ашық сұр, сұрғылт түсті) болып келеді, суда көмпиіп ісінбейді.
Карбонатты саздар.
құрамының 75 %-дан астамы сазды минералдардан, қалған бөлігі карбонаттардан тұратын шөгінді тау жынысытар. Карбонаттар пелитоморфтық түйірлер, ірі кристалды агрегаттар және сферолиттер түрінде ұшырасады. Әр типті су алаптарында түзіле алады, алайда көбінесе теңіздік түзілімдерде ұшырасады.
Континенттік саздар. Теңіздерден тыс өңірлерде, яғни құрлықтарда немесе құрлықтарға тән саязсулы алаптар түбінде түзілетін саздардың жиынтық атауы; көл саздары, батпақсаздары, өзен саздары ұшырасуы ықтимал; мұздық саздары, эолдық (жел әрекеті нәтижесінде түзілген) саздар, пролювийлік саздар, делювийлік саздар деген түсініктер де ұшырасады.
Лагуна саздары. Лагуналарда түзілген саздар.
Түрлері