тесігінің тұсында жұлынның қабығына жалғасады.Сыртқы қатты қабық,ортаңғы торлы қабық ішкі
мимен бірігіп орналасқан жұмсақ(тамырлы)қабық деп аталады.Мидың қатты қабығы (dura mater)-тығыз,мықты және құрамында коллагенді және эластикалық талшықтан тұрады.Қатты қабық ми сауытының сүйектерімен тығыз байланыспайды.Ми сауыты негізінде қатты қабық сүйекке жақсы бекиді,әсіресе сүйектер бір-бірімен байланысатын жерлерде және бас ми жүйкелері ми сауытынан шығатын тесіктер тұсында.Қатты қабық кейбір жерлерінде екі жапырақшаға бөлінеді,ішкі жапырақшалары ойыстар жасайды,осы жерлерде қатты қабық қойнаулары пайда болады.Қойнауларда веналық қан орналасады,мидан вена тамырлары арқылы келеді.Қатты қабықтың ең ірі өсіндісі үлкен мидың орағы.Үлкен ми орағы сүйелді денеге дейін орналасып ми сыңарларын бөліп тұрады.Ми орағының негізінде жоғарғы сагитальді қойнау,бос бөлігінде төменгі сагитальді қойнау орналасады.
Мишық шатыры-мишықты ми сыңарларын бөліп тұрады.Мишық орағы екі мишық сыңарларының арасында орналасқан.Ершік диафрагмасы көлденең орналасады,диафрагма астында гипофиз безі орналасады.Диафрагмада орналасқан тесік арқылы гипотоламуспен байланысады.