Слайд 1Музыка 6 сынып
№ 29 сабақ
Тақырыбы :
«Жан
жадыратар әуен»
Слайд 2
Мақсаты: 6.1.1.1 –тыңдаған музыкалық шығарманы талдау,анықтау;
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйімен көркем бейнесін жеткізу, әртүрлі жанрдағы әндерді орындау;
Слайд 3
Сабақта:
1. Жан жадыратар жарқын әуенді әндермен таныс боламыз;
2. Әсет Найманбайұлы
мен Дәнеш Рақышевтің әншілік мәнері туралы білеміз;
3. Тыңдалған әндерге талдаулар жасаймыз;
4. С.Қалиевтің сөзіне жазылған Х.Әбілжановтың “Әжетайым” әнін үйренеміз.
Слайд 4 Тамылжыған, сазды, әуезді үн адам жанын ерекше
тербейтін тылсым күшке ие екендігін талай ғұлама ғалымдар мен ойшылдар
айтып кеткен. Данышпан Абай Құнанбайұлы ән-күй немесе жақсы бір әуеннің адам санасына әсері қандай болатындығы туралы көптеген терең, мағыналы пікірлер айтқан. Мысалы, “Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй...” немесе “Жүрек тербеп оятар баста мида...” немесе “Құр айқай бақырған құлаққа ән бе екен? ”, - деген өлең жолдарында әннің әртүрлі мінезде болатындығын талдап берді.
Слайд 5Әсет Найманбайұлы
(1867-1922)
Ақын, әнші,
композитор Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар
ауданында дүниеге келген. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Ол Зейнолла имамның медресесінде оқып, арабша жетік білген. Ата-анасынан ерте жетім қалып, жоқшылықтың зардабын тартқан. Айтысқа түскен кезінде ақындар соны тілге тиек еткен. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп аныған Әсет Найманбайұлы ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет Найманбайұлы - негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұрғыман-Нағым», «Мәлік-Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» атты қисса дастандары бар.
Слайд 67
Дәнеш Рақышев
(1926-1992)
Дәнеш Рақышев (1926-1992) – әнші, композитор. Қазақстанның халық артісі.
Ән айту мен домбырада ойнауды ата-анасынан үйренеді. Оның әкесі – әнші, домбырашы, сырнайшы болған. Дәнеш Рақышев әнші ақындар Әсет, Шашубаймен кездесіп, Шығыс Түркістандық жас қазақ әншілерінің сайысына қатысып, өз өнерін шыңдайды.
Құлжадағы ұйғыр-қазақ драма театрында жұмыс істей жүріп, Б. Майлиннің «Шұға» спектакльдеріндегі Әбдірахман, М. Әуезовтың «Еңлік-Кебегіндегі», Жапал, Қалқаманның бейнелерін жасады. Дәнеш Рақышев шалқар шабытпен «Саясында алманың», «Жетісу», «Балжан -ай», «Соға кет» сияқты халықтық сарынмен астасып, өзіндік әуен ырғағымен ерекшеленіп тұратын жүзге тарта әндер шығарды.
Слайд 7Дәнеш Рақышевтің орындауында “ Жетісу” әнін тыңдау.
youtube.com›watch?v=-QrL2eUghnI
2. Әсет Найманбайұлының
“Інжу – Маржан ” әнін тыңдау.
youtube.com›watch?v=4Zi2GYo4CxI.
Слайд 8Сабақты қорытындылау арналған сұрақтар
Әсет Найманбайұлының қандай әндерің білесің ?
Дәнеш Рақышевтің
ұстаздары кімдер ?
Дәнеш Рақышевтің қандай әндерін білесің?
Әсет Найманбайұлы қандай айтыс
ақындарымен айтысқан?