Разделы презентаций


С абақтың тақырыбы

Содержание

Тілі бөлек болса да тілегі бір, жүзі бөлек болса да жүрегі бір

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қазақстан халқының этникалық құрамы және оның дамуы
Сабақтың тақырыбы
Дайындаған: Ибраева Алтынай

Махатқызы
Шымкент қаласы, ХББ НЗМ

Қазақстан халқының этникалық құрамы және оның дамуыСабақтың тақырыбыДайындаған: Ибраева Алтынай Махатқызы Шымкент қаласы, ХББ НЗМ

Слайд 2Тілі бөлек болса да тілегі бір, жүзі бөлек болса да

жүрегі бір

Тілі бөлек болса да тілегі бір, жүзі бөлек болса да жүрегі бір

Слайд 3Қазақстан халқы Ассамблеясы өзiнiң бүгiнгi құқықтық мәртебесi бойынша ұлттық саясатты

жүзеге асыратын қоғамдық институт ретiнде Президенттiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган. Ассамблея

қызметiнiң негiзiн – оның Стратегиясында көзделген мәселелердi шешу, ұлтаралық ке­лiсiмдi нығайту бойынша жұ­мыстардың әдiс-тәсiлдерiн же­тiл­дiру, қазақ тiлi және Қазақ­стан халқының тiлдерiн, мәде­ниетiн және дәстүрiн дамыту, қазақстандық бiртұтастықты қалыптастыру құрайды.

Ассамблеяның жаңа стра­те­гиялық бағыты – әрiптестiк, ашықтық пен қоғамдағы өз ық­палын күшейте отырып аза­маттардың теңқұқықтығына және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне кепiл болу. Конституциялық өз­герiстерге сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытуға бағытталған және мемлекеттiң саяси өмiрiнде басқа да ұлт өкiлдерiнiң болуын қолдайтын бiрқатар саяси-құқықтық шешiмдер қабылдануда. 2007 жылы 27 мамырда Ата заңымыз Кон­с­титуцияға Ассамблеяның құ­қықтық мәртебесiне қатысты өз­герiстер енгiзiлдi. Соның негi­зiнде осы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 съезiнде Парламент Мәжiлiсiне Ассамблеяның 9 мүшесiн депутаттыққа сайлады. Бұл қадам өз кезегiнде басқа да диаспора өкiлдерiнiң мүддесiн қорғаумен қатар оларды қоғам мүддесiне қызмет етуге мiндеттеуге негiз болуда. Аталған 9 де­путаттың бастамасымен бү­гiнде Парламент Мәжiлiсiнде 16 мүшеден тұратын «Жаңа Қа­зақстан» депутаттық тобы құ­рылып, өз қызметiн жүзеге асырып жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы өзiнiң бүгiнгi құқықтық мәртебесi бойынша ұлттық саясатты жүзеге асыратын қоғамдық институт ретiнде Президенттiң жанындағы

Слайд 4
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиет­ті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері

қоныс тепкен еді.

Бүгінде олар тегі басқа болған­мен тең­дігі бір, қаны

бөлек бол­ғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.

Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шеш­кен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақ­тың үш тағаны сияқты «бір ха­лық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.

Бірлігі берекелі, тірлігі мере­ке­лі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.

Осыны халқымыз бек түсініп, бір­лі­гіне бекем болды.

Ел иесі – қазақ халқы да ешкім­ге шет­қақпайлық көрсеткен жоқ.

Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін Ата Заңымызда айқындап алдық.

Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясын қа­былдадық.

Онда ең басты 7 басымдықтың бірі – Жаңа қазақстандық патрио­тизм­нің түп қазығы ретінде ел бір­лігін басты назарға алдық.

Елбасы сөзінен:

Кезінде тағдырдың жазуымен қасиет­ті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.Бүгінде олар тегі басқа болған­мен

Слайд 6Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.
Мереке

1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды
1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді.

1-мамыр бірлік күні

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18

Слайд 8Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы. Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі.

Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ

130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.
Олар:
1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;
2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы (орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);
3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кәрістер, гректер).
Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен және белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Мемлекетіміздің негізін қалаушы этнос - қазақтар. Екінші орында орыстар. Халқы 100 мыңнан асатын 6 этнос бар. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96%-ын құрайды. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, кәрістер - 0,6%, түріктер - 0,6%
Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің - алтай (халықтың 69%), үндіеуропа (30%), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) жөне орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі - түркі тобы, ал қазақтар - елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі - славян тобы, ал ең ірі славян халқы — орыстар.

Ұлт- ұлысқа ортақ үй- Қазақстан.

Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы. Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак

Слайд 9Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды.

Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған. Этнологтар ондай ұқсастықтың

олардың шығу тегінің ортақтығын көрсететінін айтады. Сондықтан тілдік классификация (лингвистикалық) этникалық та болып табылады.
Бұл классификация 3 сатыдан тұрады.

Қазақстанның ұлттық құрамы

Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды. Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған.

Слайд 10Қазақстанның ұлттық құрамы

Қазақстанның ұлттық құрамы

Слайд 13Ян Липириди,
«Эллада» грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық дене шынықтыру

диспансерінің дәрігері:
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНСЫЗ ЕШҚАНДАЙ БІРЛІК ТЕ, ТАТУЛЫҚ

ТА БОЛМАЙДЫ, БОЛУЫ ДА МҮМКІН ЕМЕС!
Шахбаз Джамалов,
Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» респбуликалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
БІЗДІҢ АССАМБЛЕЯНЫ ӘЛЕМДЕГІ АЛЫП ҰЙЫМДАР МОЙЫНДАДЫ!
Равиль Құрбанғалиев,
«Шатлық» татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ, ТАТУЛЫҚТЫ СҮЙЕТІН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АРҚАСЫ
Сергей Вишняк,
«Славяне» Ақтөбе аймақтық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Динар-Электромаш» ЖШС басқармасының директоры:
АДАМДА ОТАН БІРЕУ БОЛАДЫ!

Бір ел,бір халық, бір тағдыр

Ян Липириди,«Эллада» грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық дене шынықтыру диспансерінің дәрігері:  ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНСЫЗ ЕШҚАНДАЙ БІРЛІК

Слайд 14Владимир Ивашкин:
Қазақстанның орыс қауымдастығы» ҚБ СҚОФ мүшесі:
«Елбасымыз айқындап берген бағытты

қолдаймын. Мемлекетіміздегі ауызбіршілік сақталып, бағындырған белестеріміз өсе берсе екен деймін.

Бұл үшін барлық ұлт өкілдері жұмылып еңбектенуі қажет. Біз үшін Қазақстанда жақсы жағдайлар жасалған, біз де оның дамуына үлесімізді қосуымыз керек.»
Геннадий Головкин:
«Менен ұлтымды сұраған кезде: «Әкем – орыс, анам – корей, ал мен қазақпын!» деп жауап беремін. Мен барлық жеңісімді өзімнің еліме, өзімнің халқыма және өзімнің Президентіме арнаймын!»
Е.Михеева:
«Қазақ тілінде сөйлеуді мен жоғары мәдениеттіліктің, тектіліктің белгісі деп білемін»

Бір ел, бір халық, бір тағдыр

Владимир Ивашкин:Қазақстанның орыс қауымдастығы» ҚБ СҚОФ мүшесі:«Елбасымыз айқындап берген бағытты қолдаймын. Мемлекетіміздегі ауызбіршілік сақталып, бағындырған белестеріміз өсе

Слайд 15Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, Қазақстан тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған

унитарлы мемлекет болғандығына биыл 22 жыл толады. Сол бір күрделі

де қалыптасу кезеңінен бергі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ішкі саяси тұрақтылыққа негізделген парасатты саясатының өміршеңдігін қазіргі заманғы даму толық дәлелдеп отыр. Тарихи тағдыры ортақ түрлі ұлт өкілдері тәуелсіз Қазақстанның іргесін бірге қаласты. Көп ұлтты және көп конфессиялы ел болып отырған біздегі толеранттылық пен кикілжіңсіз дамудың ерекше үлгісі бүгінде нақты қолданбалы сипатқа ие болып отыр. Елімізде Ассамблея айасында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, «Сабантой – 2012» мерекесі, украин, славян, әзірбайжан, корей этномәдени бірлестіктерінің атаулы күндері мен мерейтойлары, этнос күндері мен салт-дәстүр мерекелері және басқа да көптеген шаралар өткізілді. Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, көршілес өңірлердегі этномәдени бірлестіктермен шығармашылық байланысты дамытуда соңғы кезде өткізілген бірегей маңызды шара — «Бейбітшілік пен келісім» акциясының Өскемен – Павлодар – Қарағанды – Көкшетау – Петропавловск – Қостанай – Ақтөбе, әрі қарай Орал қаласына тапсырылуы болды. Мұндай шаралар халқымыздың бірлігін күшейтіп, облыс Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің беделін көтеретіндігіне шүбә жоқ.

Бір ел, бір халық, бір тағдыр

Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, Қазақстан тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет болғандығына биыл 22 жыл толады.

Слайд 16Қазақстан жерінде өзге де ұлттардың мәдениетіне бей-жай қарамайтынын келесі жолдардан

біле аламыз:
Петропавлда түркі мәдениетінің алғашқы фестивалі өтті
«Бір халық - бір

ел - бір тағдыр» - Павлодардағы дөңгелек үстел
Батысқазақстандық кәрістер «Қазақстан - ортақ үйіміз» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық XVI сессиясы өтті – Қызылорда
Батыс Қазақстанда дәстүрлі «Достық» фестивалі өтті
Ақтөбеде этномәдени бірлестіктерге облыс әкімінің гранттары тапсырылды
Өңірдің этномәдени бірлестіктері Қарағанды облысы әкімінің гранттарына ие болды
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері еврейлердің Пурим мерекесінде болды
Алматыда этно-мәдени бірлестіктердің жастар бөлімінің республикалық форумы өтті
Қазақстан жерінде өзге де ұлттардың мәдениетіне бей-жай қарамайтынын келесі жолдардан біле аламыз:Петропавлда түркі мәдениетінің алғашқы фестивалі өтті«Бір

Слайд 18Болашақтағы этникалық және діни алуантүрлілік бойынша саясаттың басты төрт элементі

қандай болуы керектігі туралы баяндама дайындайды.
Үйге тапсырма:

Болашақтағы этникалық және діни алуантүрлілік бойынша саясаттың басты төрт элементі қандай болуы керектігі туралы баяндама дайындайды.Үйге тапсырма:

Слайд 19Закаева З., Сарсенбаева З. Межэтнические отношения в современном Казахстане
http://www.cac.org/journal/15-1998/st_06_zakaeva.shtml

Қолданылған дерек

көздері

Закаева З., Сарсенбаева З. Межэтнические отношения в современном Казахстанеhttp://www.cac.org/journal/15-1998/st_06_zakaeva.shtmlҚолданылған дерек көздері

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика