Слайд 1Орындаған: Дусюпова Н.
Тексерген:Кыйсыкова А.Ж
Қазақстанның көрікті жерлері
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық
қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Алматы, 2014
Слайд 2Жоспар:
Ақсу-Жабағылы
Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Көкшетау
Қорғалжын
Глоссарий
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Слайд 3Ақсу-Жабағылы қорығы
Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын
алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.
Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі
өзеннің арасына орналасқан.
Жерінің ауданы 128118 гектар.
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық.
Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан.
Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны.
Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз.
Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.
Слайд 4
Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Аумағы 149 мың гектарға жететін
Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан саябақ 2006 жылы ұйымдастырылды. Саябақ құрылған
кезде басты мақсат Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы табиғат байлықтарын қорғау мен экологиялық туризмді дамыту болды.
Табиғатты қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты саябақ қорық, шектеулі шаруашылық жұмыстарын жүргізу, туристтік болып үш аймаққа бөлінген.
Саябақта өсімдіктердің 1500-ден астам түрі, сүтқоректілердің 60-тан астамы түрі, құстардың 300 түрі кездеседі.
Шатқалды бойлай, тастақ арналар бойымен Біркөлік бұлағы ағып жатыр, оның мөлдіреген салқын суы шатқалдың жасыл желегіне көрік беріп, ауасын тазартып тұрады
Саябақтағы таудың жасылы, долананың, бөріқарақаттың, итмұрынның, өріктер мен алмалардың ну бұталары, қылқанды ағаштардың молдығы, жайқалған жаңғақ ағаштары мен дәрілік өсімдіктердің аңқыған иісі ауаны фитонцидтармен толтырады.
Слайд 5Көкшетау
Көкшетау ұлттық табиғи саябағы – Көкшетау қаласынан 60 км жерде
орналасқан қорықтық аймақ.
1996 ж. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында
құрылған. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқысы кіреді.
Жерінің аумағы 586,8 мың гектар, оның 97,7 мың гектары орманды алқап, 166 мың гектары – жайылым, 7 мың гектары шабындық, 289 мың гектары – жыртылған, 25 мың гектарын сулы-батпақты жерлер алып жатыр.
Климаты – тым континенттік, қысы суық, қарлы, жазы қоңыржай.Орман арасындағы көгалдар мен өзен алқаптарын астық тұқымдас өсімдіктер басқан.
Саябақта 200-ге жуық археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар мен көне заманғы елді мекен орындары бар. Сырымбет тауының маңында 19-ғасырда тұрғызылған ағаш үй сақталған. Онда ұлы ғалым Шоқан Уәлихановқа тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылған.
Саябақтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Жануарлардан: бұлан, елік, борсық, түлкі, орман сусары, қасқыр, орқоян, ақтиін, құр мекендейді. Оларды аулауға тыйым салынған. Мұнда биотехникалық жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз себілген алаңдар жасалады. Саябақ жерінде туризм жақсы дамыған.
Слайд 6Қорғалжын қорығы
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж.
ұйымдастырылған.
Жер аумағы 258,9 мың га.
Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның
температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі.
Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай.
Сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар.
Слайд 7Глоссарий
Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және
үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі;типтік, сирек кездесетін және
бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Өзен - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Қызыл кітап-Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркелетін халықаралық дәрежедегі құжат.
Табиғат-Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі.
Теңіз — мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігі.
Аңғар — бедердің теріс пішіні, ені ұзындығымен салыстырғанда тар, бастауынан сағасына қарай еңістеу болатын жер бетіндегі ирелең тереңдеме.
Жазық — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы.
Слайд 8Географиялык ландшафт — құрамындағы табиғат құраушылары (жер бедері, климат, су,
топырақ, өсімдік бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс,
жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі.
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы.
Фауна (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы.
Слайд 9Қолданылған әдебиеттер:
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Қазақстан балалар
энциклопедиясы
www.sugnpp.kz.
http://kk.wikipedia.org/wiki
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.
Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
Слайд 11Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы