Слайд 1РЕСПИРАТОРЛЫ ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯЛАР ОРТОМИКОВИРУСТАР, ПАРАМИКСОВИРУСТАР.
Дәрісті дайындаған Бармакова А.М.
Слайд 2ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ. ОРТОМИКСОВИРУСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. ГРИПП ВИРУСТАРЫ
Вирустардың құрылысы. Бактериялардын айырмашылығы
Ортомиксовирустардың
таксономиялық жағдайы. Тұмау вирустарының жіктелуі
Вириондарының құрылысы, химиялық құрамы
Вирустық антигендері
Вирус дақылдандыруы
және репродукциясы
Тұмау патогенезі. Тұмауға қарсы иммунитет
Тұмау вирустарының экологиясы мен эпидемиологиясы
Тұмауға арнайы алдын алу
Тұмаудың лабораторлық диагностикасы
Слайд 3ПАРАМИКСОВИРУСТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Парамиксовирустардың таксономиялық жағдайы. Парамиксовирустардың жіктелуі
Вирустық антигендері. Вирус репродукциясы
Вирустар экологиясы
мен эпидемиологиясы
Парамиксовирустармен қоздырылатын аурулардың лабораторлық диагностикасы
Эпидемиялық паротиттің, қызылшаның арнаулы алдын
алу
Слайд 4ОРТОМИКСОВИРУСТАР /ORTHOMYXOVІRІDAE/
Бұл тұқымдастығына тұмау ауруының вирустары жатады. Олардың А,В,С түрлерін
ажыратады. А-вирустары адамдарға, жануарларға және құстарға патогенді болады. В- және
С-вирустары тек адамдарға патогенді болады.
Слайд 5Құрылымы, құрамы.
Үлкендігі 80-120 нм,
пішіні сфералық,
құрылысы күрделі.
Вирионның ортасында
8 фрагменттен түзелген “теріс-жіпті” РНҚ орналасады, фрагменттер өзара алмаса алады.
Бұл вирустың жоғарғы өзгергіштігін қамтамасыз етеді. Рибонуклеопротеин /РНП/ РНҚ-полимеразамен және эндонуклеазамен байланысқан. Бұлар РНҚ-ның репликациясына және транскрипциясына қажет. Нуклеокапсид спиральдық симметриясымен орналасады.
Сыртқы липопротеидтік қабығы /суперкапсид/ тікенек тәрізді гликопротеидтік рецепторларымен жабылған – гемагглютинин /Н/ және нейраминидазамен /N/. Қабықтын ішкі жағынан М-белогы төселеді.
Вирионның құрамындағы липидтерімен көмірсулардың шығу тегі жасушалық болып табылады.
Слайд 7Антигендер.
1/ типтық ішкі Аг – РНП-мен және М-белогымен байланысты. Осы
Аг бойынша вирустың 3 түрін ажыратады – А,В,С.
2/ сыртқы
Аг – гемагглютинин /Н/ және нейраминидаза / N/. Осы Аг бойынша вирустің А түрі түр тармақтарына бөлінеді. Сыртқы Аг-дердің өзгергіштік қасиеті жоғары болады. Бұл екі генетикалық процесспен – дрейф және шифтімен байланысты. Дрейф кезінде геннің ішінде нүктелі мутациялар байқалады. Шифттің нәтижесінде гендер толығымен алмасады, вирустың жаңа антигендік варианттары пайда болады.
Слайд 8Дақылдандыруы және репродукциясы
. Вирусты тауық эмбрионында немесе жасуша дақылында дақылдандырады.
Адам ұрық бүйрегінің алғашқы жасушаларын пайдаланады.
Гемагглютинин көмегімен вирус эпиттелийге
жабысады, эндоцитоз жолымен ішіне енеді. Геномының транскрипция және репликациясы жасуша ядросында өтеді, қажетті белоктар рибосомаларымен түзеледі. Жинақталған вирустар жасушадан нейраминидаза көмегімен бір-бірден бүршіктеніп шығады.
Слайд 9Патогенезі.
Вирустың репродукциясы жоғары тыныс алу жолдарында өтеді. Зақымдалған кілегейлі қабығы
арқылы вирустар қанға түседі, капиллярлардың эндотелийін бұзып олардың өткізгіштігін жоғарылатады.
Ауыр жағдайда ішкі органдарға қан құйылуы мүмкін. Вирус лимфоциттерге әсерін тигізген сон иммундық тапшылық пайда болады. Сол кезде тұмауға екіншілік бактериялық инфекциялар қосылады.
Слайд 10Иммунитет.
Иммунитет бейспецификалық қорғаныс факторларымен байланысты – интерферонмен және киллер-клеткаларымен /ЕКК
– естественные клетки-киллеры/. Анасынан иммунды глобулиндерімен берілген А-вирусқа қарсы иммунитет
жас балаларда өмірінің алғашқы 6-8 айларында сақталады.
Спецификалық иммунитет жасушалық және гуморальдық факторларымен байланысқан. Жасушалық - макрофагтар және Т-киллерлер арқылы. Гуморальдық - комлементбайланыстырушы және вирусты бейтараптандырушы антиденелер арқылы.
Ауру басталғаннан антиденелер 3-4-ші тәулікте пайда бола бастайды да 2-3 аптада шегіне жетеді. Гемагглютининмен нейраминидазаға қарсы түзелген антиденелер вирусты бейтараптайды. Инфекциялық иммунитет спецификалық және берік болады.
Слайд 11Экологиясы, эпидемиологиясы.
Инфекция көзі – науқастар және вирустасымалдаушылар. Жұғу жолы –
ауа-тамшылы. Жылдың салқын мерзімде грипп эпидемиялық түрде тарайды: А-вирусы –
пандемияны, В – эпидемиямен ошактық вспышкаларды, С – жеке ауруларды қоздыруы мүмкін.
Вирус УКС-лерге, дезинфектанттарға, қыздыруға сезімтал. Сырт ортада бөлмелік температурасында 1-2 тәулікке дейін сақталады. Төменгі температурада –700С-та көп уақытқа дейін сақталады.
Слайд 12Арнайы профилактикасы
Жедел профилактикасын келесі препараттарымен жүргізеді:
ремантадин – А-вирусының репродукциясын тоқтатады
гриппке
қарсы адам иммуноглобулині
лейкоцитарлық интерферон.
Иммунопрофилактикасы вакцина арқылы жүргізіледі: тірі, активсізделген және
химиялық.
Слайд 13
.
Лабораторлық диагностикасы
Вирусоскопия – жеделдетілген диагностикасы ИФ әдісімен жүргізіледі. Мұрын,
мұрынкөмейдің кілегейлі қабығында вирусспецификалық антигендерді анықтайды
Вирусологиялық - мұрынкөмейдің шайындысымен тауық
эмбрионын немесе жасуша дақылын жұқтырып, вирусты көбейтіп бөліп алады. Вирустың түрін КБР-мен анықтайды /А,В,С/. Гемагглютининнің типін ГАТР-мен, ал нейраминидазаның типін – нейраминидазаны тежеу реакциясымен анықтап, А-вирусының түр тармағын идентификациялайды.
Серологиялық - науқастың қан сарысуында антиденелердің мөлшерін анықтайды. 1-ші рет – аурудың басында, 2-ші – 8-14 күннен кейін Антиденелердің титрі кемінде 4 есе жоғарыласа грипп диагнозын дұрыстайды.
Слайд 14
ПАРАМИКСОВИРУСТАР /PARAMYXOVІRІDAE/
Бұлар өте күрделі вирустар. Үлкендігі 150-500 нм, пішіні сфералық,
нуклеокапсид спиральдік симметриясымен орналасады. Геномы “теріс”-жіпті РНҚ-мен құралады және РНҚ-полимераза
ферменті бар. Нуклеокапсид матриксты белогымен қоршалған. Сыртқы қабықшасы екі липидтік қабатынан тұрады және 3 белоктардан – гемагглютинин, нейраминидаза, F-белок.
Слайд 15
Парамиксовирустардың
3 туыстастығы бар:
Paramyxovіrus – парагрипп вирустары 1,2,3,4,5 және эпидемиялық
паротит /мысқыл/ вирусы,
Morbіllіvіrus - қызылша аурруының вирусы,
Pneumovіrus – респираторлық-синцитиалық вирусы
/РС/.
Слайд 16Антигендер.
1/ ішкі S-Аг /нуклеопротеин/,
2/ сыртқы V-Аг /тікенек тәрізді рецепторлардың гликопотеидтері
– Н, N.
Репродукциясы. Гликопротеидтік рецепторларымен вирус жасушаға жабысады, эндоцитоз немесе
мембраналар қосылуы арқылы ішіне енеді. РНҚ-лы цитоплазма ішінде репликацияланады. Жасуша мембранасы сыртқы жағынан гликопротеидтерімен, ішкі жағынан матриксты белогымен жабылады. Болашақ вирустардың нуклеокапсидтері мембранаға жақындап, сонымен қоршалады да бүршіктену арқылы жасушадан бір-бірден шығады. Инфекция нәтижесінде жасуша ішінде ацидофильдік қосындылар пайда болады.
Слайд 17Экологиясы мен эпидемиологиясы
Физикалық, химиялық факторлардың әсеріне сезімтал. Инфекция көзі –
науқастарымен вирустасымалдаушылар. Жұғу жолдары – аэрозольды және қатынастар арқылы. Эпидемиялық
паротитпен, қызылшамен ауырғандар аурудың жасырың кезеңінен инфекция көзі есебінде қауіпті болады.
Слайд 18Лабораторлық диагностикасы
Вирусоскопия – зерттеу затынан жасалған жағындысында вирустық антигендерің ИФ
әдісімен анықтау
Вирусологиялық - зерттеу затты жасуша дақылына жұқтырып вирусты бөліп
алады. Идентификациясын ЦПӘ /цитопатикалық әсері/ бойынша және серологиялық реакция көмегімен жүргізеді: КБР, бейтараптау, ГАТР.
Серологиялық - КБР, бейтараптау, ГАТР-лары жұп /парные/ қан сарысуларымен қойылады, титрдің өзгеруін аурудың даму динамикасында бағалайды.
Слайд 19Алдын алу.
Паротитке және қызылшаға қарсы вакцинопрофилактикасы жасалынады. Пайдаланатын вакциналары:
1/ паротитке
қарсы тірі вакцина,
2/ қызылшаға қарсы тірі вакцина,
3/ паротитке-қызылшаға қарсы тірі
дивакцина.
Жедел профилактикасын иммуноглобулин енгізу арқылы жүргізеді