Разделы презентаций


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институті Факультет истории и искусств Жалпы

1. 1. Экономикалық теория пәні Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминнін мағына-сы үй шаруашылығы (ойкос - үй, шаруашылық; номос - заң)

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қостанай мемлекеттік педагогикалық институті
Факультет истории и искусств
Жалпы қоғамдық пәндер, құқық

және экономика негіздері кафедрасы


Лекция 1

Тақырып: Экономикалық теорияның пәні және зерттеу

әдістері
1. Экономикалық теория пәні
2. Экономиканың зерттеу әдістері
3. Экономикалық теорияның функциялары






Пән атауы: Экономика негіздері Лектор: Тобылов К.Т.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтіФакультет истории и искусствЖалпы қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасыЛекция 1Тақырып: Экономикалық теорияның

Слайд 21. 1. Экономикалық теория пәні
Экономика туралы алғашқы түсініктер

Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия»

терминнін мағына-сы үй шаруашылығы (ойкос - үй, шаруашылық; номос - заң) деген ұғымды білдіреді.
«Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш енгізген А. Монкретьен. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көріп, онда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған.
Саяси экономия ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ ғасырлар аралығында пайда болды.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері:
Меркантилизм - Ең алғаш экономикалық ілім XVI­-XVII ғғ. меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда).
Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
1. 1. Экономикалық теория пәні  Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың

Слайд 3 Физиократтар - (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте

деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кенэнің еңбегінде

пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдеріФ.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХVІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буа-гильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өл-шемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қо-ғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғ. ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм- (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны - капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылы-ғы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
Физиократтар - (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі

Слайд 4 б) Маржинализм- (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары

шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін

шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория- ХІХ ғ. 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп- ХХ ғ. (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм- ХХ ғ. 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол - экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларын жатқызады.
б) Маржинализм- (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты

Слайд 5Экономиканың негізгі элементтері болып табылады:
1.Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен

құралы ретінде.
2.Шынайы табиғат- ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3.Жасанды

табиғат- адамның қолымен жасалған барлық құралдар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі.
Экономикалық категория дегеніміз - экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.
Экономикалық заңдар - бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс. Табиғи заңдарға қарағанда, экономикалық заңдар тек қана жақындаса келе әрекет етеді; түрлі үрдістер мен заңдылықтардың күресі арқылы көрінеді. Экономикалық теория құрылымы төмендегі 1.1.1- сызбада көрсетілген.
 
Экономиканың негізгі элементтері болып табылады:1.Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.2.Шынайы табиғат- ресурстардың көзі және адамзаттың

Слайд 61- сызба. Экономикалық теория құрылымы

1- сызба. Экономикалық теория құрылымы

Слайд 7 Экономикалық теория - бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану

жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді

зерттейтін қоғамдық ғылым.

2-сызба.Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрлері
Экономикалық зерттеу пәні - экономикалық субъектілердің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы - адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі - экономикалық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі - адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.

Экономикалық теория - бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан

Слайд 82. Экономиканың зерттеу әдістері
3-сызба. Экономика ғылымын тану әдістері

2. Экономиканың зерттеу әдістері3-сызба. Экономика ғылымын тану әдістері

Слайд 9 Әдіс -таным тәсілі. Әдістер жалпы және жеке (өзіндік)

болады.
Жалпы әдістерге - абстракция әдісі, талдау, синтез, индукция,

дедукция, жорамал, эксперимент, жүйелі талдау, т.б.;
жеке (өзіндік) әдістерге - экономикалық-математикалық модельдеу, экстраполяция, баланстық, функционалдық, т.с.с. әдістер жатады.
Экономистің негізгі құралы теория мен байқау болып табылады.

4-сызба. Ғылыми абстракцияның әдістері

Әдіс -таным тәсілі. Әдістер жалпы және жеке (өзіндік) болады.  Жалпы әдістерге - абстракция әдісі,

Слайд 10 Экономикалық әдебиеттерде (Маслоу) адамдардың қажеттілігін 5 деңгейге бөліп

қарастырған.
1. Физиологиялық қажеттіліктер.Олар адам организмінің тамаққа, суға, жылуға,

ұйқыға деген қажеттіліктері.
2. Өзіне физиологиялық және психологиялық факторларды кіргізетін қауіпсіздіктегі қажеттілік. Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді.
3. Әлеуметтік топқа жату қажеттілігі. Адам басқалардың жағынан достық қатынасты қажетсінеді және белгілі әлеуметтік топқа жатуға тырысады.
4. Сыйластық қажеттілігі өзіне өзіндік құндылық сезімінде,сыйласу және топтың басқа мүшелерінің жағынан қадірін арту қажеттілігін енгізеді.Көптеген басқарушылардың іс-әрекеттерінің себебі болып дәл осы қажеттілікті қанағаттандыруға тырысу табылады.
5. Өзін таныту қажеттілігі-өзінің мүмкіндіктерін толық көрсету,ол адамның оған деген басқалардың көзқарастарына қарамай өзімен - өзі болуға ұмтылу.
Экономикалық әдебиеттерде (Маслоу) адамдардың қажеттілігін 5 деңгейге бөліп қарастырған.  1. Физиологиялық қажеттіліктер.Олар адам организмінің

Слайд 115-сызба. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы

5-сызба. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы

Слайд 123. Экономикалық теорияның функциялары
6-сызба. Экономикалық теорияның функциялары

3. Экономикалық теорияның функциялары6-сызба. Экономикалық теорияның функциялары

Слайд 13 1. Танып - білу қызметі -  қоғамдық экономикалық процестер

мен құбылыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және  түсіндіруі тиіс.

2.  Дүниетанымдылық көзқарас қызметі - экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция  құруына жағдай жасайды.
3. Ғылыми болжам қызметі  - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың  болашағын айқындайды.
4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми  дәлелдеумен түсіндіреді.
5. Методологиялық қызметі - экономикалық теория барлық экономиканың  ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде  үш сұраққа жауап беруі тиіс:
-  Не өндіру керек?  – қандай тауарлар және қызметтер  өндірілуі  қажет?
- Қалай өндіру керек? – қандай  ресустар, қандай технологияны пайдалану арқылы  өндіру қажет?
- Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай  бөлінеді, кімге  арналады, кім сатып алады?  Қоғамның  қажеттілігін  барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында  экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады.
1. Танып - білу қызметі -  қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика