Слайд 1СӨЖ 4. Жүйе, энергия, жұмыс, термодинамикалық функциялар
Орындаған: Насыров Н.
ББ
13-03 тобы
Тексерген: Орынбаев М.
Алматы 2015
Слайд 2Жүйе
Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс)
– бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық,
бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы
Түрлері:
Материалдық жүйе;
Абстрактілік жүйе.
Слайд 3Материалдық жүйе
Материалдық жүйенің өзі органикалық емес табиғат жүйесі және органикалық
(тірі) табиғат жүйесі болып бөлінеді. Органикалық емес табиғат жүйелеріне физикалық,
геологиялық (қ. Геохронология), химиялық, т.б. жүйелер жатады. Органикалық жүйеге, яғни тірі жүйелерге қарапайым биолигиялық жүйелер, организмдер, популяциялар, түрлер (қ. жүйеленім), экожүйелер жатады. Органикалық жүйелердің ерекше түрі – әлеуметтік жүйе. Оған қоғамдағы қарапайым әлеуметтік бірлестіктерден бастап, сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымына дейін енеді (қ. Әлеумет, Әлеуметтік байланыс).
Абстрактілік жүйе
Абстрактілік жүйелерге жүйе туралы ұғымдар, гипотезалар, теориялар, ғылыми білімдер, лингвистикалық (тілдік) жүйелер, формалды жүйелер, логикалық жүйелер т.б. жатады.
Слайд 4Тұрғылықты жүйе
Кейбір зерттеушілер жүйелерді басқаша да жіктейді. Мысалы, тұрғылықты (статикалық)
жүйе және қозғалмалы (динамикалық) жүйе.
Тұрғылықты жүйелер өзгерістерге төзімді, тұрақты әрі
орнықты болып келеді. Олардың төзімділігі мен орнықтылығы өте ұзақ уақыт бойы өзінің бастапқы қалпын сақтай алуынан байқалады.
Қозғалмалы жүйе
Қозғалмалы жүйелерде оның құрамдас бөліктерінің, тіпті, құрылымының өзгерістері ұдайы болып тұрады.
Слайд 5Жабық жүйе
Тағы бір зерттеушілер жүйелерді жабық жүйе және ашық жүйе
деп бөледі.
Жабық жүйелер сыртқы ортадан мейлінше оқшауланған. Барлық тұрғылықты жүйелер
жабық жүйе болып саналады. Бірақ бұл жағдай олардың ішінде қандай да бір өзгеру процестерінің болуын жоққа шығармайды.
Ашық жүйе
Ашық жүйелер басқа жүйелермен және сыртқы ортамен ұдайы өзара әрекеттестікте болуымен ерекшеленеді. Олардың арасында зат, энергия және ақпарат алмасу процесі жүреді. Барлық ашық жүйелер қозғалмалы жүйелер болып табылады
Слайд 6Механикалық жүйе
Олар, сондай-ақ, өздігінен тұрақтанатындығымен және реттелетіндігімен сипатталады. Жіктеудің тағы
бір үлгісі бойынша, жүйелер механикалық жүйе, органикалық жүйе және гармониялық
жүйе болып бөлінеді.
Механикалық жүйе құрамдас бөліктердің қарапайым жиыны емес, алайда олардың төмендегідей ерекшеліктері болады:
а) бөліктерден құралады;
ә) оның құрамдас бөліктерін жеке де, сондай-ақ тобымен де басқа құрамдас бөліктермен ауыстыруға болады. Механикалық жүйелер, әдетте, тұрғылықты және жабық болады.
Органикалық жүйе
Органикалық жүйелердің де өзіндік ерекшеліктері бар:
а) олар жекелеген, алдын-ала дайын құрамдас бөліктерден құралмайды, қайсыбір бастапқы құрамдас бөліктің (жасуша мен эмбрион тәрізді) біртіндеп және қайтымсыз бөлінуі арқылы басқа құрамдас бөліктер өніп шығады;
ә) олардың тұтастығын, құрылымын бұзбай, оған бірнәрсені енгізу, я болмаса алып тастау мүмкін емес. Барлық органикалық жүйелер қозғалмалы жүйелер болып табылады. Әдетте, олар салыстырмалы түрде ғана ашық жүйе болып саналады, ал шын мәнінде олар жабық жүйе. Ал гармониялық жүйелер нағыз ашық жүйелер болып табылады.
Слайд 7 Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы
өлшеуіші.
Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне
айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әр түрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “ Энергия” ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.
Слайд 9Энергияның квантталатындығы
Кванттық физиканың дамуы энергияның
квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің энергия сы тек дискретті
(үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару энергия сына, микробөлшектердің тербеліс және айналу Энергиясына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында Энергия (Е) мен масса (m) арасындағы байланыстың (Е=mс2, мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін зор маңызды болды. Бұл қатыс әмбебаб қатыс болып есептеледі. Сондықтан ол тіпті өте кішкентай микробөлшектің өзінде де әрқашан қозғалыстың белгілі бір түрі болатындығын көрсетеді. Мұндай қозғалыстың өлшеуіші mс2 өрнегі болады. Әсіресе бұл қатыстың ядр. энергетиканың дамуына байланысты іс жүзіндегі маңызы арта түсті. Энергия бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен өлшенеді. Ал ядролық және атомдық физикада энергияның өлшеу бірлігі ретінде электронвольт алынады
Слайд 10Кинетикалық энергия
Кинетикалық энергия– механикалық жүйе
нүктелерінің жылдамдығы бойынша анықталатын энергия. Материалдық нүктенің Кинетикалық энергиясы (Т)
мынаған тең: T=mv2/2, мұндағы m – материалдық нүктенің массасы, v– материалдық нүктенің жылдамдығы. Мех. жүйенің Кинетикалық энергиясы сол жүйе құрамындағы нүктелердің Кинетикалық энергияларының қосындысы бойынша анықталады: , мұндағы k – жүйе құрамындағы нүктелердің саны. Мех. жүйенің Кинетикалық энергиясын түрінде де өрнектеуге болады, мұндағы M – бүкіл жүйенің массасы, vс – массалар центрінің жылдамдығы, Tc – жүйенің массалар центрі маңында қозғалғандағы Кинетикалық энергиясы. Қлгерілемелі қозғалыс жасайтын қатты дененің Кинетикалық энергиясы, массасы сол дененің массасындай, материалдық нүктенің Кинетикалық энергиясына тең.
Слайд 12Қорытынды
Философия тарихында жүйе ұғымы кейде
онтологиялық мағынада, кейде гносеологиялық мағынада, ал кей уақыттарда осы екі
мағынада да түсініліп келген. Гегель болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі принципіне сүйеніп, жүйе ұғымын онтологиялық мағынада да, гносеологиялық мағынада да қолданады. Ол категориялар жүйесі түріндегі диалектика ілімін негіздеді
Слайд 13Назар аударып тамашалағаныңызға
РАХМЕТ!!!