Слайд 1
ӘСКЕРИ КАФЕДРА
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ТӘСІЛІ
ТАҚЫРЫП № 7
"МЕДИЦИНАЛЫҚ БАРЛАУ".
Слайд 2
Медициналық барлау - бөлімнің санитарлы – эпидемиологиялық жағдайына, жеке
құрамның денсаулығына және медициналық қызметтің іс - әрекетіне әсер ететін
жағдайдың ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинау. Ол медициналық қызметтен осы мақсаттарға бөлінген жеке құраммен медициналық эвакуацияның барлық этаптарында өткізіледі. Медициналық барлаудың нәтижесінде алынған мәліметтер аға медициналық бастыққа және көрші бөлімдердің медициналық қызметкерлеріне жеткізіледі.
Берілген тапсырмаларға байланысты медициналық барлау үш түрге бөлінеді:
1. медициналы-тактикалық
2. санитарлы-эпидемиологиялық
3. радиационды-химиялық
Слайд 3Медициналы-тактикалық барлау жергілікті жердің жағдайы туралы мәліметтер жинауға бағытталған, олар
медициналық бөлімнің немесе медициналық эвакуацияның этаптарының практикалық жұмысын ұйымдастыруға қажет.
Оның барысында анықталады:
Медициналық бөлім және бөлімшелердің орналасуына тағайындалған жергілікті жердің сипаттамасы,
Санитарлы көліктің жүруі үшің жолдардың жарамдылығы бағаланады,
Жарақаттанған науқастарды орналастыру және емдеу үшін қолданылатын керек құрал – жабдықтардың болуы,
Азаматтық емдеу – профилактикалық мекемелерін, медициналық персоналдарды және медициналық мүліктерді анықтау және қолдану мүмкіндіктерін орнату.
Слайд 4Санитарлы – эпидемиологиялық барлау кезінде әскердің санитарлы жағдайы және әскерге
инфекционды аурулардың таралу мүмкіншіліктері жайлы мәліметтер жиналады.
Ол мәліметтерге мына берілгендер
жатады:
Ауданның санитарлы – эпидемиялық жағдайына байланысты әскердің орналасуы және әрекеті:
жергілікті жердегі адамдардың сырқаттанушылығы,(заболеваемость)
су көздерінің жағдайы, әскерді пәтермен қамтамсыз ету жағдайы,
инфекция тасымаушылардың бар - жоқтығын (биттер, маляриялық масалар) және т.б.
Санитарлы – эпидемиологиялық барлаудың түріне биологиялық барлау жатады, ол биологиялық қару қолдану қаупі бар кезінде іске асады
Слайд 5Медициналық барлау ең алдымен , нақты болуы керек, яғни берген
мәліметтері жағдайдың жайттарына толық келісімді болуы керек. Әрбір нақты емес
немесе бұрмаланған мәлімет дұрыс емес қорытындыға және әскерді медициналық қаматамасыздандыруды ұйымдастыруда қателіктерге әкелуі мүмкін. Медициналық барлауда алынатын мәліметтердің нақтылығы орындаушыларды тиянақтап тандау, нақты қойылған тапсырма, әр түрлі орындаушылардан алынған мәліметтерді салыстыру, және оларды қайта
тексеру арқылы қаматамасыздандырылады.
Слайд 6 Медициналық барлаудың екінші негізгі шарты тездік және деркезілік болып
табылады. Мәліметтердің кешігіп алынуы алдын – ала профилактикалық шараларды іске
асуына және бөлімдердің медициналық қызметін жаңа жағдайда жұмысқа даярлануына мүмкіндік бермейді.
Медициналық бөлім және бөлімшелердің жұмысына әсер ететін шарттар тұрақсыз емес, керісінше, тез өзгергіш. Сондықтан медициналық жағдай туралы мәліметтер барлық медициналық бастықтарымен эпизодты түрде емес, жүйелі және үздіксіз болуы керек. Сонымен, медициналық барлау үшінші негізгі талабы үздіксіз болуы.
Слайд 7 Медициналық барлау қолданбалы болуы керек, себебі, медициналық барлаумен алынатын
мәліметтер барлауды ұйымдастырған медициналық бастыққа ғана емес, барлық көрші медициналық
басшыларға жария болуы керек, оларда да бұл мәліметтер маңызды орын алуы мүмкін. Бөлімнің немесе бөлімшенің медициналық бастығы ауысқан кезде ізбасарына өзінде гімедициналық барлаудың берілгендері туралы айтуы керек
Слайд 8 Медициналық барлаудың мақсаттылығы медициналық қамтамасыздандырудың тапсырмаларының мақсаттарына қатал бағындыруға
және маңызды бағыттарда (аудандар, объектілер) оның жұмысының күшеюіне байланысты.
Медициналық барлаудың белсенділігі барлық мүмкін тәсілдермен керек мәліметтерді жинау арқылы іске асады
Слайд 9 2.Сұрақ. Медициналық барлаудың құрамы және тапсырмалары
Медициналық барлау деп
территорияның табиғи, әлеуметтік – экономикалық жағдайы жайлы, қарсылас және оның
медициналық қызметі жайлы мәліметтер жинайды, ол әскердің медицинамен жабдықталуы үшін жүргізіледі. Медициналық барлаудың нәтижелері әскердің медицинамен жабдықталуы жайлы нақты шешім қабылдауы үшін қажет
Слайд 10Медициналық барлаудың негізгі тапсырмасы
медициналық қызмет жұмыс жасайтын жағдайды білу,
ауданның санитарлы – эпидемиялық жағдайын, әскердің және олардың тылдарының орналасуын
және олардың қызметтері жайлы тұрақты мәліметтер жинау болып табылады. Бұл мәліметтер уақытында ауру туралы және жеке құрамның зақымдалуы жайлы іс – шара ұйымдастырып өткізуге, санитарлы – гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды, медициналық қызметтің бар мүмкіндіктерін толығымен қолдануға мүмкіндік береді.
Слайд 11Медициналық барлау әр түрлі дәрежедегі жалғыз медицина қызметкерлерімен (санитар инструкторлармен,
фельдшерлермен, дәрігерлермен, дәрігер – мамандармен, мысалы, эпидемиологтар), құрамында бірнеше медициналық
қызметкерлер бар барлаушы топтармен немесе арнайы медициналық қызметтің органдарымен, мысалы, дивизияның санитарлы-эпидемиологиялық лабораториясы, өткізілуі мүмкін.
Слайд 12Медициналық барлаудың негізгі жолдары:
Жеке объектілерді және территорияны тікелей тексеру;
Қажет жағдайда адамдардан және жануарлардан зерттеу материалдарын алу, сыртқы ортаның
объектілерінен сынама алып сол жерде зерттеу немесе лабораторияға жіберу;
Жергілікті медицина қызметкерлерінен және елді мекеннен мәліметтер жинау;
Сәйкес келетін аудандардың әскери медико-географиялық сипаттамаларды оқу;
Тұтқынға алынғандарды тергеу, көбінесе медицина қызметкерлерін, және қарсыластан алынған құжаттарды талдау.
Слайд 13Медициналық барлаудың тапсырмалары:
әскери іс – шаралар өтетін ауданның санитарлы-эпидемиялық
жағдайын анықтау (халықтың өмірін және тұрмыс жағдайы, шаруашылықтың коммунальды –
тұрмыс жағдайы, инфекционды аурулардың және эпизиоттың бар – жоқтығын және сипаттамасын, және әскердің санитарлы – эпидемиологиялық жағдайына әсер көрсете алатын тағы басқа факторлар):
әскердің қозғалатын бағдарының және орналасуға арналған мекемелер және ғимараттардың санитарлы жағдайын бағалау,
полктің медициналық ротасын, батальонның медициналық пунктін роталардың медициналық бекетін және санитарлық көлік бекетін жаюға келетін объектілердің және жер учаскілерінің бар – жоқтығын және сипаттамасын анықтау;
Азаматтық емдеу – профилактикалық мекемелерін, медициналық персоналдарды және медициналық мүліктерді анықтау
Слайд 143.Сұрақ. Қорғаныс және шабуыл кезінде қозғалмалы әскердің медициналық барлауын ұйымдастыру.
Полкте (батальонде) медициналық барлауды полктің (батальоннің) медицина қызметінің бастығы ұйымдастырады.
Ол арнайы тағайындалған топтармен немесе жеке тұлғалармен жүргізіледі, олар өздернің тапсырмаларын дербес орындайды немесе әскери барлаудың (тылдағы, инженерлік) құрамына енгізіледі.
Слайд 15Медициналық барлауды ұйымдастырғанда оның барлық күшін және мүмкіндіктерін, бар мәліметерді
қолданғаннан кейін, түсініксіз емес сұрақтарды анықтау немесе нақтылау үшін бағыттау
керек.
Медициналық жағдай туралы қажетті мәліметтерді әскери медико – географиялық көрсеткіштерді талдау , штабтардан мәліметтер алу , жергілікті медицина қызметкерлерінің және халықтың берген мәліметтерін тексеру және толықтыру, әскери тұтқындағыларды тергеу, медицина қызметкерлерімен ауданды және жеке объектілерді тікелей тексеру арқылы алынады
Слайд 16Әскери жағдайда медициналық барлау әр кезде берілген уақытқа байланысты, осы
уақыт өткен соң алынған мәліметтер өзінің құндылықтарын жояды. Сондықтан, медициналық
барлау мәліметтерді алудың барлық тәсілдерін ғана емес, нақты берілген жағдайда маңыздырақ болатын мәліметтерді жинауды ұйымдастыруы керек.
Слайд 17Әр түрлі жолдармен алынған барлайтын белгілер бір - бірін толықтырып
және нақтыландыруы керек. Оларды жариялағаннан кейін олар қызметтеріне сәйкес келетін
медицина қызметкерлерінің жұмыс карталарына түсіріледі
Медициналық барлауды ұйымдастыру және өткізу тапсырмасы өткізушіге полктың (бригаданың) медицина қызметінің бастығымен ауызша бұйрықтарымен жеткізіледі.
Слайд 18 Ол бұйрықтарда көрсетіледі:
әр біреуінде шешілетін барлаудың бұйрықтарымен тапсырмалары;
топтың құрамы және кіммен жеке құрам шығады, аға топтар, қозғалыс
және байланыс заттары;
барлаудың басталу және аяқталу уақыты;
барлаудың нәтижесін баяндайтын уақыт пен орын
Слайд 19Медициналық барлауды ұйымдастыратын медицина бастығы, орындаушыларға тапсырма қоюдан бұрын, медициналық
жағдайдың қай сұрақтары толықтыруды қажет ететінің және қай уақытқа дейін
оған бұл мәліметтерді алу керектігін білу керек.
Слайд 20Медицина бастығының медициналық барлауды ұйымдастырудың алдындағы жұмысы мыналардан тұрады:
Медицина
бастығының бұйрығындағы барлық материал талданып өңделгеннен кейін, ол барлаудың нақты
тапсырмаларын талдайды, барлаушылардың сандық құрамын, дәрежесін және көлік құралдары мен барлауды өткізуге арналған материалды жабдықтарды бекітеді.
Медициналық барлауға уақыт өте тығыз болған жағдайларда, бір барлаушы қойылған тапсырмаларды орындай алмайтын болса, бірнеше барлаушыларға тапсырманы бөліп беру керек. Барлауды жылдамдатуға барлаушыларға тез жүретін көлік құралдарын беру де жатады, мысалы, автомобиль немесе мотоцикл, бронетранспортерлер.
Слайд 21 Медициналық барлау тапсырылған барлаушылардың дәрежесі оларға қойылған тапсырманың сипаттамасы
және көлеміне толық сәйкес келуі керек. Бір жағдайда барлауды санитар
инструктор өткізсе, басқа кездерде, ол фельдшер немес дәрігерге тапсырылуы керек.
Медициналық барлауды ұйымдастырған медицина бастығы өзінің сұрағына, барлаушы өзінің алдыңдағы тапсырманы толық түсініп және игерсе ғана, дұрыс жауапты алады. Бұл нақты қойылған тапсырмамен және барлаушыға дұрыс үйретсе ғана іске асады.
Медицина бастығы барлаушыға алдыдағы бөлімнің жауынгерлік тапсырмасы жайлы және медициналық жағдай туралы сапар желісін көрсету керек, көлік құралдарын және оған берілетін арнайы жабдықтандыру заттарын, мәліметтерді жеткізу орны мен уақытын айтуы керек. Медициналық барлаудың тапсырмалары нақты және айқын құрастырылған болуы керек. Тапсырма барлаушыға жазбаша түрде, ал сапар желісі және аудан картада немесе сызба түрінде болса жақсы болады. Нұсқаулар түсіндірілгеннен кейін медицина бастығы барлаушылардың тапсырманы, барлауды өткізу тәртібін және берілген уақытты толық түсінгенін тексеруі керек.
Слайд 22Барлаудың өткізу уақыты және тәртібі жайлы тапсырма алған соң, барлаушы
алдыға қойылған тапсырманы және орындалу тәртібін нақтылауы керек. Өзіне деген
түсініксіз сұрақтарды медициналық барлауды ұйымдастырған медицина бастығынан нақтылап алуы қажет. Содан кейін барлаушы ауданның медициналық барлауына арналған картаны талдап, алдын ала керек сызбаларды жасап, сапарды сызып және барлауды өткізу тәртібінің жұмыс жоспарын құрастыруы керек. Жұмыс жоспарында барлаудың объектілері және тапсырмалары рет – ретімен уақыты бойынша көрсетіледі,ол ауданды қажетінше барлауға, бір объектіден екіншіге көшуге, әрбір объектінің тексеру уақытын жоспарлауға, барлаудың нәтижесін дайындап жеткізуге қажет. Барлауды орындауға қажетті заттармен өзін жабдықтап және жұмыс жоспарын құраған соң, медицина барлаушысы өзіне жүктелген тапсырмаға кірісе алады.
Слайд 23 Әскер қорғанысқа көшкен соң территорияны бірнеше аймақтарға бөліп, барлауды
медицина қызметінің бастықтарына жүктейміз. Бөлімінің медициналық қызметінің күші және мүмкіндіктерімен
барлаудың нәтижесі бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс – шаралар өткізіледі. Қорғаныс кезінде үлкен эпидемиялық ошақты анықтасақ немесе аса қауіпті инфекционды аурулар шықса, этиологиясы таныс емес ауруларға шалдықса медицина қызметінің жоғары буынды күші және мүмкіндіктері жауапқа тартылады.
Слайд 24Берілген территорияны санитиарлы – зпидемиологиялық барлаумен тексерген соң, санитарлы –
эпидемиологиялық бақылау орнатылады, ол үздіксіз және белсенді болуы керек. Бөлімінің
медицина қызметімен өткізілген санитарлы – эпидемиологиялық барлау өткізілген территория, кезекті санитарлы – эпидемиологиялық бақылау қойылуы үшін әдетте онымен бекітіледі. Санитарлы – эпидемиологиялық бақылау ұйымдастырып және өткізетін басшылар бұрынғы болып қалады. Әскери бөлімнің ауыстырылуы кезінде берілген территорияның зерттелуі осы бөлімнің орнына келетін медицина қызметінің бастығына беріледі.
Слайд 25Көбінесе әскердің шабуыл шаралары кезінде санитарлы –эпидемиологиялық барлау профилактика және
эпидемияға қарсы жүйеде маңызды орын алады. Жақсы өткізілген санитарлы –
эпидемиологиялық барлау уақытында әскердің эпидемиологиялық жағдайын сақтау іс – шараларын өткізуге көмектеседі.
Слайд 261941 – 1945 ж. Ұлы Отан соғысының тәжірибесі шабуыл кезінде
медициналық барлаудың нақты ұйымдастырылыуы қажет екенін көрсетті. Бұл кезде қарсылас
қолынан босатылатын ауданның санитарлы – эпидемиологиялық жағдайы туралы, уақытында алынған мәліметтер аса маңызды болады.
Сондықтан әскердің шабуыл шараларын дайындау кезінде, әскердің қозғалысы өтетеін ауданның санитарлы – эпидемиологиялық жағдайы туралы мәліметтер ерекше талдауға жатады.
Слайд 27Шабуылдың алдында медициналық барлауға мынадай тапсырмалар қойылады:
орналасқан ауданда эпидемиялық ошақты
анықтау
оларды тез залалсыздандыру және жою
Слайд 28Әскери іс – шаралар өткізілетін аудандарда эпидемиялық ошақтың жағдайы тез
өзгеретінін (халықтың қоныс аударуы, босқындардың қайтуы және т.б.) біле отырып,
қайта тексеріп өтуіміз қажет. Медициналық барлауды алдын ала эшелондауды медициналық қызметтің тәжірибесі анықтады, әр эшелон алдындағы эшелонның жұмысын толықтыруы үшін
Слайд 29Медицина қызметінің бірінші эшелоны әскери бөлімнің медицина қызметінің есебінен ұйымдастырылады.
Оның міндеті инфекционды аурулардың ошақтарын, радиационды және химиялық зақымдалуларды анықтау
және әскерді осы ошақтармен кездесу мүмкіндіктері жайлы ескерту. Медициналық барлаудың екінші және үшінші эшелондары, бірінші эшелонға қарағанда күштірек болып келеді, олар әскер және фронттың медициналық қызметінің есебінен құралады. Бұл эшелондардың негізгі қызметі – жаңа ошақтарды анықтау, соның ішінде медициналық барлаудың бірінші эшелонмен ашылған ошақтарда анықтау.
Слайд 30Айтарлық қозғалыс болған кезде медициналық барлау негізгі коммуникациямен жүргізіледі. Барлық
жағдайда медициналық барлаудың басты назары әскердің негізгі массасы жиналатын аудандарға
және медициналық қызмет үшін аса маңызды объектілер орналасқан жерге бағытталады.
Слайд 31Медициналық барлауды батальоннның (полктың) маршы алдында өткізген маңызды. Марш кезінде
суға деген аса қажеттіліктің туындауы, ішуге және тағам дайындауға жақсы
сапалы суы бар көздерді алдын ала білу қажеттілігін тудырады. Привалды, күндізгі(түнгі) демалу орындары ең ыңғай лы жерлерге орналасуы керек, онда барлық қажетті заттар болатындай(су, отын, орындар және т.б.). Сонымен қоса, марш кезінде жеке құрам елді мекендерде, бұрын инфекционды аурулар болған пәтерлерде,бөлмелерде орналасуы мүмкін, сондықтан инфекционды аурулар қаупіне ұшырап қалмауын қадағалау керек. Осыдан кейін, марш қозғалысынан бұрын сапар желісі толығымен тексерілуі керек.
Сонымен, медициналық барлауды ұйымдастырылуы, түрлері, әдістері, құрамы және көлемі әскери жағдайдың сипаттамасына және уақытқа, медицина қызметінің бөлім және бөлімшелеріне байланысты
Слайд 32 4.Сұрақ . Медициналық барлаудың нәтижесін дайындау.
Медициналық барлауда мәлімет
алудың көзі болуы мүмкін:
барлаудың объектілерін жеке тексеру және реактив арқылы
қарапайым тексерулерді жасау,
комплектіде орналасқан (наборах);
жергілікті емдік мекемелер немесе жергілікті әкімшілік органдар, жергілікті халық.
Слайд 33 Ең нақты мәліметтерді жеке тексеру кезінде ғана алуға болады.
Жергілікті халықтан алынған немесе жергілікті әкімшіліктен, емдік мекемелерден алынған мәліметтер,
егер олар бір – бірін растайтын ғана болса нақты деп есептеледі.
Медициналық барлаудың нәтижесін жеткізгенде тек нақты мәліметтер ғана алынады. Барлаушы қажетті күшінің және мүмкіншілігінің жетіспеушілігіне байланысты кейбір маңызды деген мәліметтерді толық нақтылай алмаса олар да хабарламаға қосылады. Хабарламаға қашан және кім арқылы бұл мәліметтер алынғанын, қайда және қашанға дейін жеткізілу керектігін көрсету керек.
Слайд 34Барлаушы тексеріс жөніндегі барлық жұмысты өзінің жұмыс жоспары бойынша жүргізу,
уақыты бойынша барлауды міндетті түрде бітіру және көрсетілген мерзімге дейін,
мүмкіндігінше ертерек нәтижелерді жеткізу керек. Егер барлау барысында жұмысты элементтері бойынша бір бөліктен екнші бөлікке көшу арқылы орындау мүмкіндігі туса, барлаушы міндетті түрде барлауды ұйымдастырған медицина бастығына алынған мәліметтерді жылдамырақ жеткізуге тиіс. Осыған барлық байланыс мүмкіндіктерін қолданған қажет: арнайы хабарлама жіберу, телефонмен сөйлесу, радио және т.б.
Слайд 35Медициналық барлаушылар өздері жинаған мәліметтерді барлауға жіберген медицина бастығына жеке
жеткізу , хат жолдау немесе есеп беретін карточка құрастыру арқылы
хабарлауына болады.
Хабарламаның түріне қарамастан барлаушы өзіне қойылған тапсырмадағы барлық сұрақтарға толық жауап беру керек. Хабарлама қысқа және нақты, мәлімет алынған көздерді айтуы керек. Жазбаша хабарлама, полевой құжаттарға бекітілген форма бойынша құрастырылады. Барлаудың нәтижесінен басқа, хабарламаны алушының аты және орналасқан жері, хабарлама құрастылған уақыт және орын және барлаушының қолы болуы керек.
Слайд 36 Медициналық барлаудың хабарламасы үзік –үзік мәлімет түрінде немесе қысқаша сипаттама,
сызбаларысыз болса, оның тәжірибелік құндылығын төмендетеді. Медицналық барлаудың нәтижесін даярлаудың
ең жақсы түрі есеп беру карточкасы болып табылады.
Слайд 37Есеп беру карточкасында тексерілген ауданның сызбасы, онда медицина қызметіне қажеттті
көрсеткіштер географиялық белгілермен барлық белгіленеді. Графикалық сызба түрінде белгіленбейтін заттар
қысқаша сызбаға түсініктемелі хат ретінде жазылады,ол пункт бойынша құрастырылып және есеп беру карточкасының шеттерінде сызбадан бос жерлерде жазылады. Басқа сызбалар секілді есеп беру карточкасының да мәтінге байланысты аты және шартты белгілердің түсініктемесі, масштабы, барлаушының қолы және құрастырылған күн көрсетіледі.
Медициналық барлаудың нәтижесін есеп беру карточкасы ретінде дайындау, хабарламаны жеткізуді қысқартады, оны қорытындылар мен тәжірибелік сөйлемдерден шектейді.