Разделы презентаций


Презентация

ЖоспарКіріспеНегізгі бөлімШенеуніктер даярлау саясатыҚазақ балалары түлеп ұшқан – Неплюев әскери мектебіАлғашқы қазақ шенеуніктеріОрыс-қазақ мектептерінің ашылуы Шенеунік топтарыҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Презентация
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» Ақ
«Қазақстанның қазіргі заманғы

тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы
Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ шенеуніктері: қалыптасу

ерекшеліктері және әкімшілік мансап

Орындаған: Бейсенбай Б.Н
Тобы: 102ФКа
Қабылдаған: Нигматулина Ш.Ш

Презентация«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» Ақ«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасыТақырыбы: ХІХ ғасырдағы

Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Шенеуніктер даярлау саясаты
Қазақ балалары түлеп ұшқан – Неплюев әскери

мектебі
Алғашқы қазақ шенеуніктері
Орыс-қазақ мектептерінің ашылуы
Шенеунік топтары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

ЖоспарКіріспеНегізгі бөлімШенеуніктер даярлау саясатыҚазақ балалары түлеп ұшқан – Неплюев әскери мектебіАлғашқы қазақ шенеуніктеріОрыс-қазақ мектептерінің ашылуы Шенеунік топтарыҚорытындыПайдаланылған

Слайд 3Кіріспе
ХІХ ғасырда Патшалық Ресейдің жүргізген реформалары Қазақстанды империя құрамына біріктіруге

және бұл реформа қазақтардың өмір сүруіндегі барлық салаларды қамтыды. Әкімшілік,

соттық тағы басқа жүйелердің енгізілуі көшпелі қоғамдық тұрмысты, әлеуметтік-саяси өмірге өзгертудегі күрделі үдерістердің басы болды. Барлық әлеуметтік институттар Ресей әкімшілік назарына ілікті.
Ресей басқармасы үшін маңызды лауазымды орындарға қазақ элитасын тарту – қазақ қауымын өздеріне иландырып және қазақ жеріне бақылау орнатқысы келетіні көрсетті.
Сонымен қатар Ресей билігінің саясаты – көшпенділердің әлеуметтік құрылымын жойып, далалық императорлық биліктің сенімді басшылары ретінде қазақ шенеуніктерінің пайда болуына бағытталды.
КіріспеХІХ ғасырда Патшалық Ресейдің жүргізген реформалары Қазақстанды империя құрамына біріктіруге және бұл реформа қазақтардың өмір сүруіндегі барлық

Слайд 4Шенеуніктер даярлау саясаты
Ресей билігі жаңа лауазымға ие болған сұлтандар, билер,

ауызбасыларды Ресей саясатын қолдап, халыққа соны насихаттау ісімен айналысатын болады

деп шешті. Оның алғашқы нәтижелері 1784 жылы Орынборда шекаралық сот пайда болып, оның құрамына орыс офицерлерімен қатар, алты қазақ ауылбасы және бір сұлтан енеді. 1799 жылы мәслихатшы штатына қазақ халқынан алғаш рет адам алған Орынбор шекаралық комиссиясы құрылады. Жергілікті билік өз саясаттарын жүзеге асыруда өз мәслихатшыларының «қажетті қызметін», «комиссия тапсырыстарын» ерекше білгірлікпен, шынайы орындайтынын атап өтеді. Орынбор әкімшілік комиссиясының алғашқы мәслихатшыларының бірі Тәуке Айшуақов болды, бұл қызметті 18 жыл (1800-1818 жж.) атқарды. Осы қызметте әртүрлі белсенді еңбектері үшін 1810 жылы сарай кеңесшісі шенін алды. Сөйтіп, қазақ даласында ХІХ ғасырдың тәуір лауазым мен маңыздылық жолында империялық Ресейдің басқарушылық жүйесінде шектеулі шоғырланған қазақ элитасы өкілдерін алдыңғы орынға шығарды
Шенеуніктер даярлау саясатыРесей билігі жаңа лауазымға ие болған сұлтандар, билер, ауызбасыларды Ресей саясатын қолдап, халыққа соны насихаттау

Слайд 5Қазақ балалары түлеп ұшқан – Неплюев әскери мектебі
Қазақ даласында орысша

білім алуға алғаш үгіттеген Бөкей ордасының ханы Жәңгір хан еді.

Ол орысша білім алудың жақтаушысы бола отырып, қазақ балаларының Неплюев оқу орнында білім алуына себепкер болды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 20-30-ыншы жылдарында алғашқы оқушылар Бөкей ордасынан шықты.
Неплюев әскери мектебі 1825 жылы 2 қаңтарда ашылып өз тарихында атауын бірнеше рет өзгертті. Сонымен қатар 1832 жылы 6 желтоқсанда Неплюев әскери мектебінің қыздарды тәрбиелейтін бөлімі құрылды. Бірақ, ғылыми айналымда жүрген деректер бұл оқу орнында қазақ қыздары бомағанын көрсетеді. Бұл оқу орны 1918 жылға дейін жемісті жұмыс істейді. Орыс шенеуніктері білімді қазақ жастарының түрлі қызметке араласуына ерекше назар аударды. Оқуын жақсы бітірген, қарапайым отбасынан шыққан балаларға – офицерлік шен, төмен нәтижелі түлектерге – қатардағы офицер шенін, жоғарғы көрсеткіші бар сұлтанның балаларына – жүзбасы шенін, кері нәтиже көрсеткендерге офицер шенін берді.
Қазақ балалары түлеп ұшқан – Неплюев әскери мектебіҚазақ даласында орысша білім алуға алғаш үгіттеген Бөкей ордасының ханы

Слайд 6 Алғашқы қазақ шенеуніктері
М.Г. Тәукин (1809-1894) – алғашқы бес қазақ

түлектерінің бірі. Оқуын бітірген соң ол Орынбор мекемесінің батыс бөлігінде

ұзақ жылдар бойы сұлтан-басқарушы болды, полковник болғаннан соң 30 жыл бойы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Оның қызметі полковник шенімен және қасиетті Владимирдің төртінші дәрежелі орденімен бағаланды. Сонымен қатар М.Г. Тәукин Қазандық ежелгі мұражайлармен қарым-қатынасын сақтап, ерікті экономикалық қоғаммен хат алысып тұрды және Орыстың географиялық қоғамымен қызметтес болды. Орыс шаруаларының өмірі мен әртүрлі ерекшеліктерін зерттеген орыс зерттеушілері тәрізді М.Г. Тәукин Ембі, Ойыл, Елек өзендерінің маңында көшіп жүрген қазақтардың тұрмысын зерттеп, қазақтың көшпелі қоғамының ерекшеліктерін суреттеп анықтады. 1861 жылы «Экономикалық жазбалар» журналында қазақ халқының тұрмысы, мал шаруашылығы және басқа да мәліметтер туралы еңбектері жарияланды. Орыс жерінде білім алған М.Г. Тәукин өзінің баласы Шәңгерейді де 1848 жылы кадет корпусына оқуға жіберді.
Алғашқы қазақ шенеуніктері  М.Г. Тәукин (1809-1894) – алғашқы бес қазақ түлектерінің бірі. Оқуын бітірген соң

Слайд 7Сейітхан Жантөрин (1837-1891) әкесінің орысша білім алып оны жаңа мәдениетке

қатыстыру ойын өзіне сіңіріп, орыс-қазақтың жақындасуындағы белсенді жолсерік болды. Императорлық

орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінде қызмет атқарды, қазақтар тарихы мен этнографиясын жетік меңгерген ол көптеген мәселелерде баға жетпес кеңесші болды. Қазақ халқының тұрмысын терең білетіндігін ескерген Ресейдің жылқы зауыты басқармасы Торғай облысындағы жылқы бағудың дамуы туралы анықтама құрастыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, 1883 жылы «Жылқы өмірі» журналында «Қазақтардың жылқы өсіру очерктері» басылып шықты. Сейітхан Жантөрин өмірінің соңғы жылдарын Уфа губерниясында жер иесі шаруашылығымен айналысып жүргендігін «Торғай» газетінде хабарлады
Сейітхан Жантөрин (1837-1891) әкесінің орысша білім алып оны жаңа мәдениетке қатыстыру ойын өзіне сіңіріп, орыс-қазақтың жақындасуындағы белсенді

Слайд 8Орыс-қазақ мектептерінің ашылуы
Шекаралық комиссия Кіші жүздегі сұлтандар мен дистанциялық бастықтары

жанында іс жүргізе алатын, сонымен қатар тек қазақтар ғана тағайындала

алатын қызмет орындарында жұмыс істеуге қабілетті қызметкерлер даярлау үшін 1844 жылы 14 маусымда арнаулы ереже қабылдады. Дегенмен, түрлі себептермен мектеп 1850 жылы 22 тамызда ашылды. 7 жылдық мектеп 19 жыл жұмыс істеді. Бастапқы онда 20 шәкірт, 3 мұғалім сабақ берді. 1859 жылы 40 бала тәрбиеленіп шығып, мұғалімдердің саны 9-ға жетті. 1862 жылы мектептің оқу мерзімі 6 жыл болып қысқартылып, 1869 жылы мектеп жабылды. Орынбор қазақ мектебін 19 жыл ішінде 48 жас бітіріп шықты. Олардың кейбірі Шекаралық комиссияның өзіне жұмысқа қалдырылды. Бірқатары өз еліне барып, жергілікті басқару аппаратында еңбек етті. Кейбірі 1860 жылдары Қазақстанда жаңадан ашылған мектептерде сабақ берді. Мысалы, осы мектептің алғашқы түлегі Нұрым Мұңсызбаев Тройцкіде ашылған қазақ мектебінде дәріс берді. 1859 жылы Шекаралық комиссияның төрағасы В.В. Григорьев генерал-губернаторға 4-ші бекіністе мектеп ашу қажеттігін айтып, оның толық жобасын ұсынды. Генерал-губернатор 1862 жылы мектеп үйі салынып болуын күтпей-ақ, алғашқы екі бекіністе жеке үйлерде бала оқыта беру керектігін айтып, облыстық басқармаға ұсыныс жасады. Сөйтіп, облыс басшылары Орынбор бекінісіне (Торғай) – Ыбырай Алтынсаринді, Орал бекінісіне (Ырғыз) – Шахмұрат Құлыбековті оқытушылыққа бекітті. Екеуіне де басқарманың аударма қызметі қоса тапсырылды.
Орыс-қазақ мектептерінің ашылуыШекаралық комиссия Кіші жүздегі сұлтандар мен дистанциялық бастықтары жанында іс жүргізе алатын, сонымен қатар тек

Слайд 9XIX ғасырдың I жартысында шенеуніктік төрт топқа бөлінді

XIX ғасырдың I жартысында шенеуніктік төрт топқа бөлінді

Слайд 10Қорытынды
Қазақ шенеуніктері үшін өз биліктері мен беделдерін сақтап қалу маңызды

болды. Осыған орай қазақ элитасының өкілдері Ресей империясының шенеуніктер тізімін

толықтыру үдерісінде ерекше рөл атқарды. Ресей билігі жаңа лауазымға ие болған сұлтандар, билер, ауызбасыларды Ресей саясатын қолдап, халыққа соны насихаттау ісімен айналысатын болады деп шешті. Ресей империясындағы үлгі аларлықтай қызметкерлер татарлар еді, олар мемлекеттік қызметке XVIII ғасырдың І жартысында қабылданды, ал қазақтар тек 100 жылдан кейін ХІХ ғасырдың екінші жартысында араласты. Татарлар Орынбор, Орскіде жергілікті әкімшіліктерде тілмаш қызметін қызметін атқарды. Оның үстіне олар орыс билігінің өкілдері ретінде қазақ жеріне бірнеше рет келіп, жанжалды жағдайларды шешіп, бұйрықтар берді, қазақ халқын басқарудың, басқа үлгісімен, т.т. жағдайлармен таныстырды. Болыстық басқармаларда хатшы қызметіне орыс тілін білетін қазақтарды тарту үшін жергілікті әкімшілік оларды қызметтері үшін көмек көрсету жүйесін жасады. Медальдармен, мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтар секілді дүниелермен марапаттады.
Осылайша ХІХ ғасырдың І жартысында Ресей үкіметі жинақталып қазақ шенеуніктігінің қалыптасу процесін заңнамаларды ықшамдап белгілі бір жағдай жасады.
ҚорытындыҚазақ шенеуніктері үшін өз биліктері мен беделдерін сақтап қалу маңызды болды. Осыған орай қазақ элитасының өкілдері Ресей

Слайд 11Пайдаланылған әдебиеттер
Ленин В.И. К деревенской бедноте. — Полное собрание сочинений.

— Т. 7. — С.
Ленин В.И. Старое и новое. —

Полное собрание сочинений. — Т. 21. — С.
Большакова О.В. Российская империя: система управления. Современная зарубежная историография: Аналит. обзор. —М.: Новое обозрение, 2003. — С. 10, 11.
ҚР ОМА. — 25-қ. — 2-т. — 116-іс; 5-т. — 245-іс. — 128-п.
Миронов Б. Социальная история России периода империи (ХVІІІ – начала ХХ в.): В 2-т. — СПб.: Наука, 2003. — Т. 2. — 201 с.
ҚР ОМА. — 25-қ. — 1-т. — 3804-і.с — 2-п.
Васильев А.В. Исторический очерк русского образования в Тургайской области и современное его состояние. — Оренбург: Изд-во Тургайского обл.статкомитета, 1896. — С. 79.
Пайдаланылған әдебиеттерЛенин В.И. К деревенской бедноте. — Полное собрание сочинений. — Т. 7. — С.Ленин В.И. Старое

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика