Слайд 1
Тақырыбы:
Алматы 2015
Мемлекет және құқық теориясы
Слайд 2
1. Құқыққа түсініктеме
2. Құқық мазмұнының негізгі элементтері
3. Құқық функциялары
4.
Құқықтық нормаға түсінік
5. Құқықтық нормалардың белгілері
6. Құқықтық нормалардың элементтері
7. Құқықты
жүзеге асырудың ерекше тәсілдері
8. Құқықтың қайнар көздері
Слайд 3
Мемлекеттің саяси режимі:
Саяси режим дегеніміз – мемлекеттік өкімет билігін жүзеге
асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режімдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Слайд 4Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын
қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат
қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Мемлекеттің басқару нысаны – мемлекеттік биліктің жоғарағы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілік сәйкестігі.
Слайд 5Монархия – елдегі жоғарғы билік мұрагерлікпен берілетін өмір дара билеу
Республика
– мемлекеттің жоғарғы билеу органдары халықтың еркін дауыс беру құқығы
арқылы белгілі бір мерзімге сайлануы
Мемлекет басқарылу нысанына қарай:
Слайд 6Монархиялық: 1)Абсолютті, 2)Парламенттік, 3)Конституциялық,
Республикалық: 1)Президенттік, 2)Парламенттік, 3)Аралас басқару
Слайд 7Құқық деп – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз
ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі.
Слайд 8 Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
1.қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,
орындау;
2.қарым - қатынастарды реттеп, басқару;
3.қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси,
әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
4.мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп , басқару;
5.халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.
Слайд 9Құқықтың негізгі функциялары: реттеу жіне қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер
арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым – қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Слайд 10Құқықтық норма деп - қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін
реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Слайд 11Құқықтық нормалардың белгілері:
1.Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар.
2.Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі.
3.Норма ерікті түрде орындалмаса, мемелекет орындатуға мәжбүр етеді.
4.Құқық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді
5.Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.
Слайд 12Құқықтық норманың элементтері:
1.диспозиция
2.гипотеза
3.санкция.
Слайд 13Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді.
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.
Толық айқын
түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.
Сілтеу түрлері: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады.
Слайд 14Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік келісім қалай орындалуы
керек, осы жағдайларды көрсетеді.
Слайд 15Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны
көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын
көрсетеді.
Слайд 16Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар:
1.Құқықты сақтау (мәні: тыйым салынған
әрекетті жасаудан бас тарту);
2.Құқықты орындау (мәні: жүктелген міндетті жүзеге асыру
үшін белсенді әрекеттер жасау);
3.Құқықты пайдалану (мәні: тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі);
4.Құқықты қолдану (мәні: бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады).
Слайд 17Құқықтың қайнар көздері деп – жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген,
мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың
жиынтығы.
Слайд 18Құқықтың дерек көздері:
1.Құқықтық дәстүр
2.Нормативтік кесім
3.Соттық үлгі
4.Шарт
5.Сот практикасын байыту
6.Ғылыми
құқықтық доктрина
Слайд 19Құқықтық дәстүр – адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы
мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.
Слайд 20Құқықтық үлгі - өзі екіге бөлінеді: соттық құқықтық үлгі және
әкімшілік құқықтық үлг. Соттық құқықтық үлгі деп – соттың белгілі
іс бойынше қабылдаған шешімі. Әкімшілік құқықтық үлгі деп - әкімшілік органның немесе әкімшілік соттың белгілі бір іс бойынша қабылдаған шешімі.
Слайд 21Нормативтік құқықтық актілер деп – барынша көп тараған қайнар көздерінің
бірі, мемлекет органдары жасаған не бекіткен ресми іс-құжаттардың жиынтығы және
жазбаша ресми құжат. Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.
Слайд 22Негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1.Конституция, заңдар, кодекстер.
2.Қақақстан Республикасының Президентінің Конституциялық Заң
күші бар Жарлықтары.
3.ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары.
4.ҚР Үкіметінің
нормативтік қаулылары.
5.ҚР Конституциялық кеңесінің, Жоғарғы сотының және ҚР Орталық комиссиясының нормативтік қаулылары.
6.ҚР министрлері мен өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары.
7.Орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары.
8.Мәслихаттардың, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Слайд 23 Туынды түрлеріне мыналар жатады:
Регламент – мемлекеттік орган мен құрылымдық
бөлімшелер қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт.
Ереже – мемлекеттік
органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардағы қолданылуын егжей – тегжейлі көрсететін нормативтік акт.
Слайд 24Доктрина - құқықтық теория не ғылыми философиялық, сөз ілімі, білімдер
жүйесі деген мағынаны білдіреді. Нақтырақ келетін болсақ, ислам дінінде құранның,
шариғаттың көмегімен кейбір отбасы-некелік, мүліктік және де басқа даулар қаралып шешілген. Сонда оны шариғаттық доктринаға негізделіп қабылданған.
Слайд 25Құқықбұзушылық.
Құқықбұзушылық құрамы