Слайд 1Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Анестезиология және реаниматология курсы мен
мейірбике ісі кафедрасы
Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіндегі науқас жағдайына мониторинг
жүргізу. Интенсивті терапия картасына ағзаның негізгі тіршілік параметрлерін тіркеу.
Орындаған:Мықтыбек М.
Тобы: 404- МІҚ.
Қабылдаған: Түктібаева С.А.
Шымкент 2016
Слайд 2Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Реанимация және интенсивті терапия
бөлімшесіндегі науқас жағдайына мониторинг жүргізу.
Реанимация және интенсивті терапия
бөлімшесіндегі қажетті функцияларға бақылау жасау.
Интенсивті терапия картасына ағзаның негізгі тіршілік параметрлерін тіркеу.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3 Кіріспе
Анестезиология мен жіті терапия кезінде науқастың
функционалдық жағдайының және анестезия қаупін бағалаудың мониторинг ережелері.
Анестезиология мен
жіті терапия кезінде науқастың функционалдық жағдайының және анестезия қаупін бағалаудың мониторингін – шаралар жиынтығы мен техникалық құралдар қолдану арқылы науқастың ағзасының өмірге маңызды қызметтерінің жағдайын үнемі бақылау деп түсінуге болады.
Слайд 4Мониторингтің 2 түрін ажыратамыз: негізгі және арнайы.
Негізгі мониторинг – шаралар
жиынтығы мен техникалық құралдарды қолдану арқылы науқас ағзасының өмірге маңызды
қызметтер жағдайының басты мониторингі, ол анестезия мен жіті терапияның кез-келген түрінде міндетті түрде орындалады.
Арнайы мониторинг - шаралар жиынтығы мен техникалық құралдарды қолдану арқылы науқас ағзасының өмірге маңызды қызметтер жағдайының қосымша мониторингі, ол келесі жағдайларда міндетті түрде орындалады: өкпенің жасанды желдендіруі, жедел тыныс жеткіліксіздігі, жедел ми жеткіліксіздігі, жедел гемодинамикалық жеткіліксіздігі.
Анестезия кезінде бақылау жасау
Қазіргі таңда көп елдерде анестезия және интенсивті терапия өткізу қатаң бақылауға алынған бекітіоген стандарттар бойынша орындалуы керек. Сол үшін қазіргі кезде мейірбике – анестезиттерді оқытып, дайындауда, олар анестезиологиялық бригаданың үстелін дайындауға қатысуы керек.
Слайд 5Бөлімшеде қажетті функцияларға бақылау үшін:
Респираторлық көмек көрсету аппаратурасы өкпеге ықпал
тигізуге кері әсерін тигізу кезінде жасанды кеуде желдеткішін іске асыруға;
Мониторинг
аппаратурасы: монитор негізгі аса қажетті ағза функциясын бақылау (гемодинамика, қанға оттегін жіберу , электрлік миокард белсенділігі және тағы басқа);
Дәрілік заттардың дозасын енгізу аппаратурасы: қажетті препараттарды үнемі қажетті дозасының дәлме-дәл есебін енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар: ересек және балалар функционалдық кереуеттері, шприцті насос, электр сорғыш және тағы басқа
Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіндегі қажетті функцияларға бақылау үшін:
Слайд 7Қазіргі заманғы фармакологиялық қамтамасыз ету ауруларға белсенді бактерияға қарсы, қабынуға
қарсы, дезинтоксикациялық терапия, қан алмастырушыны қолдануға мүмкіндік береді. Экспресс-зертханамен тығыз
қарым қатынас орнату зертханалық деректерді лездік анықтауға мүмкіндік береді. Науқастардың емделіп шығуына және стацонардағы жатқызылған мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Слайд 8 Анестезиолог дәрігер науқасқа немесе оның заңды
өкіліне ұсынылған анестезия әдісі туралы толыққанды ақпарат беріп және Қағидағаның 2
қосымшасына сай науқастың анестезияға ақпаратты келісімін алады. Науқастың жағдайы өз келісімін бере алмайтын күйде болса (шок, коматоз жағдайында; ауыр психикалық аурумен ауырса; он сегіз жасқа толмаған; заңды түрде қабілетсіз деп танылған) шұғыл анестезия заңды өкілдерінің жазбаша келісімінің негізінде жүргізіледі, заңды тұлғалар болмаған жағдайда, дәрігерлер консилиумымен, дәрігерлер консилиумын жинай алмаған кезде шешімді анестезиолог дәрігердің өзі қабылдап, медициналық ұйымның лауазымды тұлғаларына ескерту жасайды. Қарау нәтижелерін, өз қорытындысын науқастың таңдаған анестезияға келісімін (заңды тұлғалардың, дәрігерлер консилиумының шешімін) анестезиолог дәрігер медициналық құжатқа енгізеді.
Слайд 9Дәрігер анестезиолог анестезияның ұзақтығына қарамастан анестезия хаттамасын және анестезия 30
минуттан артық уақытқа созылған жағдайда анестезиологиялық картаны жүргізеді.
Анестезиолог дәрігер
операциялық бөлмеден анестезия кезінде операция біткенге дейін кетпейді (жедел қажеттілік туындаған жағдайда науқастың жағдайын анестезиологиялық картада және сырқантаманда белгілеу арқылы анестезиолог дәрігердің ауысуы жүргізіледі).
Науқасты операциядан кейінгі ояту палатасына, бейінді бөлімшелерге немесе реанимация және қарқынды терапия палаталарына дейін жеткізу кезінде анестезиолог дәрігер палатаға дейін алып жүреді және кезекші дәрігерге тапсырады. Медициналық құжатқа науқастың жағдайы, уақыты, науқасты бақылауға алған кезекші дәрігердің аты-жөні, лауазымы енгізіледі.
Слайд 11Операциялық-анестезиялық қауіп науқастың объективті жағдайы, алдағы операция көлемі мен сипаты
бойынша бағаланады.
Науқастың объективті жағдайы, алдағы операция көлемі мен сипатының бағасы
балл бойынша жүзеге асады.
Науқастың объективті жағдайын бағалау:
1) жүйелік бұзылуларды шақырмайтын жергілікті ауруы бар науқастар (дені сау адамдар) – 1 балл;
2) жеңіл немесе орташа бұзылулары бар науқастар, гемостазда айқын өзгерістер жоқ, ағзаның тіршілік әрекетін аз дәрежеде бұзады – 2 балл;
3) ауыр жүйелік бұзылулары бар науқастар, ағзаның тіршілік әрекетін едәуір бұзады, бірақ еңбекке жарамсыздыққа әкелмейді – 3 балл;
4) ауыр жүйелік бұзылулары бар науқастар, өмірге қауіп-қатер әкеледі және еңбекке жарамсыздыққа әкеліп соғады – 4 балл;
5) жағдайы соншама ауыр, 24 сағат ішінде өлім күтуге болады – 5 балл.
Слайд 12РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІНДЕ НАУҚАСТАРДЫ БАҚЫЛАУ
Слайд 13 Дене температурасын өлшеу мен оны бақылау
Дене температурасының көтерілуі дене
қызуы (қызбасы) деп аталынады. Ол патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде
және жылу реттегішті қайта құру түрінде пайда болады. Дене температурасының қызбалық көтерілу жоғарлығы, ұзақтығы және өзгермелі сипаты бойынша сан алуан.
Ж о ғ а р ы л ы ғ ы бойынша мынадай түрлері бола-ды. (М. В. Черноруцкий бойынша): 1) 0,5—1° шамасын-да температураның өзгеріп отыруымен сипатталынатын субфебрильді температура (38°С жоғары емес); 2) орта-ша қызбалы температура (38°—39°С); 3) жоғары қызба-лы температура (39°—4ГС);4) гиперпиретикалық (4ГС жоғары).
Ұзақтығы бойынша: 1) өткінші қызба-дене тем-пературасының бірнеше сағат бойында көтерілуі; 2) жедел— 15 күн бойы дене температурасының жоғары бо-луы; 3) жеделдеу — қызбаның ұзақтығы 45 күнге дейін; 4) созылмалы — 45 күнге дейін температураның түспеуі.
Слайд 14 Артериялық қан қысымын бақылауға алу керек және ЭКГ мониторинг
жүргізу керек.
Слайд 15 Ағзаның негізгі тіршілік параметрлерінің бірі тыныс алу
жиілігіне мониторинг жасау
Пульсоксиметрия – бірінші кезекте
науқастың тыныс алып жатқандығын бақылау. Гипоксия- анестезия кезінде жүрек тоқтап қалуының бірден бір негізгі себебі болып табылады, сол үшін пульсоксиметрияның көмегімен оны бақылауда ұстаймыз. Гипоксияның клиникалық симптомын білуге кеш болып қалады.
Сол себепті науқасты бақылау маңызды нақты көршеткіштерге қарап, сағат сайын үздіксіз қандағы гемоглобинді, оттегі көлемін бііліп отыру керек.
Пульсоксиметрия- өкпедегі оттегі жетіспеушілігін, бұзылыстарды анықтауға көмектеседі. Анестезия кезінде гипоксияны анықтайды. Оттегімен қамтамасыз етілуді үздіксіз бақылау кез елген апатты жағдайдың алдын алады.
Слайд 16Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіндегі науқас жағдайына мониторинг жүргізу.
Слайд 18 Науқастың анестезияға ақпаратты келісімі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі
туралы»
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйегіндегі
№ 193-IV Кодексінің 88, 91 баптарына сәйкес
Мен,
________________________________________, 19______ жылғы
(аты, жөні, әкесінің аты)
_______________________________________ бөлімшесінде ем алып жатырмын
және өзіме (балама, қамқорлықтағы тұлғаға) анестезия жүргізуге келісімімді беремін _________________________________________________
_____________________________________________________________________
(анестезияның түрі және құрамы)
1. Мен анестезияның түрлері мен әдістері туралы, кездесетін асқынулары мен қауіп-қатер дәрежесі жайлы хабардармын.
2. Емдеу жұмыстарының барынша нәтижелі болуы үшін, мен міндетті түрде дәрігерді өзімнің денсаулығым (баламның, қамқорлықтағы тұлғаның денсаулығы) туралы барлық проблемалар, тұқым қаулаушылық аурулар жайлы, аллергиялық реакциялар, тағамдар мен дәрілік заттарға жеке басты көтере алмаушылықтың барлығы және темекі шегу, алкоголдік және есірткілік заттарды пайдалану жайлы хабардар етуім қажет.
3. Мен, маған ұсынылған ауырсыздандыру түрімен, анестезиологиялық іс-шаралар жүргізуге келісемін. Маған менің жағдайымда наркоз барысында кездесуі мүмкін ең қауіпті асқынулардың түрлері мен сипаты жайлы түсіндірілді.
Слайд 19 4. Операцияға байланысты маған қан және оның компоненттерін (плазма,
эритроцитарлық, тромбоцитарлық және лейко массаны) немесе басқа белокты препараттарды құю
қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы ем шараның қажеттілігін түсіне отырып, оған келісімімді беремін.
5. Мен операциядан кейінгі тәртіп ережелерімен және оларды сақтамаған жағдайдағы нәтижелермен, сондай-ақ пайда болуы мүмкін ауырсыну сезімі мен ауырсыздандыру әдістерімен хабардармын.
6. Мен А.Ж.Ә.А. __________________________ дәрігер-анестезиологтың болуына келісімімді беремін.
7. Мен қажетті сұрақтарымды қоюға мүмкіншілігім болды және барлық сұрақтарыма қанағаттанарлық жауаптар алдым.
8. Мен осы құжаттың барлық тармақтарымен таныспын және олармен келісемін «__» ____________ 20____ жыл.
Науқастың қолы __________________________________
Дәрігер ____________________________________________________
(А.Ж.Ә.А., қолы)
Қорытынды
Анестезия жасау кезінде анестезист мейірбике өзінің жұмысында денсаулық сақтау ұйымының анестезиология, реанимация және жіті терапия жүргізу (анестезиология) бөлімшесіне сәйкес ережелерді, қазіргі лауазымдық нұсқаулықты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының заңнамалық актілерін, денсаулық сақтау саласының өкілетті органдарының бұйрықтары мен нұсқаулықтарын, сонымен бірге анестезиолог-реаниматолог дәрігердің және басқа да лауазымы жоғары тұлғалардың нұсқаулары мен өкімдерін басшылыққа алады.
Сонымен қатар анестезия кезінде және реанимация бөлімшесіндегі науқастардың жағдайын қатаң түрде бақылайды. Науқастың толық жағдайына қарайды.
Слайд 211. Анестезиология и реаниматология : учебник / под ред. проф.
А.
И. Левшанкова. — СПб. : СпецЛит, 2006. — С. 205—256,
386—393.
2. Қазақстан Республикасының халқына анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 9 маусымдағы № 372 Бұйрығы.
3.А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.
4.Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии / Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.
5.Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.
Пайдаланылған әдебиеттер: