сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепке сырттан жасалатын, күн
сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Жай бөлініс: персоналды олар үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулықтар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді.
Кезеңдік бөлініс: бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа ие.
Мәдени бөлініс: бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге баса назар аударылады. Көшбасшылық нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі.
Стратегиялық бөлініс:
мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа ұмтылу-стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшілігі болып табылады.
Бастамашылық бөлініс: бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар.
Жеке қарым-қатынас: (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-қатынас)
Құрметтеу: (басқаның пікірін тыңдау және бағалау)
Құзыреттілік: (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу)
Адалдық:
(өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас)