1964 ж. Мақат – Бейнеу – Маңғыстау темір жолының салынуына және онымен Маңғыстау мұнайының Атырауға тасымалдана бастауына байланысты теңіз жолымен Баку мен Орта Азия мұнайын Атырау айлағына әкелу едәуір азайды. Каспий теңізімен жүк тасымалдау соңғы жылдары Маңғыстау түбегінің байлығын игеруге байланысты қайта жанданды. Транзиттік тасымалдың көбеюіне орай Каспий теңізі халықаралық жүктерді тасымалдау үшін пайдаланыла бастады.
Азия – Тынық мұхит аймағы елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу жобасы жасалды. Ол Атасу кенті (Қарағанды облысы) – Алашанкоу (Қытай) арқылы өтеді. Ақтау – Баку бағыты бойынша Каспий арқылы Қазақстан мұнайын Баку – Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау да республика үшін аса маңызды. Қазақстанда құбыр желісінің кеңінен салынып, пайдаланылуы нәтижесінде республиканың отын-энергет. балансында елеулі өзгерістер туды, мұнда мұнай мен газдың үлесі 70 – 75%-ға артты.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть