Слайд 1Ортопедиялық стоматологиядағы технологиялар
“Астана Медицина Университеті АҚ”
Слайд 2 Өзінің жоғары және нақты дәлдігі, өнімділігі және әмбебаптылығының арқасында информациялы
жаңа технологиялар медицинада, әсіресе стоматологияда, өз орнын тапқан болатын. Қазіргі
таңда “Стоматологиялық информатика” және “компьютерлік стоматология” терминдері кеңінен таралған.
Слайд 3Автоматты жоспарлау мен
тіс протездерін дайындау техникасы.
Бүкіл әлемде автоматты
жоспарлау жүйесін, яғни CAD (Computer-Aided Design) сөзі қолданылады, ал автоматты
өңдіру жүйесінде – CAM (Computer-Aided Manufacturing) сөзі ретінде қолданылады.
CAD компьютерлік технологиясын қолдана отырып түрліше объектілерді моделдеудің геометриялық аймағын анықтайды, ал CAM термині өңдіру технологиясында геометриялық есептерді шешу автоматизациясын білдіреді. Бұл аспаптың қозғалысының траекториясын өлшеу болып табылады.
Слайд 5Технология екі бағытта дамыды.
Біріншісі – жеке CAD/CAM жүйелер. Рестоврацияны бір
реттік дәргігерге көрінгенде жасауға мүмкіндік бар, кейде стоматология кабинетінде және
пациенттің көзінше (CEREC 3, Sirona Dental Systems GmbH, Germany). Бұндай жүйелердің негізгі артықшылығы, ол әртүрлі конструкцияны орындап жасаудағы оперативтілік.
Бір қабатты толық керамикалы сауытты дайындау үшін тісті егеуден бастап, сауытты бекітуге дейін CEREC 3 жүйесі арқасында 1–1,5 сағат кетер еді.
Слайд 7CAD/CAM екінші бағыты – бұл орталықтанған жүйелер.
Оған тапсырма арқылы
конструкциялардың кең ассортиментін дайындайтын бір өңдіруші жоғары технологиялық орталық пен
одан алыстаған перифериялық жұмыс станциялар (РroCERA, Nobel Biocare, Sweden) жатады.
Слайд 8Барлық жаңа заманғы стоматологиялық CAD/CAM жүйелердің жұмыс істеу
принциптері:
1. Арнайы құрылғылар көмегімен протез беткейінің рельефтері туралы мәліметтерді жинау
және сол жиналған мағлұматтарды компьютерлік өңдеуге информационды сандық форматқа пішімдеу.
2. Компьютердің көмегімен және дәрігердің қалауын ескере отырып, болашақ протездің конструкциясының мүсінің құру.
3. Конструкциялы материалдардан сандық программалы баскаруы бар жиналған мәліметтер негізінде тіс протезін дайындау.
Слайд 9Цирконидан тіс сауыттарын дайындау үшін CAD/CAM EVEREST технологиясы
Дәрігер алған
қалып бойынша мүсін құйылады. Болашақ сауыттын компьютерлік мүсінін алу үшін
құйылған мүсінді лазермен сканирлейді.
Слайд 10 Сауытты дайындау екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде компьютерлі фрезді станокта
цирконий тотығының бүтін бөлігінен сауыттын қаңқасы жасалады, қаңқаның түсі тістің
түсіне қарап таңдалады.
Екінші кезеңде сауыт қаңқасы керамикалық массадан кесіліп жасалынады.
Слайд 11 Толық автоматизация арқасында көпдеген қателіктердін алдын алуға мүмкіншілік бар. Өйткені
жүйе микронды ауытқуларды да тіркейді. Осылайша, сауыттың жоғары сапасына қол
жеткізіледі, бұл эстетика жағынан жақсы көрсеткішті қамтамасыз етіп, қызылиек аймағында қабынуды болдырмайды.
Слайд 12Цирконий тотығын қолдана отырып тістерді протездеудегі эстетикалық артықшылықтар:
Цирконий тотығынан
жасалған сауыттың қаңқасы ақ түсті және табиғи мөлдірлікке ие.
Алғаш
рет түсті таңдау тек керамикалық жабынның дәрежесінде емес, сонымен қатар қаңқа дірежесінде де таңдалады. Бұл металдың көрінуін болдырмайды.
Протезді қаптау үшін жоғары төзімді, жарық өткізетін, жартылай мөлдір және кең көлемді түстік сипатарға ие керамика Noritake (Япониялық түрі) қолданылады. Бұл табиғи тістен айнымайтын сауыт жасауға мүмкіндік береді.
Слайд 13 Цирконий тотығы гипоаллергенді материал болып табылады және биосәйкестік жағынан басқалардан
асып түседі.
Слайд 14Тіс импланты
Табиғи тіс сиякты көрінеді және кызмет атқарады.
• Жұлынған тіс
орнында сүйек тіндерінің атрофиясын тоқтатады.
• Табиғи тістемді және шайнау қызметтерін
қалпына келтіреді.
• Бет пішінінің жастық өзгерісін болырмайды (салбыраған ұрт, ерін секілді)
• Аралық тістерді қауіпті жағдайға қоймайды
• Толық тістің болмауында алынбайтын протез жүйесін жасауға болады.
Слайд 15Циркони тотығының артықшылықтары
Цирконий тотығың қаңқасының қалындығы — 0.4 мм. Бұл
тісті аз егеуге мүмкіндік береді, ал сауыттың өзі металды керамикалық
сауыттан әлдеқайда жеңіл.
Металмен салыстырғанда цирконий оксиді уақыт өте келе деформацияға ұшырамайды.
Цирконий тотығынығ төзімділігі металдікінен жоғары. Сондықтан бұл сауыттардың қызмет ету мерзімі де жоғарылайды.
Жоғары төзімділік тек жеке металсыз сауыттарға ғана тән емес, сонымен қатар көпіртәрізді протездерге тән. Және бұндай сауыттарды импланттарға керамикалық аббаттарменттермен (аттачменттер) бірге орнатады.
Слайд 164D имплантология — тіс имплантациясының жаңа концепциясы, имплантаттарды сүйек тінінің
дәрежесі 3 мм болса да сүйектік пластинасыз жасауға болады.
4D
имплантологиянын негізгі артықшылықтары:
- Тіс және тіс қатарларының жедел бекітілуі.
- Сүйек тіндерін өсіруді және сүйектік транспланттаттарды жасауды қажет етпейді.
- Периодонттық немесе периапикальді себептермен жұлынған тістің орнына тез арада импланттатты қоюға болады.
Слайд 17- Резорбцияға төзімді табиғи сүйекті қолдану.
- Пациенттің табиғи тісін
қолдануды болдырмайды.
- Имплантаттар сүйектін қан айналу жүйесінің әлсіреуін болдырмайды.
-
Импланттаттарды тіс жұлынғаннан кейін бірде орнатуға болады.
- Инфекцияның жоқтығы мен сүйектік қалталардың түзілмеуі.
- Минимальді гигиеналық талаптар.
Слайд 19 Harvest SmartPReP технологиясы бос орынды толық сүйекпен толтыруға мүмкіндік береді.
Бұл нәтижелілігін ділелдеген, қарапайым үрдіс, аз мөлшердегі қанды оны құрайтын
фракцияларға бөліп, тромбоциттерге бай плазманы алуға мүмкіндік береді. Жүйені қолдану сүйекті қалпына келтіруге, хирургиялық операциядан кейін жұмсақ және қатты тіндердің жазылып, жаңаруына мімкіндік береді.
Пациентің көк тамырынан қан алынады, HARVEST центрифугасына орнатылған арнайы колбаға салынады. 12 минутке созылған толық автоматты үрдіс нәтижесінде тромбоцитке бай плазма пайда болады.
Слайд 21Harvest SmartPReP арқылы тіс пен сүйектің пластинаның имплантациясындағы артықшылықтар:
- Имплантаттың
интеграциясы жақсарады, тебілудің мүмкіндігі азаяды;
- Сүйектің пішінделуі аздаған мерзімде болады
Операциядан
кейінгі кезеңде ауру сезімі мен ісіну болмайды;
Иммуногенді реакция болмайды — ең жақсы өзіңізге келетін компонент қолданылады
Слайд 22Имплантологниялық, пародонтологиялық операцияларда, остеопластикада және ауыз қуысындағы басқа да хирургиялық
операцияларда тромбоциттерге бай плазманы қолдану жұмсақ және қатты тіндердің тез
және нәтижелі жазылуын қамтамасыз етеді
- Қауіпсіздік — инфекционды аурулардың дамуының төмендігі