Разделы презентаций


Семей медицина университеті Жұқпалы аурулар және иммунология

Содержание

Жоспары: Кіріспе Ботулизм Тағамдық токсикоинфекция

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Семей медицина университеті Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы

Орындаған: Базарбай Н.Б.
ЖМ

404 топ
Қабылдаған: Исабекова Ж.Б.

Тақырыбы: Жедел ішек инфекциялары
СӨЖ

Семей медицина университеті Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы Орындаған: Базарбай Н.Б.ЖМ 404 топҚабылдаған: Исабекова Ж.Б. Тақырыбы: Жедел

Слайд 2Жоспары:
Кіріспе


Ботулизм

Тағамдық токсикоинфекция
Вирусты диареялар
Негізгі бөлім
Клиникасы
Патогенезі
Диагностика
Емі
Қорытынды
Алдын алу шаралары
Қолданылған әдебиеттер

Жоспары:       Кіріспе

Слайд 3

Кіріспе

Жедел ішек инфекциясы

(ЖІИ)– әр түрлі микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар) қоздыратын, клиникалық белгілері асқазан-ішек жолының әрекетінің бұзылуымен байқалатын және басқа да белгілері ұқсас жұқпалы аурулардың тобы.
Кіріспе   Жедел

Слайд 4 Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша

ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру. Барлык елдердегідей,

Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануымен байланысгы. Ботулизмнің клиникалық және эпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен, жоғары өлім-жетімділігімен (15-25%) және тағам өнімдерін үй жағдайында консервілеу масштабының есуімен анықталады.

Ботулизм

Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық

Слайд 5Этиологиясы
Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына

жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша

токсиннің 7 түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана - А, В, Е, Ғ.
Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді температурасы 28-35°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі. Қоздырғыштың вегетативті түрлері кайнатқаннан кейін 2-5 минутта жойылады.
Ботулотоксин – нейротоксиннен, гемагглютининнен және токсикалық емес белоктан тұратын комплекс. Ол табиғаттағы өте күшті улардың біріне жатады.

Этиологиясы Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша.

Слайд 6Табиғи инфекциялану эпидемиологиясы
Продукция токсина в пище приготовленной или законсервированной при

температуре окружающей среды
Колонизация кишечника и
продукция токсина у
воспиимчивых детей

и взрослых

Колонизация и продукция токсина в открытой ране

C. botulinum в паочве, флоре и фауне

Ботулизм:
Острое, симметричное, нисходящие пассивные
бульбарные параличи

Табиғи инфекциялану эпидемиологиясыПродукция токсина в пище  приготовленной или законсервированной при температуре окружающей среды Колонизация кишечника и

Слайд 7Патогенезі
Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:
Ботулотоксин асқазан-ішек жолына

түседі. Протеолитикалық ферменттердің әсерінен ботулотоксиннің күші жоғарылайды.
Токсин қанға өтіп,

қанқа бұлшықеттерінің парезін, қан тамырларының парезін шақырады, капиллярлардың сыңғыштығын жоғарылатады;
Ботулотоксиннің әсеріне жұлынның алдыңғы мүйіздерінің үлкен мотонейрондары өте сезімтал: бульбарлы және паралитикалық синдромдар дамиды (әртүрлі бұлшықеттердің, соның ішінде қолайсыз кездейсоқ жағдайда - тыныс мускулатурасының парездері және параличтері).
Шеткі моторлы жүйке-бұлшықеттер приборларына әсер етеді (ацетилхолиннің өндіруін тежейді);
Токсинмен парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің төмендеуі, гиперкатехолемияның дамуы (тамырлардың зақымдануы және олардың тарылуы; бозару, бас айналу, көздердің алдында "тор" және "шіркей", АҚ жоғарылауы, шырышты қабықтарының құрғауы, іштің қатуы) .
Гипоксияның барлық түрлері (гистотоксикалық, циркуляторлы, гипоксиялық және гемиялық) дамиды. Тыныс алу бұлшықеттерінің парезінен тыныс алудың жедел жетіспеушілігі дамиды.

Патогенезі    Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:Ботулотоксин асқазан-ішек жолына түседі. Протеолитикалық ферменттердің әсерінен ботулотоксиннің күші жоғарылайды.

Слайд 8Клиникалық көріністері
Клиникалық көріністері. Ботулизмнің жасырын кезеңі 2-12 сағаттан 7 күнге

дейін созылады, жиі 18-24 сағат. Ботулизм жедел басталады. Алғашқы кезеңде

ауру 3 клиникалық вариантта дамиды: паралитикалық, гастроинтестинальды және жалпы интоксикациялық.
Интоксикация симптомдары: бас ауыруы, бас айналу, бұлшықеттердің әлсіздігі, тез шаршағыштық, ұйқысыздық.
Гастроинтстинальды синдромның көріністері: жүрек айнуы, қайталама құсу, іш өту, ауамен кекіру, іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауру сезімі. Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді болады.

Клиникалық көріністеріКлиникалық көріністері. Ботулизмнің жасырын кезеңі 2-12 сағаттан 7 күнге дейін созылады, жиі 18-24 сағат. Ботулизм жедел

Слайд 9Тыныс алу бұзылыстары байқалған кезде ботулизм ауыр жағдайда өтеді. Ауа

жетіспеушілік, кеуденің қысылуы және ауру сезімі пайда болады. Тыныс беткейлік

болады. Дауыс мұрындық қалып алады. Сирек бет бұлшықеттерінің парезі байқалады.
Жиі миастения кездеседі. Ауыр жағдайларда тыныс бұлшықеттерінің парезі дамиды. Ботулизм кезінде тыныс алудың бұзылуы мен тоқтап қалуы өлімнің себебі болып табылады. Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде тахипное және басқа да патологиялық тыныстар пайда болады. Гипостатикалық пневмония қосылады.
Ботулизм кезінде жүрек қан тамыр - жүйесі жағынан да функциональды бұзылыстар кездеседі. Жүректің шекарасы кеңейеді, тондардың тұйықталуы байқалады, өкпе артериясында II тон акценті пайда болады. Екінші аптада науқастарда миокардит пайда болуы мүмкін.
Реконвалесценция кезеңі баяу жүреді: 1-1,5 ай. Неврологиялық симптомдар кері шегінеді. Бірінші, тыныс алу және жұтыну қалыпқа келеді. Сосын офтальмоплегиялық синдромның регрессі басталады. Астения ұзаққа созылады.
Тыныс алу бұзылыстары байқалған кезде ботулизм ауыр жағдайда өтеді. Ауа жетіспеушілік, кеуденің қысылуы және ауру сезімі пайда

Слайд 10Асқынулары
Жиі науқаста аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік шаралардың әсерінен

(интубация, катетеризация, өкпенің жасанды вентиляциясы) екіншілік инфекцияның қосылуы пайда болады.


Ботулизмнің салыстырмалы диагностикасы басқа уланулармен (атропин және оның препараттары, белена, метил спирті, улы саңырауқұлақтар) және аурулармен (тағамдық токсикоинфекциялар, энцефалит, полиомиелит, кеңірдек дифтериясы, жедел ми қан айналымының бұзылыстарымен, ОЖЖ-ң әртүрлі ауруларымен) жүргізіледі.

Асқынулары Жиі науқаста аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік шаралардың әсерінен (интубация, катетеризация, өкпенің жасанды вентиляциясы) екіншілік инфекцияның

Слайд 11Болжамы
Ботулизм кезінде сауығу ұзаққа созылады, 1-1,5 ай

шамасында болады. Алдымен тыныс алу жәна жұтыну қабілеті қалпына келеді.

Бас ауыру, көздің симптомдары, жүрек қантамыр жетіспеушілігі ұзаққа дейін сақталады. Әлсіздік (астения) бірнеше айлар бойы сақталып қалады. Ботулизммен ауырғаннан кейін сауығу толық болады. Ботулизмге қайтымсыз өзгерістер тән емес. Адекватты терапия болмаған жағдайда летальділігі 25-30% құрайды.
Болжамы Ботулизм  кезінде  сауығу ұзаққа созылады, 1-1,5 ай шамасында болады. Алдымен тыныс алу жәна жұтыну

Слайд 12Диагностикасы
Ботулизмнің диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерге

сүйенеді.
Лабораторлық диагностика науқастан алынған қан, құсық массасы, асқазанның шайынды

суынан ботулотоксин және ботулизм қоздырғыштарын анықтауға негізделген. Емдік сарысуды енгізбестен бұрын көк тамырдан 8-10 мл қан алады. Ботулотоксинді нейтрализация реакциясы арқылы анықтайды, ал аурудың қоздырғышы қоректік орталарға (пепсин-пептон, Китта-Тароцци ортасы, Хоттингер сорпасы) себу арқылы анықтайды. Ботулизм иммунодиагностикасы науқастың қанындағы антитоксиндерді анықтауға негізделген.
Диагностикасы   Ботулизмнің диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерге сүйенеді. Лабораторлық диагностика науқастан алынған қан, құсық

Слайд 13Емдеуі
Ботулизммен науқастарды инфекциялық стационарларға міндетті түрде жатқызу

керек. Емдеуінің негізін спецификалық және спецификалық емес дезинтоксикация құрайды. Барлық

науқастарға асқазанды жуып- шаю және ішекті тазалау клизмаларын жасайды.
Дезинтоксикация кезінде энтеросорбенттер (карболен, энтеродез, энтерол, смекта), вена ішілік кристаллоидты (трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) ертінділерді қолданылады.
Емдеуі Ботулизммен науқастарды инфекциялық  стационарларға  міндетті түрде жатқызу керек. Емдеуінің негізін спецификалық және спецификалық емес

Слайд 14Ботулизм емінің негізінде тыныс алу бұзылыстарымен және гипоксиямен қарсы күрес

жатыр. Науқастарды жасанды өкпе вентиляциясына қосады. Оның көрсеткіштері мыналар; тыныс бұлшықеттерінің

парезі нәтижесінде өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30% дейін төмендейді, бульбарлы бұзылыстардың өршуі, тахипноэ (минутына 40 реттен жоғары болса) өкпе ателектазы және өкпенің қабыну процестері. Пневмония дамыған кезде антибактериальды терапия, ішектің атониясында прозерин қолданылады.
Ботулизм емінің негізінде тыныс алу бұзылыстарымен және гипоксиямен қарсы күрес жатыр. Науқастарды жасанды өкпе вентиляциясына қосады. Оның

Слайд 15Алдын алу шаралары
Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындаған

консервілерді пайдалану болып табылады. Консервілерді үйдің жағдайында дайындаған кезде ұқыпты

болу керек. Тамақтарды ботулизм қоздырғышының спораларынан сақтау керек. Консервіленген тағамды стерилизациялауда және сактауда қатаң бақылау жасау керек. Консервілерді стерилизациялау автоклавта 120°С температурада жүргізіледі.
Көтеріңкі келген консервілік банкілерді пайдалануға болмайды. Тұрғын халықтарға үй жағдайында етті, балықты, саңырауқұлақты, жеміс-жидекті консервілеудің қауіптігін түсіндіру керек. Үйде дайындалған консервілерді қабылдаудың алдында 10-15 минут қайнату керек, сонда ботулотоксин тіршілігін жояды.  

Алдын алу шаралары Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындаған консервілерді пайдалану болып табылады. Консервілерді үйдің жағдайында

Слайд 16Тағамдық токсикоинфекция
Тағамдық токсикоинфекция(ТТИ)—кысқа уақыттын ішінде тез дамитын, адам ағзасынан тыс

экзотоксин бөлетін шартты патогенді бактериялармен шақырылатын; асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінің

зақымдануымен(гастрит, гастроэнтерит) және су-тұз алмасуының бусылысымен көрінетін инфекциялық ауру.
1901 жылы гигиенист Лащенков стафилакокпен шақырылған тағамдық улануды сипаттап енгізген.
Тағамдық токсикоинфекция Тағамдық токсикоинфекция(ТТИ)—кысқа уақыттын ішінде тез дамитын, адам ағзасынан тыс экзотоксин бөлетін шартты патогенді бактериялармен шақырылатын;

Слайд 17Этиология
Тағамдық токсикоинфекцияның қоздырғыштарына адам ағзасынан тыс, тағамда экзотоксиндер

өндіре алатын қасиеттері бар, көптеген шартты патогенді бактериялар жатады. Экзотоксиндерге

энтеротоксиндер (термолабильді, термостабильді) және цитотоксиндер жатады. Энтеротоксин өндіруші қасиеті бар, аурудың жиі кездесетін қоздырғыштарына Clostridium perfringens, Proteus vulgaris, Proteus mirabilis, Bacillus cereus, Klebsilla, Serratia, Enterobacter, Citrobacter, Pseudomonas, Vidrio жатады. Цитотоксин өндіруші қасиеті бар коздырғыштарға Klebsilla pneumoniae, Enterobacter cloacae, Clostridium perfringens, St aureus, Aeromonas hidrophila, Vibrio parahaemoleicus және т.б. жатады.
Этиология  Тағамдық токсикоинфекцияның қоздырғыштарына адам ағзасынан тыс, тағамда экзотоксиндер өндіре алатын қасиеттері бар, көптеген шартты патогенді

Слайд 18Патогенезі.
Энтеротоксиндер асқазан мен ішектің эпителиальды клеткаларымен байланысып, эпителиоциттердің ферменттік жүйелеріне

әсер етеді.

Циклдік АМФ, циклдік ГМФ түзілуі жоғарылайды.

Токсиндер әсерінен простагландиндердің, гистаминнің,

ішек гормондарының түзілу жылдамдығы жоғарылайды.

Асқазан мен ішек қуысына сұйықтық пен тұздар жиналуынан, диарея пайда болады.

Цитотоксин эпителиоциттер мембраналарын зақымдап, белок — синтездік процесті бұзады.

Шырышты қабаттың қабыну өзгерістері.
Патогенезі.Энтеротоксиндер асқазан мен ішектің эпителиальды клеткаларымен байланысып, эпителиоциттердің ферменттік жүйелеріне әсер етеді.↓Циклдік АМФ, циклдік ГМФ түзілуі жоғарылайды.↓Токсиндер

Слайд 19
ПАТОГЕНЕЗІ

ПАТОГЕНЕЗІ

Слайд 20Жіктелуі.

1.Зақымдалу көлеміне байланысты:
Гастриттік.
Гастроэнтериттік.
Гастроэнтероколиттік.
2. Ауырлық

дәрежесіне байланысты:
Жеңіл.
Орташа.
Ауыр.
3. Асқынуына байланысты:

Асқынған-эксикоз, токсикоз, гиповолемиялық шок, ИТШ.
Асқынбаған.

Жіктелуі.1.Зақымдалу көлеміне байланысты:  Гастриттік.  Гастроэнтериттік.  Гастроэнтероколиттік.2. Ауырлық дәрежесіне байланысты:  Жеңіл.  Орташа.

Слайд 21КЛИНИКАСЫ
Инкубациялық уақыты бірнеші минуттан 24 сағатқа дейін(жиі 2-6 сағат), сондықтан

жедел басталады.
құсу:бір реттік немесе сирек қайталанады, лоқсиды, кұсқаннан кейін жеңілдік

алып келеді; характері қыйналып және құсуды өзі еркімен шақырады
Құсу мен іш өту бірІш өту: күніне 10-15 рет, алғашында нәжіспен бірге сұйық, сосын көп мөлшерде сұйықтық характерлі ауысады.
Шырыш пен қан араласпаған болады
Бас ауру, әлсіздік, эпигастрий және кіндік аймағындағы ауру сезімі
Кейбір науқастарда дене температурасы алғашқы сағаттарда 38-39С дейін көтеріліп, бір күннен кейін қалпына келеді

КЛИНИКАСЫИнкубациялық уақыты бірнеші минуттан 24 сағатқа дейін(жиі 2-6 сағат), сондықтан жедел басталады.құсу:бір реттік немесе сирек қайталанады, лоқсиды,

Слайд 22Клиникалық көрінісі
Инкубациялық кезеңі-2сағ-24сағ
Интоксикациялық синдром.
Ауырсыну синдромы.
Диспепсиялық синдром- жүрек айну, құсу,тенезм, іш

өту, метеорзм.
Гастроэнтериттік синдром.
Гастроэнтероколиттік синдром.
Жүрек-қан тамыр жүйесінде: жүрек тондарыньщ бәсеңдеуі, тахикардия

(сирек-брадикардия), артериальды гипотония.
Тері жабындылары бозғылт, кейде цианоз, аяқ- қолының мұздауы байқалады.
Тілі ақшыл- сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында, кейде кіндік айналасында ауыру сезім анықталады.
Клиникалық көрінісіИнкубациялық кезеңі-2сағ-24сағИнтоксикациялық синдром.Ауырсыну синдромы.Диспепсиялық синдром- жүрек айну, құсу,тенезм, іш өту, метеорзм.Гастроэнтериттік синдром.Гастроэнтероколиттік синдром.Жүрек-қан тамыр жүйесінде: жүрек

Слайд 23ЖҚА- лейкоцитоз.
ЖЗА-протеинурия, лейкоцитурия.
Копрограмма.
Гематокрит-жоғарылаған.
Қанның электролиттік құрамы- гипокалиемия, гипонатриемия.
Бактериологиялық зерттеу(нәжіс, қан, құсық).
Серологиялық

зерттеу.
УДЗ.
ЭКГ.
Рентгенография.
Диагностикасы

ЖҚА- лейкоцитоз.ЖЗА-протеинурия, лейкоцитурия.Копрограмма.Гематокрит-жоғарылаған.Қанның электролиттік құрамы- гипокалиемия, гипонатриемия.Бактериологиялық зерттеу(нәжіс, қан, құсық).Серологиялық зерттеу.УДЗ.ЭКГ.Рентгенография.Диагностикасы

Слайд 25Вирусты диареялардың этиологиялық құрылымдары
Ротовирусы - 32%
Энтеровирусы

- 25%
Калицивирусы – 11%
Аденовирусы - 4,3%
Астровирусы -

2,2%
Короновирусы - 0,1%

Вирусты диареялардың этиологиялық құрылымдары Ротовирусы  -   32%Энтеровирусы -  25%Калицивирусы – 11%Аденовирусы -

Слайд 26Ротавирусты инфекция кезіндегі эпидпроцес ерекшеліктері
Топтық жайылу тән
Инфекция көзі: ауру адам

және тасымалдаушы
Айқын қыстық және көктемдік мезгілдік
Аз жұқтырушы доза
6 ай

мен 2 жас аралығындағы балаларда жоғары кездесу жиілігі
Сумен берілу жолы жиі
Топтасқан коллективтерде жоғары ошақтану
Вирустың симптомсыз бөлінуі (әсіресе жаңа туған сәбилер мен 1 жасқа дейінгі балаларда)
Инфекцияның негізгі резервуары –ересектер
Тұрақсыз иммунитет: қайталап ауыру 1-1,5 жылдан кейін тіркеледі.
Берілу жолдары:
фекально-оральный
контактно-бытовой

Ротавирусты инфекция кезіндегі эпидпроцес ерекшеліктеріТоптық жайылу тәнИнфекция көзі: ауру адам және тасымалдаушы Айқын қыстық және көктемдік мезгілдікАз

Слайд 27 Патогенез
Vi
эпителий тонкой кишки (репликация)

слущивание эпителия (лактазная недостаточность)

гиперосмолярность – нарушение всасывания
водянистая

диарея с явлениями метеоризма
дегидратация (токсикоз с эксикозом 1,2,3 степени)

ПатогенезViэпителий тонкой кишки (репликация)слущивание эпителия (лактазная недостаточность)гиперосмолярность – нарушение всасыванияводянистая диарея с явлениями метеоризмадегидратация (токсикоз с

Слайд 28Клиникасы
синдромдар

Интоксикациялық
Жедел басталу
Дене қызуның жоғарылауы

Диареялық
Құсу(қайталамалы)
энтеритті стул
метеоризм
Эксикоз
Сулы стул

Катаральды
ринит
фарингит
трахеит

КлиникасысиндромдарИнтоксикациялық Жедел басталуДене қызуның жоғарылауыДиареялық Құсу(қайталамалы)энтеритті стулметеоризмЭксикозСулы стулКатаральдыринитфарингиттрахеит

Слайд 29Диагностика
ПЦР – минимальды концентрацияда вирус анықталуы
ИФА – спецификалық ротавирусты

антигендердің анықталуы
РТГА вирусты антигенмен – спецификалық антиденелертабылуы (диагностикалық титр 1:16)

ДиагностикаПЦР – минимальды концентрацияда вирус анықталуы ИФА – спецификалық ротавирусты антигендердің анықталуыРТГА вирусты антигенмен – спецификалық антиденелертабылуы

Слайд 30ЕМІ
Диетотерапия:
Төменлактозалы смесь
Лактозасыз смесь
Айран (6 жастан асқан балаларға)
II. Медикаментозды терапия
Вирусқа қарсы

препараттар

(анаферон, кипферон, виферон)
Энтеросорбенттер
(смекта, фильтрум, полисорб)
Трипсин ингибиторлары
(ε-аминокапрон қышқылы)
Пробиотиктер
(энтерол, линекс, бифидум-форте)
ЕМІДиетотерапия:Төменлактозалы смесьЛактозасыз смесьАйран (6 жастан асқан балаларға)II. Медикаментозды терапияВирусқа қарсы препараттар

Слайд 31  Әдебиеттер
Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. – Алматы:

Ғылым, 2000.- 551 б.
Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов

К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
Амиреев С.А. Эпидемиология. 2 т. Алматы, 2002.
Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии – М.:Медицина, 2001. – 560 с.
  Әдебиеттер Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.- 551 б.Әміреев С.Ә.,

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика