Слайд 2
ТАҚЫРЫБЫ:
«ЖАСА,ЖАЙНА,
ҚАЗАҚСТАН!»
Слайд 5Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.
Еліме тәуелсіздік
келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.
Слайд 6Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке
жалғасады.
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.
Слайд 7Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін.
Ата
- бабам армандаған, аңсаған,
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.
Слайд 8Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді.
Қаны менен жанын берген
ерлердің,
Есімдері биіктерге өрледі.
Слайд 9Тәуелсіздік көптен күткен бақытым,
Әзер жеткен баға бермес жақұтым.
Өркендей бер, пейілі
кең қазағым,
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.
Слайд 13Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін
міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...
Арайлап атқан бейбіт
таңы бар, асу бермес асқар - асқар тауы бар. Кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар еліміз – Қазақстан. Біз 29 жылда үнемі даму үстіндеміз.
Слайд 14Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті
еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп
әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
Слайд 15Қазақстан!
Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты
Слайд 17«Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық
күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген
жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.
Слайд 18Тәуелсіз 25 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді
бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Слайд 19О, кең дала!
Ен қызыққа батқаның.
Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.
Халқымыздың қуанышын
молайтқан,
Егемендік сенің алып жатқаның.
Слайд 20Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем
ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Слайд 21Қына көктеп қоңыр қырдың тасында,
Бастағандай көгім бүгін ашыла.
Еңсесі тік, егеменді
ел болып.
Бақыт қонды қазағымның басына.
Слайд 22Сарыарқа сайран төріміз,
Кең байтақ біздің жеріміз.
Егемендікке қол жетіп,
Тәуелсіз болды еліміз.
Слайд 23Ұмытпаймыз біздер әрқашан,
Тағдырдың берген бұл сыйын.
Еліміз болып тойлаймыз,
Тәуелсіздіктің біз күнін!
Слайд 24Тәуелсіздік ырысым мен қазынам!
Ол - әсем ән,
Жан тынығар сазынан.
Әнұраным шалқығанда
асқақтап
Жаздай жайнап
Құрысымнан жазылам.
Слайд 25Бүгінде тәуелсіздіктің туын тігіп, еңсемізді тік көтеріп жатқан тұста Елбасымыздың
еңбегін айтпай кету мүмкін емес.
Н. Ә. Назарбаевтың тағы бір
ерлікке пара - пар еңбегінің жемісі, сарабдал саясатының бірі – астанасы Ақмола қаласында көшіруі еді. Астанамыз – Ақмола қаласына 1997 жылы көшіріліп, 1998 жылдан бастап Астана атауымен қайта жаңғырып келеді.
Слайд 26Тәуелсіздік күні – Қазақ елі тарихында ең атаулы күн, сан
ғасырлық арманының орындалған күні.
Алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі
айқындап шешуге мүмкіндік алды.
Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі, бейбіт мемлекетте өмір сүретін ретінде танытты.
Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақсыңдар!
Олай болса, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!