің «басқыншылығы» осымен түсіндіріледі, олар суды кейде алаптың көрші өзендерінен тартып алады.
Мору мен өзен эрозиясы процестерiнде суайрықтар қирайды және жылжиды. Суайрықтың екi жағында орналасқан алаптардың өзендерi әдетте суайрықты

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика