Слайд 1СӨЖ
Тақырыбы: Ішек инфекцияларының эпидемиялогиялық сипаттамасы. Шигеллездер кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары
мен алгоритмдері
Орындаған: Ноғайбай Д.Б
Қабылдаған:Темирбаева Л.Ж
Факультет: Жалпы медицина
Тобы: 14-008-02к
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Жеке эпидемиология
Негізгі бөлім
Ішек инфекцияларына сипаттама
Дизентерия қоздырғыштарына сипаттама
Шигеллездер кезіндегі жүргізілетін шаралардың алгоритмі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Ішек инфекцияларына антропоноздық аурулардың кең көлемі, зооноздық – шағындау, ал
сапроноздық – одан да аз топтары кіреді. Бұл инфекция қоздырғыштарының
ауыз – нәжістік беріліс механизмі басым, сонымен қатар сыртқы ортаның әртүрлі факторлары арқылы – су, тағам, тұрмыстық – жанасу жолдарымен жұғады
Слайд 4Ішек инфекцияларының қоздырғышы бактериялар мен вирустар болып табылады.
Антропонозды ішек инфекциялары:
іш сүзегі, дизентерия, тағам токсикоинфекциялары, тырысқақ, ботулизм, полиомелит, вирусты А,
Е гепатиттері
Табиғи-антропургиялық ішек инфекциялары:сальмопеллез, парасүзек В, кампилобактериоз, ішек ирсионозы, бруцеллез, листериоз.
Вирусты ішек инфекциялары: полиомиелит, вирусты А, Е гепатиттер ротавирусты инфекция.
Бактериалдыинфекциялар: іш сүзегі, дизентерия, ботулизм, тырысқақ, бруцеллез, иерсиниоздар, пастареллез, лептоспироз, листериоз.
Слайд 5Ішек инфекциялары көбінесе санитарлық – гигиеналық шаралар арқылы басқарылатын аурулар
категориясына жатады: сарқынды су құбырларының жүйесі мен тазарту объектілері, су
көздері мен су құбырлары, қоғамдық тамақтану, сауда объектілері, бала – бақша мекемелері, емдеу, алдын алу мекемелері.
Слайд 6Іш сүзегі – сальмонелла туыстастығына жататын бактериялар тудыратын ауру. Қоздырғыштың
адамға жұғуы су, тағам, тұрмыстық – қатынас жолдары,нәжіс – ауыз
механизмі арқылы берілетін, бірен – сарандап таралатын антропоноздық жұқпалы жіті ішек ауруы.
Іш сүзегі
Слайд 7Іш сүзегінің инфекциялық процесі бактериемиямен, аурудың циклді өтуімен, ішектің лимфалық
аппараттың зақымдалуымен, бауырдың және талақтың ұлғаюымен, айқын уланумен, кеуденің төменгі
жағы мен іш терісінде бірен – саран розеолезді бөртпелердің пайда болуымен, энтеритпен және асқыну мүмкіншілігімен, ішектің тесілуі(перфорация), қан кету және соңынан ішперденің қабынуы(перитонит) тәрізді асқыну мүмкіндіктерімен сипатталады.
Слайд 8Клиникалық белгілері 4 кезеңге бөлінеді:
Бастапқы кезең – әлсіздік, беймаздану, қалтырау,
дене қызуы 39°-40°С градусқа дейін көтеріледі.
Аурудың қызу кезеңі – интоксикация,
розеолалы бөртпелер, галлюцинация, іштің өтуі, ішектен қан кету, ішектің жарылуы, перитонит.
Клиникалық белгілерінің азаюы, дене қызуының қалпына келуі.
Жазылу кезеңі.
Іш сүзегінен өлім-жітім 0,3% құрайды.
Слайд 9Симптомдары мен синдромдары
Сезімталдық немесе ауыру сезімінің, сықырлап құрылдаудың болуы
Метеоризм
(іш кебу)
Падалка симптомының оң нәтижесі (оң жақ мықын аумағындағы перкуторлық
дыбыстың қысқаруы)
Слайд 10Асқынулары :
Сандырақтау, кейде галлюцинацияның әсерінен қозғалыстық мазасыздану
Ішектен қан кету, ащы
ішектің тесілуі(перфорация), перитонит белгілері
Миокардит
Өкпе қабынуы, жіті бронхит
Слайд 12
«О», «Н» диагностикумдарын қолданып,Видаль реакциясы арқылы қарсыденені анықтау
ТГАР пайдаланып «О»,
«Н» және «Vi» қарсытектерді және қарсыденелерді анықтау
ИФР,Vi – қарсытекті анықтауға
болады
Слайд 13Алдын алу шаралары:
Вакцинация:
Жоспарлы вакцинация. ҚР Үкіметінің 23 мамыр 2003 жылғы
№488 қаулысына сәйкес жоспарлы вакцинацияға тек қана канализация мен тазалау
ғимаратының жұмысшылары, жұқпалы аурулар стационары, бактериологиялық зертханалар қызметкерлері жатады.
Эпидемиялық көрсеткіш бойынша . Науқас адаммен жанасқан адамдар
Пайдаланылатын вакциналар:
Тифбар – сұйық ішсүзектік ВИ – полисахаридтік вакцина(ИНдия),еріткіш бөлек, 0,5мл дозасы қардың бұлшықтіне енг.
Тифам – ВИ,іш сүзегіне қарсы вакцина (Франция)
Фагопрофилактика: іш сүзектік немесе поливаленттік (парасүзектің алдын алу үшін) бактериофаг пайдаланылады.
Слайд 14Дизентерия немесе шигеллездер – Shigella туыстастығына жататын, көптеген сероварлар бар(48),
4 түрлі (S.disenteriea,S.boydii,S.Flexneri,S.sonnei) бактерияларымен қоздырылатын антропоноздық жедел ішек инфекцияларның үлкен
тобы. Бұл қоздырғыштар тұрмыстық, сулық, тағамдық жолдармен іске асып, тек бір ғана нәжістік – ауыздық механизммен таралады.
Слайд 15
Ауру ток ішектің шеткері бөлігінің сілемейлі қабатының зақымдалуымен, АІЖ
қызметінің бұзылуымен және ұзақ мерзімде өтуге бейімділігімен (1-5%), әртүрлі клиникалық
белгілердің көрінуімен сипатталады. Негізгі синдромы: гемоколит, түйіліп – ауыру сезімі, улану, қан, сілемей араласқан нәжіс.
Слайд 16Түрлер, кезеңдер:
Жіті:
Бастапқы
Шарықтау
Симптомдардың өшуі
Айығу: қалдық белгілер созылмалы түрге ауысуы
Созылмалы:
Жіті және
созылмалы ағымдардағы жеңіл,орташа ауыр және ауыр түрлер
Шигеллездік бактерия тасымалдаушылық
Слайд 17Дизентерияға диагноз қоюдың зертханалық критерийлері
Зерттелетін материал
Нәжістер, ректалық жағынды, сілемейлі
қабаттан алынған жағынды, секциялық жағынды
Жұп сарысу
Нәжістер, секциялық материалдар
Диагноз қою әдістері
Бактериологиялық:
Құрамында
лактозасы бар қоректік орталар (Эндо,Левин,Плоскирев) және тасымалдаушылықты анықтау үшін – селениттік сорпа.
Иммунологиялық, серологиялық:
ТГАР,АР,ИФТ,IgG,IgM анықтау
Экспресс – әдістер:
ИФР,КоАР,ЕГАРТР,ИФТ,АГАР,
ТЛГАР
Слайд 18Айқын белгілері:
Улану
Гемоколит симптомдары: іштің қиналтып ұстамалы ауруы, дәретке жалған отырғысы
келу, дәретке жиі отыру
Тәулігіне жиілігі 3-тен 50-ге дейін дәретке отыру,сілемейлі
қанды, «ректалық түкірік», анустың ашық тұруы
АҚ төмен, үнемі тахикардия
Ішке пальпация жасағанда – ішектің тоқ ішек бөлігінде немесе тек қана сигма тәрізді ішекте спазмдық тырысу, ауыру сезімдері
ИТШ сирек болады (Григорьев – Шига шигеллезінде)
Слайд 19Алдын алу шаралары:
Тамақ өнеркәсібінде және ашық су қоймаларымен бірге сумен
қамтамасыз ететін объектілерде санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау және санитарлық
– гигиеналық жағдайды қатаң бақылау;
Елді мекендерді тегіс канализациямен қамтамасыздау және санитарлық тазартуды бақылау
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен,тағамдық өнімдермен қамтамасыз ететін мекемелердің қызметкерлеріне, басқарушыларына қойылатын талап жоғары болуы қажет
Барлық тұрғындарды салауатты өмір салтына дағдыландырып,гигиеналық ережелер мен дағдыларды үйрету,санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу