Слайд 1Сөж
ТақЫрыбы: Дәріге тәуелділік шақыратын заттар
Орындаған: Мусабаев Е.М.
2031-ЖМФ
Қарағанды 2014
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Фармокология кафедрасы
Слайд 2Жоспар:
Негізгі бөлім
Тәуелділік туғызатын заттардың кумуляциялануы;
Этил спирті;
Ұйықтатқыш заттар;
Опиоидты(наркотикалық)
анальгетиктер;
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда, олардың әсері жоғарылау жағына да және
төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін.
Бірқатар заттардың әсерінің ұлғаюы, олардың кумуляциялану
қабілетіне байланысты болады. Матершлдық кумуляция деп ағзада фармакологиялық заттардың жинақталу түрін айтады
Функционалдық деп аталатын кумуляцияның мысалдары белгілі, бұл кезде зат емес, әсер «жинақталады».
Слайд 4Заттарды қайталап қолданғанда әсерінің төмендеуі-бейімделу (толеранттылық) - әртүрлі препараттарды (аналгетиктер,
гипотензивтік заттар іш жүргізетін заттар және басқалар) қолданғанда байқалады. Ол
заттың сіңуінің азаюына, оның инактивациялану жылдамдығының ұлғаюына және қарқынды шығуының жоғарылауына байланысты болады.
Бейімделудің ерекше түрі тахифилаксия болып табылады, бұл өте жылдам пайда болатын бейімделу, кейде затты 1 рет енгізгеннен кейін.
Слайд 5Кейбір заттарға (әдетте, нейротроптыларға), оларды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды.
Ол дәріні қабылдауға деген ұмтылысты жеңе алмауымен көрінеді, әдетте көңіл
күйді жоғарылату, хал-жағдайын жақсарту, жағымсыз қайғыруды және сезінуді тоқтату мақсатында, сонымен бірге дәріге тәуелділік шақыратын дәріні беруді тоқтатқанда болады. Дәріге тәуелділікті психикалық жэне физикалық деп бөледі. Дәріге психикалық тәуелділік жағдайында препараттарды (мысалы, кокаинді, галлюциногендерді) енгізуді тоқтатқанда, тек эмоционалдық жайсыздық (дискомфорт) тудырады.
Слайд 6
Кейбір заттарды (морфин, героин) қолданғанда дәріге физикалық тәуелділік дамиды. Бұл
тәуелділіктің айқындалған дәрежесі. Берілген жағдайда препаратты беруді тоқтатқанда, ауыр жағдай
шақырады, ол психиканың кенет өзгеруінен басқа, ағзаның көптеген жүйелері кызметінің бұзылыстарына байланысты өлімге дейін әкелетін әртүрлі және жиі қауіпті соматикалық бұзылыстармен көрінеді. Бұл абстинентік синдром немесе айрылу құбылысы деп аталады.
Дәріге тәуелділіктің алдын алу мен емдеу медининалық және әлеуметтік күрделі мәселе болып табылады.
Слайд 7Этил спирті наркотикалық әсері бар зат болып табылады.Ол ОЖЖ-не жалпы
тежегіш әсер көрсетеді. Сонымен қатар, жергілікті қолданғанда эил спирті айқын
антисептикалық қасиет көретеді.
Медициналық практикада этил спиртінің қолданылуы шектеулі.Оны негізінен антисептик түрінде қолдданылады. Оған әлеуметтік жағдайда көп көңіл бөлінуде, өйткені спиртті ішімдіктерді қабылдау жедел және созылмалы уланулардың себебі болады.
Этил спиртін ұзақ қолданғанда оған бейімделу және тәуелділік ( психикалық, физикалық ) дамиды
Слайд 8Осы препараттарды ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік дамиды(психикалық және физикалық)
Слайд 9 Дәріге тәуелділік дамуының жылдамдығы айтарлықтай дәрежеде препараттың
мөлшерімен анықталады. Егер мөлшер барынша үлкен болса дәріге тәуелділік 1-3
айдан кейін дамиды. Дәріге тәуелділік бар кезінде препаратты кабылдауды тоқтату ауыр психикалық және соматикалық бұзылыстармен жүреді(абстиненция синдромы). Мазасыздық, ашуланғыш, қорқыныш, құсу, көздің көруінің нашарлауы, тырысулар, ортостатикалық гипотензия және т.б дамиды. Ауыр жағдайлары өлімге әкелуі мүмкін.
Слайд 11 Опиоидты анальгетиктерді ұзақ қлоданғанда, әдетте осы
препараттармен созылмалы уланулардың себебі болатын дәріге тәуелділік(психикалық және физикалық) дамиды.
Дәріге
тәуелділіктің дамуы айтарлықтай дәрежеде опиоидты аналгетиктердің эйфория шақыру қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл кезде жағымсыз эмоциялар, шаршау жойылады, жақсы көңіл-күй, өзіне деген сенімділік пайда болады, біртіндеп жұмысқа қабілеттілігі қалыптасады. Эйфория, әдетте сақ және жылдам үзілгіш ұйқыға ауысады.
Дәріге тәуелділік шақырған препараттың енгізуін күрт тоқтаттса айыру көріністері(абстиненция) дамиды.
Слайд 12 Фенобарбитал - барбитур қышқылының туындысы. Айқын ұйықтатшқыш әсер
көрсетеді. Эпилепсияны емдеу үшін оны сублингвалды түрде қолданылады.
Оны ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік тууы мүмкін.
Слайд 13 Психотропты заттарға галлюциногендер немесе психомиметиктер жатады. Бұл
заттар қысқа уақытқа жедел дамитын психоздар шақырады. Галлюциногендердің емдеуде маңызы
жоқ, бірақ әлеуметтік тұрғыдан көңіл аударуды талап етеді, өйткені олар психикалық тәуілділіктін дамуына әкелетін заттарға жатады. Теориялық медицинада олар зерттеулік психоз шақыратын заттар ретінде біраз қаралады.
Слайд 14Психостимуляторлар
Фенамин
Кофеин
Бұл препараттарды ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік дамиды.
Слайд 15Қорытынды
Тәуелділік есірткіні қолданылмау уақыты ұзақталған жағдайда көңіл – күйдін
төмендеуімен және есірткіні қолданған кезде рахаттану сезімі пайда болуымен көрініс
береді. Уақыт өте есірткі жүйке жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін міндетті түрде қажет болатын өнім болып қалыптасады.
Слайд 16Қолданылған әдебиеттер:
Фармакология Д.А.Харкевич
Фармакология М.Ә.Сұлтанов, А.А.Ербасова
www.google.kz
www.yandex.kz