Слайд 1Ми мен жұлынның қатерлі ісіктері.
Орындаған : Таранкызы Ж
Слайд 2Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Бас миы мен жұлынның қатерлі
ісіктері
Паранеопластикалық синдром
Туберозды склерозды комплекс
III. Қорытынды
Слайд 3
Бас миы ісігі – барлық ісіктердің ішінде 6-8,6% құрайтын,
құрамына әр түрлі құрылымды жасушалар пайда болуы, клиникалық ағымы және
қатерлі ісік ауруын емдеу нәтижелері кіретін жалпылама атау. Бас ми ісігі – біріншілік орталық жүйке жүйесінде пайда болатын сирек кездесетін ауру. Бас ми ісігі балаларда 8 жасынан бастап көрініс табады. Бұл балаларда қантамыр жүйесінің қатерлі патологиясынан кейін екінші орынды алады.
Слайд 4Бас ми ісігінің пайда болуы
(Бейл мен Кушинг гипотезасы, 1926)
Әр жағдайда
ісіктердің жасушалық құрамы медулярлық түтіктің эпителийін піскен жүйке тіндерінің жасушаларының
әртүрлі түрлеріне айналдырудың бір немесе бірнеше кезеңіне сәйкес келеді.
Әдетте эмбриональды емес пісіп-жетілмеген медуллобласт спонгибласт пен астроблстың аралық формалары арқылы жетілу процесі арқылы жетілдірілген астроцитке, олигодендрозға немесе эпендим және хороидтық эпителияға, пневалық жасушаға, содан кейін нейробласт сатысында нейронға бөлінеді.
Слайд 5Бас ми ісіктерінің классификациясы
Классификациясы екі принцип бойынша бөлінеді:
топографо-анатомиялық, яғни
бас сүйек пен мидағы пайда болған жаңа түзілістің локализациясы бойынша;
патоморфологиялық, ісіктің биологиялық дамуы мен құрылысы, гистогенезі бойынша.
Екі классификациялық принцип клиникада да, диагностикада, болжамында, хирургиялық емі мен ақыры кезінде маңызды орын алады.
Слайд 6Топографо-анатомиялық классификациясы
Барлық жаңа түзілістер мишық асты және мишық үсті
болып бөлінеді, яғни супра- және субтенториалды.
Слайд 7Субтенториалды ісіктер артқы бас сүйек шұңқырында орналасқан, барлық ісіктердің ішінде
ересектерде 1/3, ал балаларда 2/3 құрайды. Оларға құрт тәрізді дене
және мишықтың жарты шарының ісіктері, мишық-көпір бұрышы және ми бағаны (варолиев көпірі мен сопақша ми) ісіктері
Супратенториалды ісіктер барлық ісіктердің ересек адамдарда 2/3, ал балаларда 1/3 алып жатыр.
Оларға үлкен жарты шар ісіктері және гипофизарлы аймақтың ісіктері (гипофиз аденомасы, краниофарингиома, хиазма ісіктері)
Слайд 8Патоморфологиялық классификациясы
Патоморфологиялық классификациясының өзі пайда болуына қарай
біріншілік және екіншілік (метастаздаушы)түрлері ажыратады.
Слайд 9Жүйке жүйесінің біріншілік ісіктері
Нейроэпителиалды ісіктер. Барлық ісіктердің 55% құрайды. Олар
бұрын нейроэктодермалды деп аталған, яғни барлық жүйке жүйесі секілді сыртқы
қабатынан пайда болады. Бұл ісіктер – жүйке тінінен – глиядан дамығандықтан глиома деп
аталады.
Слайд 10Қатерсіз ісіктер
1.Астроцитома
2.Олигодендриоглиома,
олигоастроцитома
3.Эпендимома, субэпендимома
4.Хориоидты өрімнің паппиломасы
5.Ганглиоцитома, орталық нейроцитома, ганглиоглиома
6.Пинеоцитома
Қатерлі
ісіктер
1.Анапастикалық астроцитома
2.Глиобластома
3.Олигодендриоглиома
4.Хориоидты өрімнің карциномасы, ганглионейробластома
5.Медулабластома, нейробластома, медуллоэпителиома
Слайд 11
2.Ми қабаттарының ісіктері – бас миы
қабаттары мен қантамырларының жетілмеген элементтерінен дамиды, және барлық ісіктердің 30%
құрайды. Олар арахноэндотелиома және ангиоретикулома деп аталады.
Ісіктер ми жарты шарының беткі қабатында, ми негізінде және ми ішінде де орналасады.
Слайд 12
Қатерсіз
Менингиома (менинготелиалды, аралас, фибробластикалық, ангиоматозды)
Гемангиома(ангиоретикулома)
Қатерлі
Апластикалық менингиома
Ми қабаттарының саркомасы
Слайд 13
3.Бас сүйек нерв қабатының ісіктері
Қатерсіз
Шваннома (невринома)
Нейрофиброматоз
Қатерсіз
Апластикалық шваннома
Нейрофибросаркома
Слайд 14
4. Герминативті жасушалы ісіктер және тератомалар
Қатерсіз
Тератома
Қатерлі
Қатерлі тератома
Герминома
Эмбрионалды карцинома
Эндодермалды синус ісігі
5. Гемопоэтикалық тіннің ісігі
Қатерлі
Қатерлі лимфома
Плазмоцитома
6. Гипофиз және гипофиз
қатарының ісіктері
Қатерсіз
Гипофиз аденомасы және краниофарингиома
Қатерлі
Гипофиз карциномасы
Слайд 15
7. Бас сүйегінің ішіне өсетін ісіктер
Қатерсіз
Остеома, остеобластома, остеобластокластома, хордома,
хондрома, амелобластома, параганглиома, фиброма.
Қатерлі
Остеосаркома, саркома, хондросаркома, рабдомиосаркома, фибросаркома, меланома скальпа,
қатерлі параганглиома, цилиндрома (аденокистозды рак), эстезионейробластома.
Слайд 16Екіншілік (метастаздаушы) ісіктер
Барлық бас ми ісіктерінің
5-7% құрайды.
Кез-келген біріншілік карциномадан, саркомадан, бүйректің
гипернефромды ісігінен, қатерлі меланомадан бас сүйекке, омыртқаға, бас миы мен жұлынның қабаттарына метастазданады.
Слайд 17Бас ми ісіктерінің клиникасы
Жалпы милық симптом
Бас ауруы – ұстама тәрізді(түнде
және таңға жақын пайда болады, күндіз және кешке жойылады)
Құсу
– тамақ қабылдағанға қатысы жоқ
Бас айналу – вестибулярлық жүйенің тітіркенуіне байланысты дамиды. Сонымен қатар құлағында шу естіледі, естудің бұзылысы байқалады.
Психикалық бұзылыстар – назар аударудың төмендеуі, естің бұзылысы, эйфория, агрессивті күй.
Анализаторлардың бұзылысы
Апато-абулиялық синдром
Эпилепсиялық ұстамалар – Джексон ұстамасы
Ошақты симптом
Жалпысоматикалық симптом
Слайд 18Қосымша зерттеу әдістері
Жұлын ми сұйықтығын зерттеу
Краниография
Вентрикулография
Эхоэнцефалоскопия
Каротидты және вертебралды ангиография
Компьютерная и
магнитно-резонансная томография
Слайд 19Емі
Хирургиялық
Радикалды немесе паллиативті операция
Шунттау
Декомпрессивті трепанация
Сәулелі терапия және химиопрепараттар тағайындау
Слайд 20Паранеопластикалық синдром
Паранеопластикалық белгілер (ПНБ) нақты ағзалар
мен тіндерден көрінетін ісік ауруларының клиникалық симптомдары, жанама және кейбір
биохимиялық, гормоналдық, иммунологиялық бұзылыстардың немесе тұқым қуалалаудың нәтижесінде қалыптасады.
Қатерлі ісікті анықтауға мүмкіндік беретін сырттай клиникалық өзге-рістер аса маңызды, оларды "перинеопластикалық" синдром немесе қатерлі ісіктердің клиникалық маскалары деп атаймыз. Терілік симптомдар қатерлі ісіктерден бірнеше ай бұрын пайда болып, хабар етеді (кейде 2-4 жылға).
Слайд 22
Е.М.Тареевтің (1983 ж.) зерттеулерінен кейін перинеопластикалық реакциялар тобын 2
ге бөлу дұрыс делінген. Біріншісі – (кіші перинеопластикалық синдром) шектеулі
моносимптомды өзгерістер тән, қызба, түйінді эритема, нефротикалық синдром, бөртпе, эритроциттердің тұну жылдамдығы симптомы, эозинофилия, тромбоцитопениялық пурпура және т.б.
Екінші тобина – үлкен перинеопластикалық синдром – жүйелі өзгерістерімен танылатын перинеопластикалық реакциялар жатады: дерматомиозит, ревматоидты артрит, склеродермия, амилоидоз, геморрагиялық васкулит және т.б. жатады.
Слайд 23
Паранеопластикалық синдромның тағы да бір клиникалық нұсқасы ретінде –
миграциялық, яғни орын алмастырғыш тромбофлебите болып табылады. Қатерлі ісіктер салдарынын
туындайтын тромбоздық өзгерістерге А.Труссо көңіл бөліп, берілмейтін беткей және терең көктамырлардың тромбофлебиттерін атап өтіп, олардың қарт жастағы науқастарда жылдам дамып, жасырын дамып жатқан қатерлі ісіктің жаршылары болып табылатындығын айтқан болатын (Труссо синдромы).
Слайд 24
ПНС клиникалық формалары:
Бас миының зақымдану синдромы;
Жұлынның зақымдану синдромы;
Перифериялық және
вегетативті жүйке жүйесінің зақымдану синдромы.
ПНС диагностикалаудағы ерекшеліктер:
Симптомдардың жылдам
дамуы;
Жұлын-ми сұйықтығы
қабынуының белгілері.
Слайд 25Туберозды склероз
Туберозды склероз - генетикалық ауру, соматикалық органдарда
эпилепсия және олигофрениямен, полиморфты терілік симптомдармен, ісіктік процесстермен көрінетін жүйке
жүйесінің зақымдануы.
Алғаш рет туберозды склерозды 1862 жылы Реклингхаузен сипаттаған болатын. Кейін 1880 жылы француз ғалымы Бурневилль оның бас миындағы морфологиялық өзгерістерін зерттеп, алғаш «туберозды склероз» терминін қолданған болатын.
Слайд 26 Туберозды склероздың даму себептері
Ауру тұқым
қуалаушылық сипатқа ие.
70% жағдайда жаңа мутациялардың пайда
болуымен және
30% жағдайда ата-анасында болатын тұқым қуалайтын аутосомды-доминантты гендік абберацияға байланысты.
Слайд 27Туберозды склероздың симптомдары
Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы
Құрысу синдромы
Синдром Веста
Синдром Леннокса-Гасто
Психикалық дамудың
бұзылысы, аутизм
Эпилепсиялық ұстамалар
Дерматологиялық симптомдар
Гиперпигментация
Офтальмологиялық симптомдар
Косоглазие, катаракта
Ішкі органдардағы бұзылыстар
Слайд 28Диагностика
Туберозды склерозды бірнеше мамандардың (невролог, офтальмолог, дерматолог,
кардиолог, нефролог) көмегімен анықтайды. Бір жасқа дейінгі балаларда церебралды эпилепсия
кезінде нейросонография жүргізеді. ОЖЖ зақымданған кезде диагностикалауда бас миының КТ және МРТ маңызды орын алады. Соматикалық органдар зақымданғанда – жүрекке ЭКГ, УЗИ және МРТ; кеуде қуысына УЗИ; бұйрекке КТ және УЗИ; кеуде клеткасының рентгенографиясы; ректоромонскопия, колоноскопия, офтальмоскопия жүргізіледі.
Слайд 29Емі
Туберозды склерозды емдеуде антиконвульсантты терапия жүргізіледі. Препаратты
тағайындау пароксизмнің түріне байланысты. Монотерапияның әсері жеткіліксіз болған жағдайда комбинирленген
ем тағайындалады. Веста синдромы кезінде вигабатрин және тетракозактид, екінші кезекте вальпроаттар тағайындалады. Емнің әсері болмаған жағдайда ламотриджин қосады. Олигофрения кезінде нейропсихологиялық коррекциялайтын жолмен емдейді. Эписиндромның болуына байланысты ноотроп сияқты стимулдаушы нейропрепараттар тағайындалмайды. Асторцитома анықтаған жағдайда динамикалық бақылауда болады. Хирургиялық жолмен бас сүйек ішіндегі ісікті алып тастау – ісіктің көлемі ұлғайып, бас сүйегіндегі қысымды күшейткен кезде нейрохирургтардың көмегімен жасалады.
Слайд 30Пайдаланған әдебиеттер
1 Балязин В.А., Кравченко М.И., Фомина-Чертоусова Н.А. Нейрокожные синдромы:
клиника, диагностика. — М.: Элиста: АПП «Джангар», 2001. — 96
с.
2 Иллариошкин С.Н., Иванова-Смоленская И.А., Маркова Е.Д. ДНК-диагностика и медико-генетическое консультирование в неврологии. — М.: МИА, 2002. — 591 с.
3 Евтушенко С.К. Неврологические проявления нейрофакоматозов у детей // Неординарные (раритетные) синдромы и заболевания нервной системы у детей и взрослых. — Донецк: 2003. — С. 20-28.
4 Евтушенко С.К., Голубева И.Н. Инфантильные спазмы и туберозный склероз / / Здоровье ребенка. — 2007. — № 4. — С. 27-33.