СӨЖ:
Емдік тамақтанудағы стандартты
емдәмдер жүйесіОрындаған: Әбдікәрім Алтынай
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 12-02
Орындаған: Әбдікәрім Алтынай
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 12-02
№3 диета - созылмалы іш қату ауруына шалдыққандарға белгіленеді: ас дайындау кезінде (басқа ауруы болмаған жағдайда) өсімдік, сондай-ақ мал майына ұзағырақ қуырылады;
Құрғақтау ботқа ұсынылады;
Тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет;
Күндік ас үлесінің құрамы: белок - 85-100 г., май - 100-120 г., көмірсу - 400-500 г.
Рұқсат етілмейтіндер: кисель, ащы шай, какао, көкжидек, екі-үш күн тұрып ашыған сүт тағамдары, кептірілген нан, сұйық ботқа, картоп пюресі, жұмыртқа (шикі және шала пісірілген), ақ нан, самса және майда тартылған ұннан пісірілген кондитер өнімдері.
№5 диета (№5а, 5п) - бауыр және өт жолдары ауыратын адамдарға белгіленеді:тамақ суға не буға пісіріледі және көбінде ұнтақталмаған күйінде беріледі;
тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет;
күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г. (оның үштен бір бөлігі өсімдік майы), көмірсу - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г.
рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, шошқа, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар, ми, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкен, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық консервілері, тұздығы және майлы тұздығы бар тамақтар; өт жолына тас байланған жағдайда бұларға қосымша қант қайнатпа, бал және кондитер өнімдерін шектеген дұрыс.
№7 диета (№7а, №7б) - бүйрек қабыну ауруына шалдыққандарға белгіленеді.
Бос сұйықтықты, ас тұзы мөлшерін азайту;
Тамақ қайнатылған және буға пісірген күйінде беріледі;
Тағам рационынан белокты шектеу;
күндік рацион құрамы: белок - 20 г., май - 80 г., көмірсу - 400 г;
рұқсат етілмейтіндер: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, консервілер, қақталған еттер, тұздықтар, спиртті ішімдіктер, тұзды ірімшіктер, тұздалған және маринадталған көкөністер, кондитер өнімдері.
№9 (9а, 9б) диета - қант диабеті кезінде белгіленеді:
тағам рационында көмірсу пен май мөлшері шектеледі;
күндік рационның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы таблица арқылы мөлшерленеді;
тағамды әр түрлі әдіспен дайындауға болады;
тамақ ішу жиілігі күніне 4 реттен аз болмауы керек;
қанттың орнына ксилит, сорбит ұсынылады;
кебек қосылған арнай нандар;
көкөністерді 8-12 сағат суда ұстап крахмалын азайту керек;
қанттан басқа бал, қайнатпа, жүзім, інжір және қарбызды пайдалануға болмайды.
№11 диета - туберкулез және өкпенің іріңді аурулары кезінде, ұзаққа созылған ауыр науқастан жазыла бастағанда белгіленеді:
белоктардың,май, көміртегі, кальций және фосфор тұздарының құрамы арттырылады;
көбінесе сүттен жасалған тамақтарды пайдалану арқылы рациондағы мал өнімдерінен алынатын белок мөлшерін арттыру;
С дәрумені бар (көкөніс, жеміс-жидек, итмұрын, қайнатылған су);
В дәрумені тобы (бауыр, ашытылған сусындар);
күндік тамақ ішу жиілігі - 4 рет;
күндік рацион құрамы: белок -120 г., май - 120 грамға дейін, көмірсу - 500 г., кальций - 1,6 - 2 г., фосфор - 1,6 г.
№12 диета - жүйке жүйелері ауруларына шалдыққанда белгіленеді.
№13 диета - асқынған жұқпалы аурулармен ауырған науқастарға белгіленеді.
№14 диета - бүйрекке тас байланған кезде (фосфатурия) белгіленетін диета.
№15 диета - арнайы емдік тағам белгіленбейтін басқа ауру түрлеріне қолданылады.
Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть