Слайд 1САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТАНУ
ТАҚЫРЫП 1. 1. Салыстырмалы құқықтануға кіріспе
Слайд 21.1. Салыстырмалы құқықтанудың пәні
1.2. Салыстырмалы құқықтанудың мақсаттары мен қағидалары
1.3. Салыстырмалы
құқықтанудың заң ғылымы жүйесіндегі орны
Слайд 3«Салыстырмалы құқықтану» термині үш түрлі мағынаға ие: әдіс, ғылым, оқу
пәні.
Салыстырмалы құқықтану әдіс ретінде құқықтық құбылыстарды зерттеудің маңызды құралдарының
бірі болып табылады. Салыстырмалы әдіс қолдану арқылы қазіргі заманғы құқықтық жүйелердің ортақтығын, ерекшелігін және даралығын анықтау мүмкін болып отыр.
Салыстырмалы құқықтану ғылым ретінде – кітаптар, кітапшалар, мақалалар, ғылыми баяндамалар материалды түрде ұсынылған қазіргі заман құқықтық жүйелері туралы ғылыми білімдердің жиынтығы.
Салыстырмалы құқықтану оқу пәні ретінде – жоғары оқу орындарында оқытудың пәні.
Салыстырмалы құқықтану ғылым және оқу курсы ретінде әр елде өзіне тән ерекшеліктеріне ие. Әртүрлі елдерде салыстырмалы құқықтанудың пәніне ғалымдардың бірдей емес доктриналды ықпалы қолданылады, бір мемлекеттің өзінде бірнеше мектептер және бағыттар өмір сүреді.
Слайд 4Салыстырмалы құқықтану атауының өзі мағыналық айырмашылықтарға ие. «Компаративизм» терминімен қатар,
дәстүрлі атауы да қолданылады, бірақ әртүрлі елдерде бірдей емес: француздар
«droit compare»; ағылшындар мен американдықтар «Сomparative Law»; немістер «Rechtsvergleichung» және т.б. Әртүрлі елдер арасында ғана емес, бір тілдің ішінде де айырмашылықтар байқалады: «Сomparative Law – Law Comparison – Comparative Jurisprudence», «Rechtsvergleichung – vergleichende Rechtslehre – vergleichende Rechtswissenschaft» («салыстырмалы құқықтану – салыстырмалы құқық – құқықтық салыстыру – құқықты салыстыру»).
Көптеген әлем елдерінде көбінде «салыстырмалы құқық» термині қолданылады.
Слайд 5
Салыстырмалы құқықтанудың пәнін мыналар құрайды:
1) салыстырмалы-құқықтық зерттеулердің әдістемелік зерттеулері (соның
ішінде салыстырмалы-құқықтық әдістің теориясы маңызды орын алады);
2) қазіргі заманның негізгі
құқықтық жүйелерін салыстыра зерттеу, басқа сөзбен айтқанда, шетел құқығын жүйелі түрде зерттеу;
3) нақты салыстырмалы-құқықтық зерттеулердің нәтижелерін талдап қорыту және жүйелеу;
4) салыстырмалы-құқықтық зерттеулердің нақты әдістемелік ережелері мен процесін әзірлеу;
5) тарихи-салыстырмалы құқықтық зерттеулерді зерттеу;
6) қазіргі заманның халықаралық-құқықтық сұрақтарын салыстырмалы зерттеу. (Саидов)
Слайд 6Ғылыми құқықтық білімнің дербес саласы ретінде салыстырмалы құқықтанудың сипатын анықтау
үшін критерийлер ретінде мынадай факторларды қабылдау қажет:
– өткізілетін салыстырмалы-құқықтық зерттеулердің
және ғылыми басылымдардың қарқынды өсімі;
– ең өзекті сұрақтар бойынша өткенді шолатын библиографияны, хрестоматияны, халықаралық, екіжақты коллоквиумдарды және конференцияларды қоса алғанда, жүйелеуші және шолу жасаушы жұмыстардың шығуы;
– салыстырмалы құқықтануға арналған тұрақты әдістемелік бөлімдерімен арнаулы мерзімді әдебиеттерді басып шығару;
– университеттер факультеттерінде немесе өзге ғылыми орталықтарында тиісті маман-компаративистерді даярлау жүйесін құру, оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды басып шығару;
– ұлттық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарын, мектептерін, бағыттарын қалыптастыру.
Слайд 7
Сонымен салыстырмалы құқықтану - бұл ғылым. Әртүрлі болса да бірақ
бірін бірі толықтырып отыратын көзқарасты екі аспектіден тұрады.
Бірінші аспект
зерттеуші жататын елдің құқықтық институттар мен нақты құқықтық мәселелерін зерттеу кезінде салыстырмалы әдісті қолданумен байланысты. Осындай жағдайда азды көпті нақты құқықтық мәселе кең салыстырмалы-құқықтық негізде зерттеледі. Бұл аспект әдетте құқықтың жеке саласы щеңберінде, микро деңгейде салыстыруды қамтиды.
Екінші аспект бүтіндей құқықтық жүйелер деңгейінде шетел құқығын жеке құқық салалары мен негізгі құқықтық институттар деңгейінде автономды зерттеу ретінде шығады. Бұл жерде сөз, өткен кезеңдерде салыстыру негізінде құқықтың жалпы тарихын шығару ұмтылысына ұқсас «құқықтық географияны» құруда болып отыр. Сондай макро салыстырудың мақсаты - әлемнің құқықтық картасында не болып жатыр, қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйелер қалай дамуда, әртүрлі мемлекеттердің ұлттық құқықтық жүйелерінде өзгеріп жатқан жағдайлар қалай әсер етіп жатыр. Өмір сүріп жатқан құқықтық жүйелерді зерттеу кезінде тарихиға қарағанда, географиялық салыстырмалы басымдық қиын болуынан маңыздырақ болып келеді.
Слайд 8Салыстырмалы құқықтану идеяларының қалыптасуы мен дамуы
Бірінші нұсқаның жақтаушылары салыстырмалы құқықтану
ежелден пайда болды деп санайды
Екінші нұсқаны жақтаушылар салыстырмалы құқықтанудың
пайда болуын ХІХғ. ІІ жартысы деп санайды, соның ішінде 1869 жыл Француз салыстырмалы заңнама Қоғамының құрылуымен, сондай ақ 1900 жыл салыстырмалы құқықтанудың І халықаралық конгресінің өтілген жылы деп саналады.
Слайд 9Салыстырмалы құқықтану идеяларының қалыптасуы мен дамуы
Солон мен Ликургтың ежелгі грек
заңдарына салыстырмалы мәліметтері, Ежелгі Рим 12 кесте Заңы, ортағасырларда Англиядағы
жалпы құқықтың Канондық құқықпен салыстырылуы және т.б.
Л. Монтескье “О духе законов” еңбегінде әртүрлі құқықтық жүйелерді салыстыра отырып , құқықтың өзіндік түсінігін берген. Оның еңбектерінде Афина мемлекеттік құрылымы талдау жасалынған, монархиялық мемлекеттердің билікті жүзеге асыруға процесі қарастырылған. Атақты неміс философы Георг Гегель әлеуметтік және құқықтық құбылыстарды зерттеуде салыстырмалы талдау әдісін жиі қолданған. Оның 1831 жылы реформа туралы Ағылшын Биллінде Францияның Еуропадағы құқықтық тәртіпке ықпалы бағаланады.
Слайд 10Француз заңгері А. Токвиль 1835 жылы “Демократия в Америке” еңбегі
өте қызықты. Автор АҚШ қа барып түрмелердегі басқару жүйесінің жаңалығын
зерттеуге барады. Өйткені Францияда Қылмыстық кодекстің қайта қаралуы дайындалып жатты. Токвиль нәтижесінде АҚШ пен Францияның мемлекеттік институттарын салыстырмалы зерттейді. Соның ішінде халықтың саясат пен билікке, партияға, баспаға, сайлауға қатысуы зерттелді.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің тарихи тұрғыда жүргізген зерттеулері мемлекетке дейінгі және мемлекеттік құрылымдарды талдауға, құлиеленуші және капиталистік мемлекеттердің даму кезеңдеріне коммунистік қоғам құрудың басымдықтарына арналған.
Слайд 111770 ж Екатерина ІІ нұсқауымен дайындалған “Ресейдің заңдар жинағын” құруды
атақты Француз ойшылы Вольтер жоғары бағалайды. 1777 ж. Вольтер осы
жинақтың неміс тіліндегі аудармасын француз тіліне аударады.
ХІХ ғ. Ресейдің ғалымдары мен жазушыларының еңбектерінде салыстырмалы құқықтық зерттеу әдістерін байқауға болады. 1871 ж. И.Я. Данилевский “Ресей және Еуропа” жарық көрген еңбегінде ресей мен Еуропа мемлекеттерінің тарихи мәдени және этнографиялық жағынан салыстырған.
Слайд 12Ф.Г. Терпер (Акционерное общество) және Д.Г. Скуратовтың (Заметки по поводу
акционерного законодательства) мақалалары Ресей, Англия, Германия, Францияның заңдарын, ережелерін, жарғыларын
салыстырудан тұрады. Аталған жинақта мемлекеттік басқару, қаржы, және әскери іс мәселері бойынша шетел әдебиеттеріне шолу жасалған.
М. Ковалевский бірқатар мемлекеттерде өіклдік және өзін өзі басқару мәселерін әзірледі.
Б. Чичерин “Курс сравнительного права” еңбегінде мемлекеттің және оның институттарының элементтерін қарастырады.
М. Коркунов “Лекции по общей теории права” еңбегінде рим заңгерлерінен бастап қазіргі кездің заңгерлерінің тұжырымдарына шолу жасағанү
Слайд 13П.И. Новгородцев демократия мәселелерін әртүрлі мемлекеттердегі саясаттанушылар мен заңгерлердің көзқарастарын
ескере отырып әртүрлі мемлекеттердегі шынайы үрдістеріне талдау жүргізілген.
Г.Ф. Шершеневич құқықтың
жалпы теориясында әртүрлі құқықтық тұжырымдардың артықшылықтар мен кемшіліктерін құқық пен мемлекеттің дамуында тарихи жжағдайларын көрсетеді.
Аса іргелі ғылыми еңбек болып француз ғалымы Р.Давидтің “Основные правовые системы современности” табылады. Оның орыс тіліндегі басылымы бірінші рет 1967 жылы, ал екіншісі1988 жылы жарық көрді. ХІХғ ХХ ғ. Қарсаңында ғылымның маңызы артуын сипаттаған Р.Давид осы бағытта негізгі үш функцияларды көрсетеді. 1)құқық тарихын оқып білу және философиялық түсінілуі; 2) ұлттыққұқықтытүсіну мен жетілдіру үшін пайдалану 3) салыстырмалы құқықтану халықтардың өзара түсінушілігі мен халықаралық қарым қатынастардың ең үздік құқықтық нысандарынқұруғапайдалы
Слайд 14Кеңестік заң әдебиеттерінде 60-70 ж. әлемдік кеңестік жүйе шегінде А.Тилленің
«Социалистическое сравнительное правоведение» атты еңбегінде құқықтық зерттеулерде құқықтық зерттеулерде, тәжірибелік
қызметте салыстырмалы талдаудың әдістерін қолдану мүмкіндігін ашты
А.Х. Саидовтың “Сравнительное правоведение и юридическая география мира ” еңбегінде романо германдық және өзге де құқықтық отбасылардың анализі қамтылған.
Пайдалы анвқтамалық кітап Ф.М. Решетниковтың “правовые системы стран мира”. Онда 24 елдің құқықтық жүйелереі туралы қамтылған. Әр мемлекеттің құқықтық жүйесі, қайнар көзі, сот жүйесі, құқық салалары қарастырылған.
Слайд 15қағидалары
Қағида (принцип) деп әртүрлі құбылыстар, әлеуметтік, саяси т.б. жүйелер, институттар
мен мекемелердің пайда болуы мен
қалыптасуының, ішкі құрылымы мен дамуының негізін қалайтын ережелер мен бағыт беруші идеяларды атаймыз.
қарастыратын құбылыстар, институттар мен мекемелердің салыстырыла алу қағидасы.
салыстырылып отырған жүйелердің деңгейлері, нысандары мен түрлерінің бір-бірімен тең дәрежелі болу қағидасы.
салыстырылып отырған құқықтық норма, институт, сала мен құқық жүйелерінің пайда болуы мен дамуына әсер еткен тарихи, ұлттық, экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайлардың барлығын міндетті түрде есепке алу;
салыстырылып отырған құқықтық жүйелердің тек ұқсастығын ғана емес олардың өзіндік ерекшелігін анықтау;
салыстырылып отырған жүйелердің негізгі және негізгі емес белгілерін анықтау.
Слайд 16Мақсаттары
Салыстырмалы құқықтанудың мақсаты болып құқықтың дамуында жаңа заңдылықтарды анықтау мақсатында
әртүрлі мемлекеттердің құқықтық жүйелерін және заңдарын зерттеу және құқықтық теория
мен заң құрылысының жалпы дамуын ынталандыру үшін осы заңдылықтарды пайдалану табылады.
1) Салыстырмалы құқықтанудың танымдық мақсаты - әртүрлі мемлекеттерде құқықтық құбылыстардың терең және көлемді зерттелуі.
2) Салыстырмалы құқықтанудың ақпараттық мақсаты – шетел құқығының сапалы кезеңдері туралы дәл мәліметтер алу және оларды отандық заң тәжірибесінде пайдалану.
Слайд 17Мақсаттары
3) Салыстырмалы құқықтанудың аналитикалық мақсаты - шетел құқықтық жүйелерінде құқықтық
құбылыстар қайнар көзін табу және олардың даму беталысын анықтау.
4) Салыстырмалы
құқықтанудың интегративтік мақсаты - құқықтық жүйелерді үйлестіру мен жақындастыру әдістерін әзірлеудің айқын бағдары.
5) Салыстырмалы құқықтанудың сыни мақсаты - шетел құқығы институттарының жекеленген сындарлы анализі және оның қазақстандық құқық ұқсас институттарымен салыстыру.
6) Салыстырмалы құқықтанудың насихаттық мақсаты - елдің құқықтық жүйесінің маңызы туралы ақпараттандыру.
Слайд 18 П. Круз және тағы бір топ Батыс ғалымдары Салыстырмалы
құқықтанудың зерттеу объектісі мен зерттеу пәні екеуінің арасына шек қоймай,
бұл ғылым айналысуға міндетті мәселелердің бес тобын анықтайды:
а) ортақ және ерекше белгілерін анықтау үшін басқа елдердің құқықтық жүйелері мен өзінің ұлттық құқықтық жүйесін салыстыру;
ә) ұқсас мәселелерге байланысты әртүрлі құқықтық жүйелерде объективті және үнемі қабылданып отыратын шешімдерге анализ жасау;
б) әртүрлі құқықтық жүйелер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды талдау;
в) әртүрлі құқықтық жүйелердің даму тарихының негізгі кезеңдерін салыстырмалы зерттеу;
г) әртүрлі құқықтық жүйелердің бүкіл тарихындағы немесе белгілі бір кезеңіндегі эволюциялық өзгерістердің ішкі-сыртқы сипатын ашу.
Слайд 19обьектілері
1. Әрекетті және масштабы бойынша болып келетін обьект –
құқықтық шындық, құқықтық айқындылық. Ол – мемлекеттік
құқықтық сферадағы жағдайлар мен өзгерістер.
2. Компаративистиканың қаралу аймағында белгілі бір құқықтық семьяға жататын институт пен құқықтық құбылыстарға жататын мәселелер болу қажет.
3. Салыстырмалы құқықтанудың тағы бір обьектісі құқықтық оқулар, концепциялар және құқықтық көзқарастар болып табылады.
4. Мемлекеттердің құқықтық жүйелері салыстырмалы құқықтанудың обьектілері болып танылады.
Слайд 20обьектілері
5. Ұлттық заңнама.
6. Заңдар және өзге де құқықтық
актілер
7. Қатар тұратын және тәуелсіз болып табылатын обьект –
құқықтық нормалар.
8. Салыстырмалы құқықтанудың енді бір обьектісі болып заңды техника табылады.
Слайд 21қажеттілігі
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйелеріне зерттеу жүргізу жоспарында немесе құқықтың
салалары мен институттарына зерттеу жоспарында салыстырмалы құқықтануды оқыту – қазіргі
заманның құқықтық ғылымы мен заң білімінің дамуы үшін маңызды жәрдем болып табылады. Олардың міндеттеріне ұлттық құқықты зерттеумен қатар, сондай-ақ, қазіргі заман дәуірінде жаһандану заңдылықтарын және құқықтың даму беталысын зерттеу кіреді. Сондықтан обьектісі өзге шетел құқықтық жүйелері болып табылатын құқықтық ғылым, салмақты теориялық әзірлеулерге сүйенуі қажет. Әлемдік даму тәжірибесін талдаудың маңызы, соның ішінде қазіргі заман қоғамында болып жатқан процесстерді зерттеу, саяси және құқықтық реформалар қажеттеліктерінен шығады. (Саидов)