Слайд 1 СӨЖ
Такырыбы:Фосфордың адам ағзасына негізгі түсу жолдары.Фосформен уланудың дамуының патогенезі.
1-нұсқа:Презентация
Орындаған: Оңласбекова.М
Факультет: МПД
Курс: 3
Тобы: 11-002-02 (к)
Қабылдаған: Есназарова Г.С
Слайд 2 Жоспары:
I.Кіріспе:
1.1.Тақырыптың өзектілігі
1.2.Тақырыптың
мақсаты
II.Негізгі бөлім:
2.1.Анықтамасы
2.2.Этиологиясы
2.3.Патогенезі
2.4.Диагностикасы
2.5Клиникалық көрінісі
2.6.Емі
2.7.Алдын-алу шаралары
III.Қорытынды:
IV.Пайдаланған әдебиет:
Слайд 3
Кіріспе:
Тақырып өзектілігі
Жалпы фосфор -
өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында кездеседі.Көбінесе
қауіп топтары - операторлар,тау-кен қызметкерлері,шланг жасаушылар,инжинер-технолг болып жұмыс істегенде, адамға тыныс жолдары,тері,асқазан ішек жолдары арқылы беріледі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600 г, ет ұлпасында 56 г, жүйке жүйесінде 5 г-ға дейін фосфор болады. Осындай фосфаттар сүтқоректілер қаңқасына беріктік қасиет береді. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады.Фосфор ауруымен көбінесе орта немесе егде жастағы ер адамдар ауырады.Фосформен емдегенде онын дәрежесіне,стадияларына қарай емделуі керек.Емді ерте бастау керек.Фосформен жұмыс жасағанда арнайы қорғаныс киімдері,тыныс жолдарын жабатын маскалар, алақанның беті мен қолға арналған арнайы қолғаптар қолдану керек.
Слайд 4Жұмыстыңтың мақсатты
Жұмыстың мақсатты адамдардың денсаулығына әсері,фосформен
жұмыс істегенде,өндірістік кәсіпорындарда,ауыл шаруашылығында,жұмыс түріне байланысты фосформен улану,емімен,алдын-алу принциптерімен танысу.
Слайд 5Негізгі бөлім:
Анықтамасы
Фосфор (лат. Phosphorus), P –
элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент.Өндірісте қолданатын токсикалық бейорганикалық
зат.
Фосфор — аралық зат алмасу процесінде маңызды
рөл атқарады. Оның қатысуымен қанның қышқыл-сілітілік тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі, бұлшық еттің жиырылуын қуаттандыратын биохимиялық процестер атқарылады. Бірнеше түрі бар: ақ фосфор – тығыздығы 1,828 г/см3; балқу температурасы – 44,14°С; қызыл фосфор – тығыздығы 2,31 г/см3; балқу температурасы – 593°С.
Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі.
Ацетиленмен (фосфиннің түзілуі мүмкін), фосформен жұмыс істегенде, металды суға және қышқылға түсуі кезінде, өндірістік кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда кездеседі. Фосфор және оның органикалық емес қосындыларының улылығын жеңіл қортылатын майлармен бірге ішімдікті қолданған кездерінде болады. Фосфордың рұқсат берілетін концентрациясы 0,03 мг/м3.
Слайд 7 Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше
аллотропиялық түр өзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл
фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі, ақ жөне қызыл фосфордың қасиеттері салыстырмалы түрде берілген
Слайд 8 Патогенезі
Фосфор
қосындыларының барлығының цитотоксикалық (нейро және гепатотоксикалық), жергілікті тітіркендіретін және күйдіретін
әсері бар.Зат алмасу үрдістерінің бұзылуы.Гематоэнцефалдық тосқауыл ,ӨТК бұзылуы,холеностараза ферменттерінің тежелуі.Нерв жүйесінің жасушаларының зақымдануы.Бронхоспастикалық әсері.
Олар көбінесе оператор,инженер -технолгтар,шланг жасаушыларда кездеседі.
Түрлері:карбфокс,метафокс,хлорофокс.Адам ағзасына ену жолдары:тыныс,асқазан ішек жолдар,тері арқылы.Фосфордың механикалық интоксикалық тотығу-тотықсыздану бұзылуында маңызды рөл атқарады, алмасуы белок,май,дәрумендер,
Слайд 9 Диагностикасы
Диагнозды
қояр алдында ең алдымен кәсіптік анамнезіне, жұмыс орнының санитарлық гигиеналық
жағдайына көңіл аударады.Науқасты қазіргі кездегі клиникалық-фармакологиялық әдістермен тексеру керек. Комплексті тексерулердің ерекшеліктері аурудың бастапқы ерте клиникалық көріністерін анықтауда және ағзаның қызметінің мүмкіндіктерін анықтауда маңызды. Қанды диагностикалық тексеру. Фосфор нерв клеткаларының қызметі үшін де керек, сондай-ақ ол — күш-қуат көзі
Слайд 10 Клиникалық көрінісі
Жедел улану.
Бас ауру, бас айналу, жүрек айну, брадикардия. Ауыр жағдайларда-қозу, жүйке
жүйесінің тежелулері болады. Гепатит, сарғаю. Коллапс болуы мүмкін. Мазасыздық ,сілекей ағу,жас ағу,жүрек айну, құсу,іш өту, көру төмендейді, тахикардия, артериялық қысымның жоғарлауы.
Асқазан ішек жолдары арқылы түскенде:жүрек айну, диспепсия,ингаляция,бронхоспазм.ЖҚТ бұзылуы:тахикардия
Ішке қабылдаған кезде: бас айналу, іштегі ауырсыну, қараңғыда жанатын құсу. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстарының дамуына дейін коллапс дамуы мүмкін. Ауыр жағдайларда 2-3 күннен кейін бауырдың жедел ауыр атрофиясы дамуы мүмкін. әлсіздік, гипопротромбинемия, тері асты қан құюлулары, гематурия, нефрит, қозу, ұйқысыздық, галлюцинациялар. Жүрек қызметінің төмендеуі, дене температурасының төмендеуі, коллапс, кома. 7 күні немесе кейінірек өлім тууы мүмкін.
қабылдаған кезде: калий перманганатының ертіндісімен зонд арқылы асқазанды шаю (1:5000),
0,1-0,2% күкірт қышқыл сынап ертіндісімен шаяды( фосфорлы сынаптан пленка түзіледі, ол фосфордың бір бөлігін жауып жатады, оның күйдіретін нәтижесін ескеру керек).
Бумен тыныс алған кезде — симптомды ем жүргізеді.
Теріге түскен кезде: зақымдалған терінің аймағын сол сәтте сумен шаю керек. Немесе зақымдалған қолды күкірт қышқылды магнезидің 5% ертіндісіне салып қою керек, содан кейін фосфордың барлық бөлшектерін марлыдан жасалған тампонмен немесе пинцетпен алып тастау керек. Сонымен қатар 3 % сірке сутегінде қолдануға болады. Зақымдалған аймақтың дымдануы басылғанша қолды ертіндіде ұстау керек. Осы жерді қараңғыда қарау керек, сосын жанып тұрған аймақтарды пинцетпен алып тастау керек. Сосын калий перманганат ертіндісіне (1:1000) салынған ылғалды байламды салып қою керек (удың еруіне және сіңуіне әсер етеді).
Слайд 12 Алдын-алу шаралары
Еңбек ету қабілетінің
сараптамасы
Тіс және қызыл иектің ауруларын тез арада емдеу керек, және
осы уақытта фосформен байланысты үзу керек. Фосформен уланған симптомдар байқалса, ары қарай жұмыс істеуді тоқтату.
Сары фосфорды қызылға ауыстыру, өндірістік процестердің толық герметизациясы, жеке бас гигиенасын сақтау, ауыз және құлақ қуыстарының толық санациясы. Дұрыс тамақтану, әйелдер мен жасөспірімдер фосформен жұмысқа жіберілмейді.
Жұмысымды қорытындылай келе, түсінгенім қазіргі таңдағы
ғылыми техникалық және өндірістік техникалық заттар зиянды фактор ретіндегі әлеуметтік маңызы және организмге қолайсыз әсерлерінің зардабы көп екендігін .
Слайд 14Пайдаланған әдебиеттер
1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. —
Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың
алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл
3. Кулкыбаев Г.А., Аманбеков У.А. Кәсіби ауру.Караганды-Алматы, «ҒЫЛЫМ» 2001 г., 575 c.
4. Измеров Н.Ф. /ред/. Кәсіби ауру \ 2 том - М., Медицина, 1996 г.
5. Ильина Н.А., Безродных А.А.Діріл ауруы .М.,Медицина,1976, 281с
6. А.А. Әмірбекова, «Кәсіптік аурулар», Алматы 2005 ж.
7. Кәсіптік аурулар бойынша дәрістер (оқу құралы) Алмты 2005
8. http://medlib.ru/books/nerv_bol/127.php
9. http://www.neonatology.narod.ru/toxicology/soed_me.html