Слайд 2Жоспар:
1. MS DOS ЖӘНЕ NORTON COMMANDER
MS DOS операциялық жүйесінің негізгі
мінездемесі.
2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс.
3. COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы.
4. COPY
CON – мәтіндік файл құру командасы.
5. MSDOS-та дискілермен жұмыс.
6. NCпрограммасына жалпы түсінік.
7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және файлдармен жұмыс
Слайд 3MS DOS операциялық жүйесін 1981 ж. Microsoft фирмасы IBM PC
компьютерлері үшін IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS – дискiлiк
операциялық жүйе.
MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:
1.Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.
2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
3.COMMAND.COM – қолданушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу.
4. CONFIG.SYS – үйлестіруші программа. Оның қызметі – жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.
5.AUTOEXEC.BAT – шақыру символын экранға шығару, қажетті программаны каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн және уақытты көрсету.
Слайд 4MS DOS-та каталогтармен жұмыс.
Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен
жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың
өз аты болады және ол каталог деп аталады.
Слайд 6Мысалы:
Каталогтың қосымша бөлiгi болмайды. Каталогтың iшiндегi файлдың жазылуы: Basic
Басқа каталогтың
iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.
MS DOS операциялық жүйесiнда
каталогтармен жұмыс істеу командалары:
1.MD (Make Directory – каталог құру) – жаңа каталог ашу командасы. Мысалы,
1)MDVSTUD – STUD атты жаңа каталог ашу.
2)Md XXX – ХХХ ішкі каталогын ағымдағы каталогта құру;
3) Tekst A дискісінің негізгі каталогында Tekst ішкі каталогын құру.
2.CD (Change directory – каталогты өзгерту) – каталогтың iшiне кiру командасы. CD. – түрінде берілсе ағымдағы каталогтан шығу командасы.
Слайд 7Copy con– мәтіндік файл құру командасы.
Мысалы, Copy con–мәтіндіік файлын құру
командасы. Бұл команданы енгізгеннен соң файл текстін қатарларға жазуға болады.
Әр қатар біткен соң Enter пернесін басу қажет. Соңғы қатарды теріп болғаннан соң F6 пернесін, сонан соң Enter пернесін қайта басу керек. Copy командасы
1. file(s) copied-деген хабарлама шығарады және дискіңізде осы атпен файл пайда болады.
2. REN – файлдың атын өзгерту командасы.
Слайд 8COPY – файлдыңкөшiрмесiналукомандасы.
Мысалы, COPYV kin 1.bas V tab 1.bas –
kin 1.bas файлының көшiрмесi tab 1.bas файлында шығады.
4.DEL – файлды
жадыдан өшiру командасы.
Мысалы, DEL V kin 1. bas – kin 1.bas атты файлды жадыдан өшiредi. Del *.bas – қосымшасы bas болған барлық файлдарды жадыдан өшiредi.
5.MOVE – файлдарды екінші бір каталогқа көшіру командасы. Команда форматы:
MOVE (/Y) файл – аты каталог – аты
Бір файлды екінші бір каталогқа көшіру барысында файл атын өзгертуге болады. Команда форматы:
MOVE (/Y) файл-аты (дисководJ (жол) файлдың жаңа аты
Егер ауысатын каталогтың ішінде осы аттас файл бар болатын болса, оны автоматты түрде соңғы файл атына өзгертеді.
Слайд 10Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды дискiге көшiру қатарын белгiлеу
қажет. Жүйелiк дискет – операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк файлдар жазылған
дискет. Жүйелік файлдар құрамына — COMMAND.COM, IO.SYS, MSDOS.SYS, TOEXEC.BAT және CONFIG.SYS файлдары кіреді.
Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де DISKCOPY командасы қолданылады. Команда форматы:
Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.
Слайд 11NC программасына жалпы түсінік.
.
MS DOS жүйесiнiң командаларымен жұмыс iстеудi жеңiлдетуге
арналған түрлi жүйелiк программалар бар. Олардың iшiнде жиi пайдаланылатын NC
пакетi. NC жетекшi программа.
Бұл программаның негізін 1992 жылы П. Нортон құрған. Бұл программа жүктелгенде экранға көк түстi екi терезе шығады .Оның орындайтын iс–әрекеттерi файлдармен және каталогтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету.
Терезелерде файлдардың және каталогтардың аттары орналасады. Олардың қажеттiсiн курсор немесе тышқан бағыттаушысы арқылы таңдап алу мүмкiн. Бiр терезеден екiншi терезеге пернесi арқылы өтуге болады.
Слайд 13Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және дискілермен жұмыс.
F7 – жаңа каталогты
құру командасы. Құрылған каталогтың ішінде ішкі каталог құру үшін де
F7 функционалдық пернесін басу қажет. NC-те Create the directory (Каталогты құру) деген сұхбаттық терезе шығады. Каталог атын жазып Enter-ді басу қажет. Егер каталогты құру мүмкін болмаса NC- те Can/t create directory (Каталогты құру мүмкін емес) деген хабарлама шығады. Каталаогты құру мүмкін емес жағдайлары:
1.Каталог атының дұрыс берілмеуі;
2.Дәл осы атпен файл немесе каталогтың болуы;
3.Ағымдағы дискіде орынның болмауы.
Слайд 15Қорытынды.
MS-DOS операциялық жүйесі.
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін
ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына
жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.