Слайд 1Орындаған: Турбай Ж.
Тобы: 205 «Б» ФР
Қабылдаған: Сәлім Е. Қ.
Шымкент 2016
ХАЛЫҚ
МЕДИЦИНАСЫ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА
Онтүстік Қазақстан мемелкеттік фарматевтика академиясы
Қазақ және
латын тілі кафедрасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министірлігі
Слайд 2ЖОСПАР
Кіріспе
Халық медицинасы туралы түсінік.
Халық емдері.
Фармацевтика саласы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Слайд 3Кіріспе
Адамзат тарихының өркендеу кезеңдерінде әлемдегі кез-келген ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне
тән жеке емдік халықтық сипаттары мен әдіс-тәсілдері болды. Халық шипагерлігі
адамзат қоғамның алғашқы сатысында пайда болды. Ол ешқандай ғылыми дәлдік пен дәлелді басшылыққа алмады.
Слайд 4 Тарихи және мәдени мұраларды зерделеп жазып ұрпаққа жеткізу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға
ықпал ету бүгінгі зиялылардың басты міндеті. Шипагерлер емнің негізін қалаушы,
адамның тәні мен жанының бақылаушысы, халықтық мәдениеттің, дәстүрлі шипалы өнердің, этика мен эстетиканың қалыптасуына ықпал етушілердің бірегейі.
Слайд 5Халық шипагерлігі де өзінің жеке тарихы бар халықтың ұлт мәдениетінің
дәстүрлі өнері екенін ХV ғасырда ғалым щипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да
анықтама берген. Шипагерліктің өзіндік емдік мәдениеті мен емдеу әдіс-амалдары қалыптасқан.
Шипагерлік – ол халықтық дүниетанымның, ақыл-ой даналығының, денсаулықты қорғау мен емдеудің және мәдени дәстүрлік өнерінің негізгі басты тірегі.
Слайд 6Халық шипагерлігіне ғылыми танымдық зерттеулерді жалғастыра беру, бұлақтың бітелген көзін
ашқандай әсері болары шындыққа айналмақ. Әр түрлі кезеңдерде шипагерліктің халықтық
сипаты неше түрлі кедергілерге ұшырап, өрісін кеңейте алмауынан кенжелеп қалды. Сонда да болса, ертедегі шипагерлер емдеу жүйесінде дәрісін негізгі және қосымша дәрілер деп бөліп, өзінің рецептерін пайдаланды.
Слайд 7Сөйтіп қайнатпа дәрі, шар дәрі, ұнтақ дәрі, оқ дәрі, шекерлі
– шарбәт дәрі, қоймалжың дәрі, шылатпа дәрі, сылама дәрі, т.с.с.
дәрі – дәрмектерді өсімдіктердің құрамынан /сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шайыры, тұқымы/, хайуанаттар мен жәндіктердің мүшелерінен / сүйегі ,еті, сүті, терісі, майы, жүні, т.б. / оның ішінде аю еті, бұғы мүйізі, жолбарыс сүйегі, құдыр кіндігі, құстардың еті, жұмыртқасы, бие қымызы, сиыр сүті, түйе шұбаты, шаян, сүлік т.б. және минаралдардан / мыс, сынап, күкірт, ашудас, тотияйын, тұз, алмас т.б. / сол дәуірдегі өлшемдік жүйемен дайындаған / кг,г грамм, мил.грамм өлшемі болмаған/.
Слайд 8Мәселен, Шәрбат дәрілерді дайындауда бір немесе бірнеше түрлі дәрілерді суда
қайнатып, шамасынан сүзіп алып, оған шекер, бал немесе жеміс суларынан
қосып әзірлейді. Сылама дәрілерді аю, борсық, жылқы, қаз майларынан дайындаған. Тамшы дәрілерді ішуге, көзге, құлаққа тамызу үшін әртүрлі дәрілерден жеке – жеке мөлшермен дайындаған.
Слайд 9Халық шипагерлері өздерінің ауруды емдеудің тәжірибелерін дамыту нәтижесінде жүзден аса
ішкі және сыртқы адам ағзаларының ауруларының аттарын білген. Шипагерлер ауру
ыстықтық пен суықтықтан болатындықтан адам қуатының тепе-теңдігінің бұзылуына әсері болатынын түсінді.
Слайд 10Емдеу тәсілдерінде ойлап таба білді. Ертеден-ақ, қарапайым халық шипагерлері психикалық
аурулардың пайда болудағы сыртқы сипаттық себептерін жақсы білгендіктен оған «меңіреу»,
«есі ауысқан», «елірме», «жынды», «қоян-шық», «құтырған», «делбе», «талма» т.б. анықтамаларды қою арқылы шипагерліктің ұлттық сипаттағы психологиялық және философиялық танымдарын туғызды.
Слайд 11Қазақ халқының шипагерлері оба, тырысқақ, шешек, алапес, сүзек, күйдіргі, қызылша
сияқты қауіпті індет ауруларының өте қауіпті екенін және одан қорғану
мен сақтанудың, ал кейбіреулерін емдеудің жолдарына да өте сауатты болған.
Слайд 12Мәселен, оба ауруына ұшыраған адамды оңаша бөлек үйде ұстау, ешқандай
жақын қатынаста болмау, тамағын ұзын ағаштың ұшына байлап беру, егер
өте қауіпті болса өзімен бірге мүлкінде өртеп бұл орыннан елі тұтас көшіп кетіп қайта оралмаған. Бұл тәсілдердің бүгінгі ғылыми медицинаның гигиналық сақтану мен қорғану талаптарына ұқсатығын білдіреді.
Слайд 13Фармация (грек. pharmakeіa — дәрі, дәріні қолдану) — денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен
көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау,
іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады.
Слайд 14Фармация ұғымы ертеден белгілі. Алғашқы кезде емдейтін адам өсімдік, жануар
және минералдық заттардан алынатын дәрілерді өзі дайындап, науқасқа өзі тағайындады.
Сондықтан да мұндай емдеулер көп жағдайда әр түрлі әдет-ғұрып және ырым-жоралармен жасалды.
Қазіргі таңда заманауи медицина мен фармация саласында көбінесе ежелде қолданған емдеу тәсілдері, түрлі дәрілік өсімдіктер қолданылып келеді.
Слайд 15Қорытынды
Қорыта келгенде, адамның денсаулығының жақсаруына, сырқатын емдеуге арналған әр түрлі
емдік шипалық әдіс – тәсілдердің пайдасынан басқа, ешқандай зияны жоқтығын,
ол емдеу жүйелері өлім мен кәріліктен басқаның барлығына шипалы екенін дұрыс қабылдау қажеттігі туындайды. Тектік қасиет – ұрпақтар жалғасын жалғастыратын аталық код болғандықтан қазақ дүние жүзіндегі ұрпағы таза халық санатына жатады.
Слайд 16ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Шипагерлік // Ақиқат. – 2007. – № 12.
– 50-53 бб.
2. Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі
// Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. – Шымкент, 2007. – 22 – 24 бб.
3. Наследие великого целителя О. Тлеукабылулы // Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдар. –Шымкент, 2007. – с 25-41.
4. «Шипагерлік баянның» ғылыми ерекшеліктері // Ізденіс – Поиск. – 2008. – № 1. -96 – 101 бб.
5. Халықтық шипагерліктің болашағы // Қазақстан жоғарғы мектебі. – 2008. – №1. – 205 – 210 бб.
Слайд 17НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!