Разделы презентаций


СӨЖ

Содержание

ЖОСПАР КіріспеНегізгі бөлім Қазіргі таңдағы дәрігерлер қарым-қатынасы.Арақатынастың ішкі құрылысы.ҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1СӨЖ
Тақырыбы: ДӘРІГЕР-мейірбике-науқас ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСы .





Орындаған:АБДУМАЖИДОВ М

Қабылдаған:Жолдас К


СӨЖ Тақырыбы: ДӘРІГЕР-мейірбике-науқас ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСы .

Слайд 2ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазіргі таңдағы дәрігерлер қарым-қатынасы.
Арақатынастың ішкі құрылысы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


ЖОСПАР КіріспеНегізгі бөлім Қазіргі таңдағы дәрігерлер қарым-қатынасы.Арақатынастың ішкі құрылысы.ҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3ДӘРІГЕР-мейірбике-науқас ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСы
Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай

медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігерлік жәрдем 300-ден

астам медициналық мамандық бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар, жаңа диагностикалық және емдеу технологияларын, аппараттарды қолдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі дәрігер жұмыс бабына қарай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлермен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады. Мысалы, емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауға келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады. Оларға аурудың дерті жөнінде мәліметті ортаға салып, ақылдасады, тиімді зерттеу тәсіл түрін тандауға, дерттің назар аударарлықтай ерекшеліктерін ескертеді.

ДӘРІГЕР-мейірбике-науқас ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСы  Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі

Слайд 5Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай медициналық мамандар

саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігерлік жәрдем 300-ден астам медициналық

мамандық бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар, жаңа диагностикалық және емдеу технологияларын, аппараттарды қолдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі дәрігер жұмыс бабына қарай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлермен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады. Мысалы, емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауға келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады. Оларға аурудың дерті жөнінде мәліметті ортаға салып, ақылдасады, тиімді зерттеу тәсіл түрін тандауға, дерттің назар аударарлықтай ерекшеліктерін ескертеді.
Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігерлік жәрдем

Слайд 7Ал жедел, адамның өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез

арада анықтап, жедел жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріптестерін

ескертіп, келісіп, диагностикалық шараларын кезектен тыс ұйымдастырады.
Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен, дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады. Мысалы, аурудың дерті күрделі болған жағдайда, оның асқынулы, созылмалы түрлерінде немесе қосымша аурулары дамығанда, емдеуші дәрігер басқа дәрігерлерді консультацияға, пікірлесіп - ақылдасуға шақырады немесе дәрігерлер кеңесін (консилиум) ұйымдастырады. Тек осы жол арқылы ғана тиімді ем шараларын тауып, олардың нәтижелілігін қамтамасыз етуге болады. Яғни, дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда (хирургия, акушерия, травматология және т.б.), төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор, жоғары болады. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шыншылдығы, қайырымдылығы және т.б. қасиеттері, дәрігерлік міндетін атқаруда өте қажет, ауру адамға оң әсерін береді.
Ал жедел, адамның өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жедел жәрдем беру үшін, дәрігер

Слайд 9Керісінше, дәрігердің екі жақтылығы, шыдамсыздығы, өр көкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның

әріптестерімен, қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар

тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағыттта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
Мейірбике, жұмыс міндеті бойынша, санитаркамен қоян-қолтық байланыста болады. Науқасты күту, бөлмеде тазалық және санитарлық режимін сақтау, ауруға туалет жүргізу және т.б. жұмыстар санитарканың міндетіне жатады. Бұл жұмысты мейірбике үнемі қадағалап, бақылайдыСондықтан, мейірбике мен санитарка арасындағы қатынас тиісті дәрежеде болуы, ауруды емдеу ісіне оңды ықпал жасайды. Керісінше, олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудің тиімділігі де жоққа шығуы мүмкін.
Керісінше, дәрігердің екі жақтылығы, шыдамсыздығы, өр көкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен, қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет

Слайд 11Науқас пен дәрігер арасындағы да қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды

орын алады. Дәрігер мен наукас және оның туысқандары бір-біріне сенім

тудыратын қарым-қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелілігіне ауру күмәнданады, дәрігерге сенімділік білдірмейді. Мұндай жағдайда науқас басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Ал науқас сенім білдірген дәрігер қарапайым ем тағайындаса да, ол оның тиімділігіне күмәндәнбайды. Сондықтан, әр дәрігер және басқа да медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде, олардың сенімділігін тудыратын, қарым-қатынас құруы керек. Аурухана немесе емханада емделіп жатқан науқастар бір-бірімен пікірлесе отырып олардың сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті бүкіл ауыл немесе қала ішіне жариялап жіберуі салдарынан мекеме, бөлімше, дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы да мүмкін.
Осы себептен жергілікті тұрғындар дәрігерлік көмекке басқа дәрігерлерге және ауруханаға баруға мәжбүр болады.
Сонымен, дәрігер өз жұмысын атқаруда бірталай адамдармен, әріптестерімен, мейірбикелермен, санитаркалармен, науқас және оның жақын туыстарымен тығыз қарым-қатынас құрады. Науқас адамның ауруын анықтауда, тиімді ем шараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына байланысты болады.

Науқас пен дәрігер арасындағы да қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен наукас және оның

Слайд 14ДӘРІГЕРЛІК АРАҚАТЫНАСУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дәрігер - науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті

және диалог.
Императивті қатынас - бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекет

жасау. Қарым-қатынастың бұл түрінің мақсаты
- науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес, ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап.
Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және талапты орындату - адамның ішкі ойы мен сенімінен, оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер - науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.
ДӘРІГЕРЛІК АРАҚАТЫНАСУДЫҢ ТҮРЛЕРІДәрігер - науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог.Императивті қатынас - бұл науқасқа авторитарлық

Слайд 16Диалогтық қатынас. Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік

жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнымас орындағанда ғана диалогты

қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:
1. Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
2. Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
3.Науқасты өзіне тең деп есептеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
4. Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) - қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету

Диалогтық қатынас. Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнымас

Слайд 18Арақатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда біріне бірі

байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік.
Арақатынастың коммуникативтік жағы

науқаспен ақпарат алмасудан, ақпарат беру және қабылдаудан құрастырылады. Арақатынастың интерактивтік жағынан («интеракция» - әрекеттесу) мағынасы - қатынасқа түскен дәрігер мен науқас әрекеттерінің алмасуы, яғни тұлға аралық әрекетті ұйымдастыру. Ал перцептивтік қатынасу жағы - бұл дәрігердің науқасты түсінуі, білуі, тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнатуы.
Сөзсіз қатынасу. Қатынас жасаған кезде басқа адамның физикалық бейнесінің жекеше белгілеріне назар аудару (бет әлпеті, қол, иық қимылдары, жестілері, позасы, интонациясы) арқылы қосымша мәлімет жинастырып, қатынасу процесін дұрыс бағытта жүргізуге мумкіншілік алады, әсіресе көп мәліметті (сигналдарды) тыңдаушы адамның бет-жүзі береді. Бұл сөзсіз қатынасу арқылы дәрігер ойын ауру адам қабылдап, я қабылдамағанын, оның түсініп сенім білдіргенін немесе күмәнданғанын көрсетеді.
Қосақтастыру техникасы - бұл пациентпен бір дәрежелі психологиялық жанасу арқылы ем тиімділігін іске асыру. Басқа адамды түсіну және сезіну дәрігердің жеке түлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, дәрігер алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып, жетілдіру қажет. Егер науқаста, дәрігерді таңдау құқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда, дәрігердің науқаспен алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды.
Тыңдау тәсілінің техникасы. Мақсаты - науқасты сөйлестіру арқылы қажетті ақпарат жинастыру. Тыңдау тәсілінің екі түрі белгілі:
• бағалай отырып тыңдау;
• бағалаусыз тыңдау.
Дәрігерлік тәжірибеде бағалай отырып тыңдау жиі қолданылады
Арақатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда біріне бірі байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуникативтік, интерактивтік,

Слайд 20Сұхбаттасу үстінде дәрігердің дене қалпы (поза), оның толық назар аударып,

тындауға әзірлігін қалыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның көзіне үнемі тесіле

қарауға болмайтынын ескере отырып, оған тек анда-санда ғана көз тастағаны дұрыс болады. Бағалаусыз тыңдау техникасы бойынша ең маңызды шарт — үндемеу, икемдеу, ымдап қолдау және қызыққанын білдіру. Сұхбат кезінде аурудың қобалжып қапалануы, келесі жайлар арқылы бейнеленеді: оның сөз ырғағының өзгеруі, паузалардың пайда болуы, мысқал сөздерді жиі қолдана бастауы. Психологиялық жайсыз жағдай болғанның маңызды белгісіне жататыны - аурудың сұраққа жауап беруден қашуы немесе жалпы мағынасыз фразаларды қолдануы. Науқас адам дау, талас немесе басқадай психологиялық конфликт, шиеленіс болғанын жасыруға тырысады.

Сұхбаттасу үстінде дәрігердің дене қалпы (поза), оның толық назар аударып, тындауға әзірлігін қалыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның

Слайд 21 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
4. www.google.ru
5. www.yandex.ru

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 4. www.google.ru5. www.yandex.ru

Слайд 22 Көңіл бөліп , назар аударғаныңыз үшін рахмет!

Көңіл бөліп , назар аударғаныңыз  үшін рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика