Разделы презентаций


ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ Орындаған: Әуелбеков Бағлан Әмір Алмас Жанықұл

ЖоспарКіріспеНегізгі бөлімҚұрылуыЖорықтарыШаруашылығы мен мәдениетіҚұлау себебіҚорытынды

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 ОҒЫЗ

МЕМЛЕКЕТІ
Орындаған: Әуелбеков Бағлан
Әмір Алмас
Жанықұл Жасұлан
Жанысбаева Жанар
Ибрахимова Гулзод
Қабылдаған: Нұрманова Шынар

ОҒЫЗ       МЕМЛЕКЕТІОрындаған: Әуелбеков БағланӘмір АлмасЖанықұл ЖасұланЖанысбаева ЖанарИбрахимова ГулзодҚабылдаған:

Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Құрылуы
Жорықтары
Шаруашылығы мен мәдениеті
Құлау себебі
Қорытынды


ЖоспарКіріспеНегізгі бөлімҚұрылуыЖорықтарыШаруашылығы мен мәдениетіҚұлау себебіҚорытынды

Слайд 3К І Р І СПЕ
Тарихта қандай да бір мемлекет болмасын міндетті түрде оның белгілі

бір пайда болуы мен қалыптасу тарихы болатыны белгілі.
Қазіргі Қазақстан аумағында

ежелгі дәуірден бастап тайпалық одақтар мен мемлекеттік бірлестіктер болғандығы белгілі. Кез келген мемлекеттің құраушы азаматтары мен сол халықты құраушы этникалық бірлестік топтары болады. Біз қарастырып отырған Оғыз мемлекетінің де белгілі дәрежеде қалыптасу тарихы мен дамуымен қатар оғыз мемлекетін құраушы этникалық топтарда болды.
Оғыз мемлекетін қарастырмас бұрын, алдымен сол Оғыз мемлекетінің қалай және не себепті пайда болғанын қарастырып көрсек. Ең алдымен, Оғыз қауымдастығының басты пайда болуы сол территориядағы қарлұқ,қимақ тайпаларының ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен құлдырауға ұшырауы тарих сахнасында жаңа дамыған орта ғасырлық Оғыз мемлекетін өмірге әкелді.
Оғыз этимологиясының пайда болуы турасында осы уақытқа дейін нақты пікір этнонимі «ұыз» сөзінен пайда болды десе, ал екінші біреулер садақтың оғы «оқ» сөзіне көпше мағына беретін «уз» жұрнағы қосылып, «оғыз» сөзінің түбі тотемдік «өгіз» деген сөзден пайда болған деп дәлелдеуге тырысады.

К І Р І СПЕТарихта қандай да бір мемлекет болмасын міндетті түрде оның белгілі бір пайда болуы

Слайд 4Оғ ы з а т ауы
«Оғыз» этнонимінің «өгіз» атауынан шыққаны күдік тудырмауы тиіс. Мұны

зерттеушілердің көпшілігінің мақұлдайтынын да айта кеткен жөн.
В.Бартольд батысқа жылжығандардың сандық

көрсеткіштерсіз, тек Оғыздар деп атал­ғанына назар аударды. Оғыздар ІХ ғасырда Жетісу арқылы Сырдарияның төменгі ағысына қоныстана бастағанда олардың сандық және сапалық тұрғыдан құрамдары өзгеріп кетті. Х ғасырдан бастап оларды араб географтары Ғұздар деп атай бастады. Тарихи деректер Оғыз тайпаларының Учук және Бузук деп аталатын екі топқа бөлінгендерінен хабардар етеді. Кас­пий мен Арал теңіздерінен солтүстікке қарайғы аймақта Оғыздар күшті мемлекет құрды. Алайда солтүстік-шығыстан келген Қыпшақтар Х ғасырда оларды ығыстыра бастады. Оғыздардың біраз тайпалары Еділ өзеніне дейін барып, осында печенегтермен қақтығысса, ал екінші үлкен бөлігі Орта Азиядағы мұсылман иеліктеріне басып кіріп, Жерорта теңізіне дейін барды. Олардың 1065 жылы Дунайдан өтіп, Балқан түбегіндегі халықтарды тонап, Элладаға дейін барғандары белгілі. Қазіргі Осман түріктерінің біразы – солардың ұрпақтары. Бірақ олар қазір «түрік» атанып кеткен.
Оғ ы з   а т ауы«Оғыз» этнонимінің «өгіз» атауынан шыққаны күдік тудырмауы тиіс. Мұны зерттеушілердің

Слайд 6Оғыз мемлекеті (IX-XI ғасырлардың басы). Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен

қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз саяси бірлестігі

құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды.  
Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан, кейін 22 тайпадан құралғаны айтылады. Олар: қынық, қайығ, байундур, йуа-йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат, йаз-ғыр, аймур, қарабөлук, алқабөлук, ігдір, урәгір-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзұқ (бузук), ұшұқ (учук) болып екіге бөлінді. Олар тиісінше оғыздар әскерлерінің оң және сол қанаттарына кірді.

Оғыз мемлекеті (IX-XI ғасырлардың басы). Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында

Слайд 78 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың

едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың

«Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы,   әл-Якубидің  еңбегінде айтылады және
М. Қашғари мен Марвазидің еңбектерінде кездеседі.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ

8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді.

Слайд 8 Басқару жүйесі

мен

діні

“Жабғы” атағы бар жоғарғы билеуші. Оғыз мем­ле­кеті өзінің са­яси және әле­уметтік тұрмы­сы жағынан көне фе­одал­дық мем­ле­кет бол­ды. “Жабғы” атағы бар жоғарғы би­ле­уші Оғыз мем­ле­кетінің бас­шы­сы бо­лып са­нал­ды. Оғыз жабғыла­рының орын­ба­сар­ла­рын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы би­ле­ушілер ор­ны мұра­гер­ге беріліп отырған. Оғыз хан­да­рын сай­лау кеңес­терде өткізілген. Жабғудың “инал” де­ген атағы бар өз мұра­гер­лері болған. Жас кезінде олар­ды тәрби­елеу үшін ар­найы қамқор­шы­лар (ата­бек­тер) тағайын­далған. Оғыз жабғыла­рының әйел­дері са­рай маңын­дағы өмірде ай­тар­лықтай рөл атқарған. Оларға “хатун” де­ген атақ берілген. Са­рай­да әске­ри кеңес­ке сүйенетін оғыз әскерінің бас­тығы (Сю­башы) маңыз­ды орын алған. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы-балгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.

Басқару жүйесі

Слайд 9 МӘДЕНИЕТІ
Оғыз мемлекетінің халқы — түркі

және иран тілінде сөйлеген.
IX-X ғасыр­ларда Оғыз мем­ле­кетінде ескі ру­лық-тай­па­лық инс­ти­тут­тардың

тез ыды­ра­уы жағдайын­да пат­ри­ар­хаттық-фе­одал­дық қаты­нас­тар да­мыды. X ғасыр­дың аяғы мен XI ғасыр­дың бас кезінде Оғыз елінде алым-са­лықты ти­янақты түрде жи­нап оты­ру жүйесі орын ал­ды, бұл – мем­ле­кет­те тұрақты басқару ап­па­раты­ның құрылғанын көрсе­теді. Қала­лар­дағы үй­лер көбіне тас­тан, ағаш­тан, қамыс­тан тұрғызыл­ды. Оғыз­дардың Сыр­да­ри­яның төменгі ағысын­да Жан­кент, Жент, Жу­ара, ал Сыр­да­ри­яның ор­та ағысын­да Қар­нақ, Сүткент, Фа­раб, Сығанақ және Са­уран т. б. қала­лары болған. Олар­да қолөнер кәсібі, со­ның ішінде мал өнімдері мен шикізат­тарды өңдеу да­мыды. Оғыз­дарда құмы­рашы­лық өндірісі де өркен­деді. Олар ме­кен­дейтін аумақтар­да темір, күміс, ал­тын, мыс және асыл тас­тар өндірілді.
МӘДЕНИЕТІОғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген.IX-X ғасыр­ларда Оғыз мем­ле­кетінде

Слайд 10 Шаруашылығы
Оғыз­дардың көпшілігінің бас­ты кәсібі көшпелі мал

ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Оғыз тай­па­лары­ның бір бөлігі Сыр­да­ри­яның төменгі бойын қыс­тап,

жай­лауға Кас­пий маңын­дағы да­лаға көшкен. Оғыз­дар негізінен жылқы, қой, ешкі, си­ыр, өгіз, түйе өсірген. Сон­дай-ақ оғыз бай-фе­одал­да­ры жер қайыс­тырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыз­дар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыз­дар аңшы­лықпен де ай­на­лыс­ты. Оғыз ке­дей­лері Арал теңізінен, Сыр­да­ри­ядан, тағы басқа да өзен­дерден ба­лық аулап кәсіп қылған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды.
ШаруашылығыОғыз­дардың көпшілігінің бас­ты кәсібі көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Оғыз тай­па­лары­ның бір бөлігі Сыр­да­ри­яның

Слайд 11 Жорықтары
9 ғасыр бас кезінде оғыздардың

көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі

жағы мен Арал өңірі мен Жетісу даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. 965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Оғыздардың хазарлармен қан төгіс шайқастары, Маңғыстауға батыс жағынан іргелесетін далаларда өткен болса керек. X ғасырдың орта кезінде Каспий теңізінін солтүстік-шығыс жағасына дейін жеткен Хазар державасының шекарасы осы жерден басталатын еді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатынын өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ Бұлғариясында күйрете женді. Орыс шежірешілері 985 жылы князь Владимирдің торқтармен (оғыздармен) одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. Князь әскерлері Еділмен немесе Камамен қайықпен жүзді, ал тұрқтар жағамен өздерінің жауға мінетін аттарымен жүріп отырды. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым -салықтардың жыртқыштыкпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі

Жорықтары9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді,

Слайд 13 Мемлекеттің құлауы
XI ғасыр­дың ба­сын­да Оғыз мем­ле­кеті құлды­рай бас­та­ды.

Оған алым-са­лықты жыртқыш­тықпен аяусыз жи­науға на­разы­лық білдірген оғыз тай­па­лары­ның көтерілісі

се­беп бол­ды. Бұл жағдай X ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да өкімет ба­сына кел­ген Әли­хан­ның билік құрған кезіне жа­тады. Жабғының өкіметіне қар­сы ха­лық на­разы­лығын, Жент маңына келіп қоныс­танған салжұқтар­дың көсем­дері пай­да­лан­ды. Салжұқ көсем­дері Ян­ги­кент­тегі оғыз би­ле­ушілеріне қар­сы көтерілісті бас­тап, Жент қала­сын ба­сып ал­ды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра ал­ма­ды. Осы кез­де ел ба­сына Әли­хан­ның мұра­гері Шахмәлік келіп, мем­ле­кет едәуір кұшейді. 1041 жы­лы оғыз­дар Хо­резмді жа­улап ала­ды. Алай­да, ара­да екі жыл өткен­нен кейін оғыз­дардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтар­дың қолы­на түсіп өлтіріледі. . Алайда екі жылдан кейін Шахмәлік деректемелер бойынша, бізге белгілі огыз жабғуларының соңғысы — салжұқтардың қолына түсіп, өлтірілді. Көтерілісшілер қозғалысына қарсы күрес, салжұқтарға қарсы жылдар бойғы жүргізілген шайқастар мен соғыстар оғыз жабғуларының бірлестігін іштей үңгіп әлсіретті.
Оғыздар мемлекеті қыпшактайпаларының соққыларынан құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардын тегеурінінен Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауараннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Қыпшактар XI ғасырдың ортасында талқандаған оғыздардың қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.

Мемлекеттің құлауыXI ғасыр­дың ба­сын­да Оғыз мем­ле­кеті құлды­рай бас­та­ды. Оған алым-са­лықты жыртқыш­тықпен аяусыз жи­науға на­разы­лық білдірген

Слайд 14Назарларыңызға
рахмет !!!

Назарларыңызға рахмет !!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика