Слайд 1СӨЖ
Тақырыбы:Крон ауруы, бейспецификалық ойық жаралы колиттен айырмашылығы. Жалпы
және жергілікті симптомдары. Хирургиялық емдеу.
Алматы, 2020
Дайындаған: Қалмет А.Қ.
Тексерген: Ибадильдин А.С.
Факультет: ЖМ
Группа: 15/010-1
Слайд 2Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Анықтама, классификация, этиология
Клиника, патогенез
Бейспецификалық ойық жаралы колиттен айырмашылығы
Диагностика, емі
III.Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер.
Слайд 3Крон ауруы (англ. Crohn's disease, син. — гранулематозды энтерит, жергілікті
энтерит, трансмуральды илеит, жергілікті-терминальды илеит) — ауыз қуысынан бастап тік
ішекке дейінгі асқазан –ішек жолдарының барлық аймақтарын зақымдаумен жүретін созылмалы спецификалық емес гранулематозды қабыну.
Бұл ауру 1932 ж әріптес-достарымен бірге алғаш рет аурудың 14 жағдайын жарыққа шығарған америкалық гастроэнтеролог Баррил Бернард Крона атымен аталған.
Слайд 4Асқорыту жолының кез келген аймағы зақымдалуы мүмкін. Ең жиі жіңішке
ішек 70%, мықын ішектің терминальды бөлігі, тоқ ішек 30 %.
20-40 жас аралығында адамдарда жиі пайда болады. Әйелдер мен еркектер арасында таралу жиілігі бірдей.
Слайд 5Инфекция
Бактериялар, иерсиния, хламидия, вирустар
Тағамдарға аллергия
Таза қантқа, консерванттық заттарға, бөгде белоктарға
Қоршаған
ортаның зиянды ықпалдары
Өндірістік қоқыстармен ластану
Ішекішілік антигендер ретінде әсер етуі
Ішектің паталогиялық
иммундық реакциясы.
Иммундық кемістік, секрециялық IgA –ның тапшылығы,реттеу қызметінің бұзылысы
Ішек қабырғасының созылмалы қабынуы
Слайд 6Этиологиясы
Вирустар, хламидиялар, иерсиниялар;
Патогендік энтеробактериялардың, анаэробтық микробтардың және ішек таяқшаларының патогенді
түрлерінің көбеюі;
Бифидобактериялардың азаюы;
Тағам құрамында өсімдік клетчаткасының тапшылығы;
Химиялық консерванттарды және бояуларды
тамаққа көп мөлшерде қосу;
Оральдік контрацептикалық дәрмектерді жиі қабылдау;
Слайд 8Патогенез
Ішек тіндерінің антигендеріне Іg А класына жататын аутоантиденелер түзіледі
және ішектің шырышты қабатында сенсибилизацияланған лимфоциттер жиналады.
Алдымен шырышты қабатта
гранулема тәрізді инфильтраттар түзіледі және лимфалық фоликулалар мен пейерлік түймедақтар гиперплазияланады.
Гранулемалар лимфоциттерден тұрады, ортасында Ланганс жасушаларына ұқсайтын алып жасушалар болады.
Жүре бара гранулемалық процесс ішек қабырғасының барлық қабаттарына, тамырларына, лимфа түйіндеріне таралады.
Слайд 9Патогенез
Шырышасты қабатта гиперплазияланған лимфалық фолликулалар тесіліп, жараға айналады.
Ішектің
ішкі бетінде ұзыннан және көлденең орналасқан саңылау тәрізді терең және
жіңішке жаралар пайда болады.
Шырышты қабат ісініп, томпаяды. Эндоскопиялық көрінісінде ішектің ішкі қабаты “тас төсеген” көшеге ұқсайды. Процесс шырышты қабаттан басталып, барлық қабаттарын қамтиды, ішек трансмуральды қабынып, сірлі қабатқа дейін таралады.
Сірлі қабаттың қабынуынан ішектің ілмектері бір-бірімен және көрші ағзалармен жабысып, инфильтраттар түзеді. Пальпация кезінде ауырсынатын, қозғалмалы шамалы тығыз ісік тәрізді құрылымдар анықталады. Жаралардың тереңдігінен абсцестер мен жыланкөздер пайда болады және ішектің өзегі тарылады.
Слайд 10Паталоганатомиялық өзгерістер
Зақымданған ішек қабырғасының тығызданып қалыңдауы, ішектің резиналық трубкаға ұқсауы
Ұлғайған,
беті бұлыңғыр шажырақай лимфа түйіндері
Ошақты гранулемалар
« тас көше » көрінісін
беретін терең сызықша тәрізді жаралар
Жаралардың тыртықтанып жазылуынан болатын екіншілік стриктуралар
Слайд 12Қауіп қатер факторы
тұқым қуалау бейімділігі
микобактериялар
қызылша вирусы
хламидиялар
Candida текті
саңырауқұлақтар
темекі шегу.
Слайд 13Классификация
І.Клиникалық сатысына байланысты жіктелуі:
Жедел
Созылмалы
ІІ.Зақымдану процесінің орналасуына
байланысты жіктелуі:
Жіңішке ішекте
Илеоцекальды аймақта
Жіңішке және жуан ішектің сегменттерінде
Ішектің басқа ағзалармен
қосыла зақымдануымен
Слайд 14III.Клиникалық көрінісінде байқалады:
Ішектік синдром
Өткір қабынудан болатын эндотоксемия
Ішектен тыс зақымданулар
Мальабсорбция синдромы
IV.Клиникалық
түрлеріне байланысты жіктелуі:
қабыну— инфильтративті- (тоқ ішекте басым) профузды диарея, өткір
қабыну белгілері, дене салмағының төмендеуі.
стеноздаушы (ішек тарылуына әкелетін)- (жіңішке және илеоцекальды ішекте басым) ішек өтімсіздігін тудырады.
перфорациялық (фистулалар түзілуіне әкелетін)- абдоминальды инфильтраттар, ішекаралық жыланкөздер мен абсцестер дамиды.
Слайд 15КЛИНИКА
Ауруға тән симптомдар:
Іштің өтуі, шұрқырауы, кебуі ;
іштің ауыруы (Іштің белгілі
бір аймағы ауырады, ауыратын аймақ зақымданған ішектің проекциясына сәйкес келеді);
тез
арықтау;
науқастарда көптен келе жатқан анемия;
себепсіз (диареясыз) арықтау;
жедел басталатын қызба;
әлсіздік, шаршағыштық,
мальабсорбция.
Слайд 16 Жіңішке ішек зақымдануындағы клиникалық ерекшеліктер:
Іш өтуі жиі емес, қоймалжын, жіңішке
ішек тұтас зақымданған кезде сұйық су тәрізді жиі өтуі байқалады.
тамақтан соң іш ұстамалы түрде бүріп ауырады, себебі асқазан –ішектік рефлекстен ішек перистальтикасының күшеюі.
Тоқ ішектегі зақымдану ерекшеліктері:
Іштің жиі тәулігіне 10-12 ретке дейін өтуі, төмендеген бөлігі және сигма тәрізді ішек зақымданғанда нәжіске қан араласуы және түнде дәретке барудың жиілеуі, іштің төменгі аймақтарында ауырсыну тамақтан соң, қимылдағаннан кейін, клизмадан соң және дефекация алдында күшейеді.
Слайд 17Крон ауруының ішектен тыс көріністері:
1.дерттің активтілігіне тәуелді түрінде- ауыз қуысының,
тілдің жаралары, түйінді эритема, дабыл таяқшалары, көздің зақымданулары-конъюктивит, эписклерит, увеит,
кератит, ирит.
2.дерттің активтілігіне тәуелсіз түрінде анкилоздаушы спондилоартрит, сакроилеит, склероздаушы холангит, көз патологиясы, артрит
Слайд 18Крон ауруының асқынулары:
Жыланкөздер
Артқы шығару аймағының зақымданулары
Ішек стеноздары
Ішектің перфорациясы
Ішектен қан кету
Уытты
мегаколон
Екіншілік амилоидоз
В12 тапшылықты анемия
Слайд 19Бейспецификалық ойық жаралы колиттен айырмашылығы
Слайд 20ДИАГНОСТИКА
Аспаптық және лабораториялық зерттеулер:
Жалпы қан анализінде -В12 тапшылықты, теміртапшылықты, постгеморрагиялық анемиялардың
белгілері, лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы.
Биохимиялық қан анализінде -жедел фазалық көрсеткіштердің жоғарлауы, гипоальбуминемия,
гиполипидемия, гипогликемия, гипокальцемия.
Нәжістің анализі: стеаторея, Грегерсеннің оң сынамасы, белоктың болуы, микрофлораның дисбактериозға тән өзгерістері.
Слайд 21Инструменталдық зерттеулер:
Эндоскопиялық
көлденең ойық жаралардың, бөртпелердің (афтылар), «географиялық картаға» ұқсас ісіну
жəне қызаруы, шектелген жерлерінің, асқазан-ішек жолдарының кез келген бөлігінде орналасқан
тесіктердің болуы.
Слайд 222. Рентгенологиялық
ішек қабырғасының сіреспесі жəне оның шеттерінің шашақтануы, тыртықтары
(стриктуралары), іріңді қабынбалары (абсцесстер), ісікке ұқсас конгломераттар, тесік жолдары, ішек
саңылауының «бау» симптомына дейін тарылуы.
Слайд 233. Гистологиялық
Шырыш асты қабатының лимфоидты жəне плазмалық жасушалармен толып ісінуі,
лимфоидті фолликулалардың жəне пейер түйіндақтарының, гранулемалардың гиперплазиясы. Аурудың үдеуі кезінде
лимфодты фолликулалар іріңдейді, ойылады жəне инфильтрация ішектің қабырғаларының барлық қабаттарына таралады, гранулемалар гиалинге айналады.
Слайд 244.Ультрадыбыстық
Қабырғасының қалыңдауы, дыбыс шығару қасиетінің төмендеуі, саңылауының тарылуы, жиырылып
қимылдауының əлсіреуі, гаустрлардың сегменттік жойылуы, абсцесстер (іріңдік қабынулар).
Слайд 25Крон ауруын емдеу принциптері:
Дәрісіз ем
Диета №4, 4б
Өршу кезінде аз-аздан жиі
күніне 5-6 рет тамақтандыру;
Диарея ұзақ уақыттан келе жатса белок мөлшерін
көбейту 1,3-2г/кг тәулігіне;
Жеңіл сіңірілетін көмірсулары мол тағамдарды шектеу, себебі ол аурудың өршуіне түрткі болады;
Іш өтуін тоқтату үшін лактозасыз (сүтсіз) тағамдарды ішкізеді;
Стеаторея болса- майдың мөлшерін шектеу;
Темірдің, фолий қышқылының, майда еритін витаминдердің тапшылығын жою.
Слайд 26Дәрілік емі
Гидрокортизон 100мгх3 рет №5
Трихопол 500мгх3 рет per os
Жүрек
айнуы басылған соң гидрокортизонды преднизолонға ауыстырады, оны тәулігіне 40 мг
ішкізе бастайды. Ауыр анемия болса гемотрансфузия жасалады.
Егер науқастың жағдайы жақсармаса асқынуға күдіктену қажет, бұл кезде хирургиялық ем көрсетіледі.
5-аминоқышқыл туындыларымен емдеу-глюкокортикоидтардың альтернативті емі болып табылады. Сульфасалазин күніне 2 г ішкізеді, месалазин күніне 1200 мг (преднизолонмен қатар).
Метронидазол 400-500 мг күніне 3 рет немесе ципрофлоксацин 500мг күніне 2 рет.
Стероидты ем нәтижесіз болса цитостатиктер беріледі-азатиоприн 2-2,5мг/кг тәулігіне преднизолонмен бірге, ұзақтығы 1 ай. Соңғы кездері преднизолонмен бірге циклоспорин 5-10мг/кг/тәул қолданылуда.
Слайд 27Хирургиялық емі
КА хиругиялық емдеуге көрсетілімдер:
·Ішектік қан кету;
·Аш және тоқ ішектің
перфорациясы
·Жиек ішектің улылық дилатациясы;
Слайд 28Аш ішектің және илеоцекалды белдемінде КА хиругиялық емдеу.
Құрсақ қуысының абцессі
қалыптасқан белсеңді КА таралуы кезінде антибиотиктерді тағайындап, кейін дренажды жүргізіп,
қажет жағдайларында зақымдалған учаскенің резекциясын жасауға болады.
Стриктурапластиканы өткізу ішектің зақымдалған учаскесінің қауіпсіз альтернативті резекциясы болып келеді. Берілген араласу тек стриктураның ұзындығы 10 см жоғары болмаған кезінде мүмкін болады. Стриктурапластиканы жүргізуге кері көрсеткіштерге инфилтрат, флегмон, абсцесс, ішек қабырғаларындағы қатерлі ісіктер немесе қарқынды қан кету және зақымдалған учаскенің көрінбелі қабынуы жатады.
КА кезінде колэктамияның қажеттілігі кезінде лапароскопия ең қолайлы әдіс болып келеді. Берілген ұсыныс өте кұрделі жағдайларға таралмайды, мысалы қайталанбалы оталық араласуда, абцесс және инфильтраттардың таралуында, бұл жағдайда КА күрделі жүруіне байланысты ашық лапаротомия қолайлы.
Ішектің резекциясы бойынша ота жағдайында «бүйір-бүйірмен» типі бойынша аппараттық анастамозды салу әдісін қолдану тиімді, бұл стрикутураның қауқарсыздығына және кейінгі даму мүмкіндігін төмендетеді
Слайд 29Тоқ ішектің КА хирургиялық емделуі.
Тоқ ішектің оқшауланған зақымдануында хиругиялық араласудың
қажеттілік жағдайында (ішектің 1/3 бөлігінің зақымдалуы) сау тіндерінің шегінде анастомозды
қалыптастыра отырыптек зақымдалған бөлігінде резекцияны жүргізген жөн. Ішектің үлкен бөлігінің резекциясы тоқ ішектің екі әртүрлі сегменттерінің зақымдалу жағдайларында ғана мүмкін.
Ка кезінде диффузиялық зақымдалу мен дистальды колит кезінде субтоталды колэктамияның біршама агрессивті әдістемесін, колопроктэктомияға дейін қолдануға мүмкін, бұл аурудың рецидив қауіптілігін төмендетуге және мерзімін ұзартуға болады.
Тоқ ішектің тоталды зақымдалуы бар емделушілерде ауыр клиникалық белгілер болмаған жағдайда, тоқ ішекте қабыну өзгерістерінің ең төменгі белсеңділігінде, анальды сфинктердің сәйкес функциясында және перианалды зақымдалуынығ жоқтығында ота илеоректалды анастамозды қалыптастыра отырып колэктамия түрінде жүргізіледі
Слайд 30Қорытынды
Крон ауруы – ішектің қабырғаларының барлық қабаттары процесске қамтылуымен қатар
жүретін асқазан-ішек жолдарының əртүрлі бөлімдерінің үзілмелі (сегментарлық) зақымдануымен сипатталатын телімсіз
біріншілікті-созылмалы, гранулематозды қабынбалы ауруы. Жыланкөздер мен абсцесстердің пайда болуы трансмуралды қабынудың нəтижесі болып табылады.
Слайд 31Пайдаланылған әдебиеттер:
Белоусова Е. А. Язвенный колит и болезнь Крона. —
Тверь: ООО "Издательство «Триада», 2002.
Халиф И. Л., Лоранская И. Д.
Воспалительные заболевания кишечника (неспецифический язвенный колит и болезнь Крона): клиника, диагностика и лечение. — М.: Миклош, 2004
Адлер Г. Болезнь Крона и язвенный колит, М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001
Учебно – методическое пособие Машкунова О.В. Алматы 2008
http://kazmedic.kz/archives/3466
Ішкі аурулар С.Л.Қасенова.- Алматы,2008.