1933 жылы полктық мектепті бітіреді.
1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады.
1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылады.
1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады.
1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы
фронтының 6-гвардиялық әскерінің, 9-гвардиялық атқыштар
дивизиясының командирі болып тағайындалады.
АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР
Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында аса көрнекті
жазушы ретінде танылды. Қаншама үлгі-өнеге беретін
нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, «Ұшқан ұя»,
«Майдандағы кездесулер», «Майдан», «Генерал Панфилов»,
«Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса»,
«Наш генерал», «Жонарқа», «Наша семья»,
«Адам қайраты» атты шығармалардың авторы.
КСРО-дағы ірі әскербасы-маршалдармен бірге, өз қол
астындағы мыңдаған қарапайым жауынгерлермен бірге жүріп,
1941 жылдың жазында басталған Ұлы Отан соғысына
1945 жылдың көктеміне дейін үзбей қатысып,
Елімізді фашист басқыншыларынан қорғап қалу жолындағы
қан майданды қаһармандықпен қақ жарып өтті.
АЗАМАТ
ҚАЛАМГЕР
ҚАҺАРМАН
Қаһарман Бауыржан – майдангер-жазушы, халқының қамқоршысы, өнегелі ұстаз, тәлімгер, Кеңес Одағының Батыры, Қызыл ту орденінің иегері.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть