Разделы презентаций


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Гигиена- 1, дене

2. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық негізін түсіндіру және балалар мен жасөспірімдер ұжымында жазғы сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың, жазғы сауықтандыру лагерлерін жайландыру және салудың гигиеналық қағидалары мен таныстыру.№20. 1. Тақырып:

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Гигиена- 1, дене шынықтыру және валиология кафедрасы  
Пәні

аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
 Курс: 4




2014 жыл
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ  Гигиена- 1, дене шынықтыру және валиология кафедрасы   Пәні аты: «Балалар

Слайд 22. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық негізін түсіндіру

және балалар мен жасөспірімдер ұжымында жазғы сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың, жазғы

сауықтандыру лагерлерін жайландыру және салудың гигиеналық қағидалары мен таныстыру.

№20. 1. Тақырып: Балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық негізі. Балалар мен жасөспірімдер ұжымында жазғы сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың гигиеналық сұрақтары. Жазғы сауықтандыру лагерлерін жайландыру және салудың гигиеналық қағидалары.

2. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық негізін түсіндіру және балалар мен жасөспірімдер ұжымында жазғы сауықтандыру

Слайд 33. Дәріс тезисі:
Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және

жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау,

санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалып- тастыру болып табылады.        Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептерi мыналар:  1. жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы;  2. денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы;  3. үлкендердiң көмек көрсетуге қабiлетсiздiгi және әрбiр жасөспiрiмнің, жастың алдында туындаған сұрақтарға жауап бере алмауы;  4. жыныстық жолмен берiлетiн аурулар санының көбеюi;  5. кәмелетке толмағандар жүктілiгiнiң өсуi, оның салдары-аборт немесе көбiнесе баладан безiну мен әлеуметтiк жетiмдiкке, әкелiп соқтыратын жастай ана болу;  6. кәмелетке толмағандардың жезөкшелiгiнiң өсуi. 
3. Дәріс тезисі:	Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да

Слайд 4      Соңғы он жылда жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен (бұдан әрi

- ЖЖБА) ауру күрт өстi және індет сипатына ие болды.

Бұған бiр саяси, экономикалық жүйеден екiншiсiне көшу кезеңi, қоғамды басқарудың идеологиялық тетiктерiнiң әлсiреуi, жұмыссыздық деңгейiнiң өсуi, бұрын-нан бар мұраттар мен моральдық қағидаттардың бұзылуы, жыныстық мiнез-құлық нормалары-ның өзгеруi ықпал еттi.        Ең алдымен өскелең ұрпаққа адамгершiлiк-жыныстық тәрбие беру жөнiнде мемлекеттiк және қоғамдық сипатта шұғыл шаралар қолдану олардың бойында жағымды-белсендi тұлғаны қалып-тастыру, жасөспiрiмдерде болашақта берiк отбасылық қарым-қатынасқа бағытталған белсендi жеке ұстанымды орнықтыру, тәндiк және психикалық саулыққа ұмтылу қажеттігi туындайды. ЖҚТБ-ны қоса алғанда, ЖЖБА-ның (жыныстық жолмен берiлетiн аурулар) алдын-алу, жөнсiз жүктілiк, жыныстық қылмыстар мәселелерi қоса шешілуi тиiс.        Бұл бағыттағы қызмет мемлекеттiң өз азаматтарының денсаулығын қорғау саласындағы басты басымдықтарының бiрi болып табылады.        Адамгершілік-жыныстық тәрбие тұжырымдамасы жастарға бiлiм берумен байланысты мәселелердi реттеуге ықпал етуi тиiс. 
      Соңғы он жылда жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен (бұдан әрi - ЖЖБА) ауру күрт өстi және індет

Слайд 5 2.Проблеманың қазiргi жай-күйін талдау        Барлық халықтың өсiмтал және сексуалдық саулығын

бағалау жөнiндегі көрсеткiш топтардың бiрi балалар, жасөспірiмдер және жастар болып

табылады.        15-17 жасар жасөспiрiмдер, Алматы қаласының 20 мектебi мен лицейiнiң 9-11-сынып оқушылары арасында жүргiзiлген жасырын сауалдаманы талдау сұрау салынған жасөспiрiмдердiң 33,6%-ның жыныстық байланыстан тәжiрибесi бар екенiн, олардың 61,2%-ның тұрақты жыныстық қатынас жасайтынын көрсеттi. Сұралғандардың 0,8%-ның 12 жасқа дейiн жыныстық байланыстарда тәжiрибесi болса, жасөспiрiмдердiң 12,6%-ы оған 15 жасқа дейiн ие болған.       Жасөспiрiмдер жезөкшелiгi едәуiр етек алды, жыныстық қатынас жасайтын сұрау салынғандардың 40%-ы сексуалдық қызметi үшiн сыйақы алған немесе алады.        Сұрау салынғандардың 0,5%-ы өздерiнiң қалыптасқан гомосексуалдық бағдарларын хабарласа, 1,3%-ы өздерiнiң бағдарларын бисексуалдық деп бағалайды, 7,3%-ы жыныстық құштарлығының бағытын белгiлей алмаған. Сұралған жасөспiрiмдердiң 23,3%-ы айына 2-3 рет және одан да жиi iшiмдiктi, 4,3%-ы есiрткiнi пайдаланады.        Жасөспiрiмдердiң 24,8%-ы өздерiнiң мерезбен ауырғандарын зорлаумен байланыстырады, сонымен бiрге сұрау салынғандардың 10%-ы алғашқы жыныстық қатынасының зорлау арқылы жасалғанын айтады. 
 2.Проблеманың қазiргi жай-күйін талдау         Барлық халықтың өсiмтал және сексуалдық саулығын бағалау жөнiндегі көрсеткiш топтардың бiрi

Слайд 6Жыныстық қатынасқа түскен жасөспiрiмдердiң 14%-ы венерологиялық аурулармен ауырған. Мұндай жағдайда

олардың бiреуi ғана арнаулы мекемеде емделген, ал 9-ы (64%) медициналық

емес құрылымдардың қызметiн пайдалануды немесе өзiне-өзi ем қолдануды артық көрген.            Республикада ауру проблемаларының сақталуы мен күшеюiне және оның сипаттарының нашарлауына байланысты мерезбен аурудың деңгейi жоғарылағаны: өз еркiмен медициналық көмекке жүгiнушiлердiң аз үлесi; қатысты адамдарды табу мен жауапқа тартудың азаюы; туа бiткен мерездiң өсуi; қаладағы сияқты ауылда да 14 жасқа дейiнгi балалар арасында мерезбен ауру деңгейiнің бiртiндеп өсуi байқалады.             0-ден 14 жасқа дейiнгi топта туа бiткен мерездің барлық жағдайы тiркелетiнiн, ал клиникаға негiзiнен 10-нан 14 жасқа дейiнгi мерезбен ауырған балалар түсетiнiн, олардың тек 12%-ы ғана сексуалдық жағынан белсендi екенiн ескерсек, 10-14 жастағылардың ауру деңгейiн сипаттайтын қарқынды көрсеткiштер бұдан да ұлғая түседi. Былайша айтқанда, 10-нан 14 жасқа дейiнгi балалардың саны 1620,6 мыңды құрайды, олардың 12%-ы сексуалдық жағынан белсендi немесе 194,5 мың, ал аурудың қарқынды көрсеткiшi 100 мың халыққа 239,6-дан келедi. Осы есептен алғанда сексуалдық жағынан белсендi мың баланың әрбiр екiншiсi мерезбен ауырған.        Ер балалардан гөрi қыз балалар ауруының өсуi алаңдатады, бұл әсiресе 15-17 жасар жасөспiрiмдер топтарынан байқалады. Шын мәнiнде жасөспiрiм қыздардың ауруы жасөспiрiм ер балалардың осындай көрсеткiштерiнен 2 есе асып түседi. 14 жастан жоғары жасөспiрiмдер тобындағы қыз балалардың тiркелген мерез аурулары санының бел алуы сексуалдық қарым-қатынастың коммерциялануымен байланысты. 
Жыныстық қатынасқа түскен жасөспiрiмдердiң 14%-ы венерологиялық аурулармен ауырған. Мұндай жағдайда олардың бiреуi ғана арнаулы мекемеде емделген, ал

Слайд 73. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие саясатының қағидалары        Қазiргi кезде, мектепке дейiнгі бiлiмдi қоса

алғанда, бiлiм беру ұйымдарының жүйесiнде адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенің элементтерi енгiзiлiп отыр.

Бiлiмнiң едәуiр көлемi жасөспiрiмдерге жоғары сыныптарда валеология сабақтарында, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттерiне арнайы курстарда берiледi. Сонымен бiрге адамгершілiк-жыныстық тәрбие саласында бiрыңғай нысаналы саясат, осы пәннiң мәнi не және әлеуметтiк әрi медициналық тұрғыдан қалай оқытылуы тиiс екенiн бiлдiретiн нақты айқындама жоқ.        Халықаралық тәжiрибе адамгершiлiк-жыныстық тәрбие мәселелерiмен тәрбиешiлер және педагогтар айналысатындығын көрсетедi. Дәрiгер тәрбие процесiне адамгершiлiк-жыныстық тәрбие мақсатына өзiнiң көмегi арқылы жететiн болғанда ғана араласуы керек. Медиктердiң мiндетi барлық сатыдағы педагогтарды балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың психикалық-физиологиялық даму ерекшелiктерiмен және "акселерация" сияқты ұғымдармен таныстыру болып табылады. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие негiзiне салауатты өмiр салты жатады, сондықтан адамгершілік-жыныстық тәрбие қалыпты адамгершiлiк қарым-қатынастардан нәр алады. Ұрпақ тарату жөнiндегi ағартушылық iсi сексуалдық саулық мәселелерiнде қосалқы рөл атқаруға тиiс. Бiрақ ата-аналар мен педагогтардың бәрi бiрдей балалардың сұрақтарына дұрыс әрi ашық жауап бере алмайтындықтан, балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың ұрпақ жалғастырудың биологиялық астарларын бiлуi қажет. 
3. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие саясатының қағидалары         Қазiргi кезде, мектепке дейiнгі бiлiмдi қоса алғанда, бiлiм беру ұйымдарының жүйесiнде

Слайд 8Осы айтылғандарды негiзге алғанда, адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенiң мақсаты жас ұрпақтың бойына

жынысаралық қарым-қатынастарда адамгершілiк құндылықтарды, өзiнiң тәндiк және психикалық саулығы мен

жыныстық мiнез-құлқы үшiн жауаптылықты нысаналы түрде сiңiру жолымен жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.        Адамгершілік-жыныстық тәрбие мiндеттерiне мыналар жатады:        1. Қазақстан Республикасы азаматы жалпы тәрбиесiнiң бiр бөлiгi екенiне негiзделген адамгершілiк-жыныстық тәрбие саясатын қалыптастыру және оның денсаулығын сақтауына, неке мен отбасын мемлекеттiң қорғауына конституциялық құқығын қамтамасыз ету;        2. Ата-аналарды, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды қоса алғанда, адам-гершiлiк-жыныстық тәрбиенiң қатысушыларын және олардың мiндеттерiн анықтау;        3. Бiлiм беру ұйымдарында адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенiң кезеңдерiн әзiрлеу;        осы жастағы топтың және бүкiл қоғамның арнайы бiлiмдi неғұрлым қолайлы, демек тиiмдi қабылдауына жағдай жасау;        4. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенің сапасына бақылау ұйымдастыру. 
Осы айтылғандарды негiзге алғанда, адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенiң мақсаты жас ұрпақтың бойына жынысаралық қарым-қатынастарда адамгершілiк құндылықтарды, өзiнiң тәндiк және

Слайд 9      Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие қағидаттарына мыналар кiредi:  өзiн және басқаларды құрметтеуге, өз

өмiрiнiң балалық шағынан балғын жастық арқылы ересек кезеңiне ауысу сенiмдiлiгiне,

болашақта салауатты отбасын құруға бағытталған мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде оқыту өткiзу;        жасөспiрiмдер мен жастардың бойына оң бағдарларды дарыту үшiн барлық оңтайлы жағдайды немесе олардың үлгiлерiн пайдалану арқылы бағдарламаны тез меңгеру мүмкiндiгi;        өскелең ұрпақты даярлау кезеңдiлiгімен үйлесiмдегi нысаналылық және төте әрi керi байланыстар тетiгi;        берiлетiн ақпараттың соқыр сенiмнен және "қажетсiз сексуалдықтан" ада дұрыстығы;        ерте басталатын сексуалдық тәжiрибелердi көтермелемеу, өзiн және өзгелердi құрметтеу, адам сексуалдылығын, сексуалдық белсендiлiктi қоя тұрудың себептерiн түсiну;        рухани, моральдық және сезiмдiк даму мәселелерiн қоса алғанда, жыныстық мiнез-құлықты, жөнсiз тәуекел мен тиiстi бастапқы алдын алу шараларын нақты бiлу арқылы тәрбиеге бiрыңғай тұрғыдан келу;        оқытушы кадрлар даярлау тәрбиешiнiң баланың мiнез-құлқын еппен бағыттауға, оның туындаған мәселелерi мен проблемаларын абаймен және сыпайы шешуге көмектесуге деген ықыласын оятатын бiлiм берудi басқару үлгiсiн әзiрлеу;        бала даралығы мен оның дүниетанымының қалыптасу кезеңiне жатқызылатын пәннiң ақпараттылығы, қол жетiмділігі және айқындығы;        өсiмталдық проблемаларын шынайылықпен баяндау кезiнде сексуалдық құштарлықты қоздырмау, керiсiнше, осы процестiң артында тұрған моральдық астарларды, отбасын құру мен бала туудың маңыздылығын көре бiлуге икемдеу;        жөнсiз тәуекелдiң (жүктiлiк, ЖЖБА және т.б.) алдын алу.        Аталған қағидаттарды iске асырудың маңызды нәтижесi жасөспiрiмдер бойында жынысаралық өзара қарым-қатынастарда адамгершiлiк дағдыға айналатындай моральдық қасиеттердi тәрбиелеу болуы тиiс. 
      Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие қағидаттарына мыналар кiредi:  өзiн және басқаларды құрметтеуге, өз өмiрiнiң балалық шағынан балғын жастық арқылы

Слайд 104. Негiзгi бағыттар
Бiлiм берудің әр кезеңi - бастауыш, негiзгi және

орта мектептерде немесе кәсiптiк бастауыш, орта және жоғары бiлiм алған

кезде - адамгершiлiк-жыныстық тәрбие жөнiндегi бiлiмдi меңгеруге және жетiлдiруге өз үлесiн қосуы тиiс.   Бiлiм беру ұйымдарында оқитындар:   1. сезiмге және өзара қарым-қатынасқа байланысты естiгендерiн талқылау кезiнде өзiне сенiмдi болуға;   2. жыныстық жетiлу кезеңiне дайын болуға;   3. зорлық қатерi төнген кезде үлкендердiң көмегi мен қолдауын сұрауға дайын болуға;   4. жасөспiрiмдердiң шешiмдерiн, пайымдауларын және мiнез-құлқын
айқындайтын оң құндылықтар мен моральдық шеңберлер қалыптастыруға тиiстi. Бiлiм беру ұйымдары: жасөспiрiмдердi жыныстық мiнез-құлықты ұғынуға, кездейсоқ жыныстық байланыстан тартынудың пайдасын және қауiпсiз секстiң артықшылығын түсiнуге үйретуге; отбасын құрудағы өз рөлiн тануды үйретуге; тәуекелге барудың (жөнсiз жүктiлiк, АҚТҚ/ЖҚТБ-ны қоса) алдын алу жөнiнде ақпарат беруге және дағдыларды дарытуға; жөнсiз немесе қауiптi секске қарсы тұра білудi үйретуге; сексуалдық саулық мәселелерiнде қолдау мен көмек беретiн қызметтер мен ұйымдар туралы бiлiм беруге; қауiпсiз жыныстық мінез-құлықтың құқықтық мәселелері бойынша білiм беруге; адам өсiмталдығының негiздерi жөнiнде бiлiм беруге; адам ағзасына жыныстық жолмен берiлетiн микробтар мен вирустардың қандай зиян тигiзетiнi туралы бiлiм беруге; өсiмталдық үрдiсiне гормональдық қатысу туралы бiлiм беруге; ағзаның қорғану қуаты туралы бiлiм беруге тиiстi.

4. Негiзгi бағыттарБiлiм берудің әр кезеңi - бастауыш, негiзгi және орта мектептерде немесе кәсiптiк бастауыш, орта және

Слайд 11Әдебиет: 
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым баспа орталығы.2008.
2.Неменко

Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М.,

Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі. Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет. 
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с. 
Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.

Әдебиет: Қазақ тіліндеНегізгі:1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым баспа орталығы.2008.2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Слайд 12Қорытынды сұрақтар:
Ер бала мен қыздар ағзасында қандай ұқсас өзгерістер болады?
Тек

қыздарда қандай өзгерістер болады?
Тек ер балаларда қандай өзгерістер болады?
Студенттер жеке

гигиеналық дене тазалығы туралы нені білуі тиіс?
Лагерге қабылдап алуды қай маман жүргізеді?
Балаларды жазғы сауықтыру орталығының қандай түрі бар?
Жер теліміне қандай талаптар қойылады?
Балалардың денесін шынықтырудың негізгі іс- шаралары қандай?

Қорытынды сұрақтар:Ер бала мен қыздар ағзасында қандай ұқсас өзгерістер болады?Тек қыздарда қандай өзгерістер болады?Тек ер балаларда қандай

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика