Слайд 1СӨЖ
Тағам гигиенасы бойынша білімді халық арасында насихаттау әдістері
Орындаған: Орынбасар Г.Е
Тексерген: Кайнарбаева М.С
Факультет: ҚДС
Топ :15-001-02
Слайд 2Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Тағам гигиенасына жалпы түсінік
Тағам гигиенасы бойынша санитарлық ағарту
жүмыстары
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Слайд 3Кіріспе
Қазіргі заманда мәдениетті, өркениетті елдерде тамақтану саласына үлкен мән беріліп,
бұл мәселе оңтайлы шешімін тапқан. Медико-демографиялық көрсеткіштер, сырқаттылық таралымы, қоршаған
орта мен психоэмоционалдық қолайсыздыққа төзімділік және өндіріс тұғыры халықтың тағами хал-ахуалына байланысты. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптауы бойынша бүкіл әлемде өлім-жітімнің 60 пайызы дұрыс тамақтанбаумен тікелей байланысты. Оның басты себебі тағамның сапасыздығы. Бірқатар эксперттердің ойынша, қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығының, тағамдық азық-түліктерді өндіру саласының даму жолы жоқ. Нәтижесінде дұрыс тамақтанбаумен байланысты сырқаттылық өсуін күтуге болады деген тұжырым бар. Жалпы сырқаттың даму себебіне қарасақ 79 пайыз тамақ қабылдаумен тікелей немесе жанама түрде байланысты екен.
Слайд 4Жалпы гигиена- денсаулықты сақтау туралы ғылым. Тамақтану немесе тағам гигиенасы
осы гигиенаның бір саласы.Тағам гигиенасы емдік профилактикалық тамақтану және сапалы,
ұтымды тамақтану туралы ілім. Тамақтану адамның басты биологиялық қажеттілігі болып саналады.
Слайд 5 Тамақтану гигиенасы гигиена ғылымының саласы ретінде 2басты проблеманы қарастырады;
Әр топтағы адамның жасын,жынысын,физиологиялық жағдайын кәсіптік ахуал, денсаулық жағдайын ескере
отырып,ғылыми негізделген сандық және сапалық тамақтану толықтылығын аңықтау.
2) Тағамның биологиялық қасиетін, шығу тегін (мал, өсімдік, жасанды химиялық синтез,биотехнология әдісімен),сонымен қатар тағамдық құндылығын арттыру,азықты өндіруде, өңдеуде, сақтау, тасымалдау кезінде зиянсыздығын қамтамасыз ету жолдарын зерттеу.
Слайд 6Тамақтану гигиенасы халықтың пайдаланатын тағамының сапасын,биологиялық құндылығын және химиялық құрамын
зерттейді.
Тағам гигиенасы денсаулық көрсеткіштері мен аурушаңдық арасындағы байланыс тағамға
байланысты ма, жоқ па соны зерттейді.Егер тағамға байланысты аурулар болатын болса,соның алдын алатын шараларды жүргізгенде тағам гигиенасы бөлімінің қызметкерлері қатысып қана қоймай басқа зиянсыз тағам көздерін іздестіріп отырады.
Слайд 7Тағам гигиенасы мамандарының ғылыми және практикалық жұмыстарындағы басты міндет тамақтың
сапасын қадағалау, және тамақпен бірге организмге химиялық токсинді немесе бактериямен
ластанған тамақты жібермеу.Тамақтану гигиенасы тағам микробпен ластанған болса, осының салдарынан туатын жұқпалы аурудың эпидемиологиясын,тарататын факторын зерттеп білуге және алдын алу профилактикалық шараларды жүргізуге тиісті.
Слайд 8Санитарлық-ағарту жұмысының негізгі мақсаты салауатты өмір салты, адам денсаулығын сақтап
қалудың барлық жолдары мен әдістері, аурулардың алдын алу туралы қазіргі
заманғы медициналық білімдерді насихаттау болып табылады.
Осыған байланысты тағам гигиена саласында халыққа санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндігіміз бар.
Слайд 9Тамақтану гигиенасы бөлімі қызметкерлерінің міндетіне санитарлық ағарту жұмысы жатады.Тұрғындар арасында
ұтымды тамақтану, тұрақты тағамның денсаулыққа, физикалық өсуге, аурушандыққа әсер ететін
рөлі туралы үгіт, насихат жұмыстарын жүргізулері керек.
Слайд 10Санитарлық ағартудың әдістері:
1. Ауызша насихаттау: ұйымдастыру бағытында қарапайым, үнемді және
қолжетімді әдіс.
2. Басылым арқылы насихаттау.
3. Суреттеу (көрнекі) арқылы насихаттау.
4. Құрамдастырып
насихаттау: бұқаралық ақпарат, анализаторлардың барлық түрлеріне бір мезгілді әсер ету.
5.Жазбаша насихаттау.
6.Мәдени іс-шаралар арқылы наихаттау.
Слайд 11Ауызша насихаттау
Ауызша үгіт-насихат жүргізу санитарлық -ағарту жұмысында ең тиімді әдіс,
себебі бұл әдісте тыңдаушылармен тікелей қарым-қатынас жасау, сөз саптамасын өзгертіп
отыруға болады. Әңгімелесуге, кеңес беруге, сұрақ-жауап кештерін ұйымдастыруға, баяндама жасауға, дәріс оқуға болады.
.Дәріс, әңгіме консультациялар;
ұрандар, баяндамалар,
Слайд 12Басылым арқылы насихаттау
Кітапшалар, журналдар;
үнпарақшалар, мақалалар;
санитарлық қабырға газеттері, бюллетендер;
мерзімдік баспалардағы естеліктер.
Слайд 13Көрнекіліктер арқылы насихаттау
Көрнекілік әдісте тыңдаушы айналадағы заттардың әсерін көз мүшесі
арқылы қабылдайды. Диаграмма, плакат, буклет, нұсқау кітапшалары, муляж, макет, фотосуреттер,
видеофильмдер т.б.
Бейнефильмдер, диафильмдер, слайд-шоу,
бейнеклиптер;
плакаттар, фотосессиялар,муляждар.
Слайд 14Құрамдас насихаттау
ТВ ақпараттық бағдарламалары;
радиода сөз сөйлеу;
интернет-порталдар.
Слайд 15Мәдени іс-шаралар арқылы насихаттау
конференция,
семинарлар.
Слайд 16Санитарлық ағартудың формалары:
Дәріс, әңгіме, диспут, конференция, радиода сөз сөйлеу, дискілердегі
жазба, сұхбат, үгіт-насихат, ТВ ақпараттық бағдарламалары, консультациялар,
Ұрандар, баяндамалар, семинарлар, бейнефильмдер,
кітапшалар, журналдар, үнпарақшалар, мақалалар, плакаттар, фотосессиялар, санитарлық қабырға газеттері, бюллетендер,
Мерзімдік баспалардағы естеліктер, жадынамалар, диафильмдер, слайд-шоу,
бейнеклиптер, муляждар, интернет-порталдар.
Слайд 17Қорытынды
Тамақтану гигиенасы халықтың пайдаланатын тағамының сапасын,биологиялық құндылығын және химиялық құрамын
зерттейді. Сондықтанда халықтың сапалы,қауіпсіз азықпен қамтамасыз етілуі, халық денсаулығын жақсартады.
Ары қарай халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Слайд 18Пайдаланған әдебиеттер
ТАҒАМ ГИГИЕНАСЫ ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ Кенжегулова Б.З
Тамақтану гигиенасы .
Кенесариев У.И
ТАҒАМ ГИГИЕНАСЫ БОЙЫНША ТАҢДАМАЛЫ ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ. С.П. ТЕРЕХИН, С.В.
АХМЕТОВА, К.Е. АМРЕЕВА
Ғаламтор желілері http://www.p-center.kz/kz/emdelushige-akparat/132-sanitarlyk-ahartu.html