Слайд 1Тақырыбы: Хламидиоз
САБЫРОВА ЖАНАТ
Слайд 2Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
-Этиологиясы мен патогенезі
-Клиникасы, емі
Қорытынды
Слайд 3Хламидиоз
Хламидиоз — жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Хламидиоздың қоздырғышы —
хламидия бактериясы (лат.Chlamydia trachomatis). Жұқпалы жыныс ауруларының ішіндегі ең кең
таралғаны болып есептеледі.
Хламидиоздың таралуы. АҚШ-та хламидиоздың таралуы жыныстық қатынаста өмір сүруші 15-30 жастағы ерлер мен әйелдер арасында 5-10% құрайды. Ресей және Қазақстанда нақты деректер жоқ. Жыл сайын бұл аурумен әлемде 90 млн адам тіркеледі.
Урогенитальды хламидиоз – антропоноздық кең таралған жұқпалы ауру, қоздырғышы жанасу механизмімен беріледі, негізінен несеп-жыныс жүйесі, көз, буындар,тыныс алу ағзалары,сілемей қабықтартарының зақымдануымен, көрсетілген ағзалардың қабыну процесстерімен, жаңа туылған балалардың жатыр ішінде ауыруымен, созылмалы спецификалық коньюктивитпен не уретрит, эпидидимит, цервицит, аднексит,кольпит, симптомдарының қатарлас байқалуымен, кейде Рейтер синдромы типтес ерлер мен әйелдердәі жүйелі – уретро-окуло-синовиальдық кешен түрінде көрінеді.
Слайд 4Хламидиоз ауруының қоздырғышы, этиологиясы, патогенезі
Хламидия кіші көлемдегі (250-1000 нм),
сфера пішіндес, грамтеріс бактериялар болып табылады. Ол Chlamidiaceae туыстығына, Chlamidia
тұқымдастығына жатады. Хламидидің 4 түрін ажыратады:
*С. trachomatis – урогенитальды хламидиоз, трахома, венерологиялық лимфогранулема қоздырғышы. Негізгі морфологиялық формасы элементарлы денешіктер (ЭД-инфекциялық формасы) және ретикулярлы денешіктер (РД), сонымен қатар, аралық денешіктер кездеседі.
*С. psittaci – атипиялық пневмония, артрит, пиелонефрит шақырады.
*C. pneumonia – жедел респираторлы ауру, пневмония қоздырғышы.
*C. pecorum – адам патогенезінде рөлі белгісіз
Слайд 6Қоздырғыш бактерияға тән барлық негізгі микробиологиялық белгілерге ие: жасушалқ қабырға,
цитоплазма, ДНК, РНК.Хламидиялар сыртқы ортаға төзімсіз келеді және антисептиктер әсеріне,
ультракүлгін сәулесіне, қайнауға, кептіруде тез өледі. Қоздырғыш көбіне инфицирленген партнермен жыныстық контакт кезінде, трансплацентарлы және инстранатальды жұғады. Сирек жағдайда тұрмыстық заттар арқылы: әжетхана заттары, ішкиім, ортақ төсек. Инкубациялық кезең – 1-3 апта. Торпидті дамитын қабыну процессінің клиникалық белгілерінің байқалуы – 60-70% адамда, субъективті-асимптомды ағым – 15-30% немесе жедел 10-15% ауруда анықталады.
Хламидиялық инфекция иммунитеттің жасушалық (Т-хелпер белсенуімен) және гуморальдық звеноларды айқын өзгеріске ұшыратады, A, M, G классының иммуноглобулиндерінің туындауына әкеледі. Жүктілік кезіндегі урогенитальды хламидиоз бірнеше асқынуларға әкеліп соқтыру мүмкін: өздігінен түсік,мерзімінен бұрын босану, құрсақішілік инфицирлену немесе ұрық өлімі, қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі.
Слайд 7 Клиникалық белгілері, ағымы,
жіктелісі
Урогенитальды хламидиоздың клиникалық белгілері полиморфизмге тән, себебі арнамалы белгілерінің болмауы,
симптомсыздығы, ұзақ уақыт симптомының аз болуы, рецидивке бейімділігімен көрінеді. Басқа урогенитальды аурулардан ажырататын ешкандай өзіне тән белгілері жоқ. Науқастар әдетте дәрігерге ауруының асқынғанынан кейін ғана жолығады. Аурудың жедел формалары тек аралас инфицирлену кезінде байқалады.
Кестеде УХИ-ның клиникалық көріністерінің жиілігі ретімен берілген
Слайд 10
Жіктелісі:
Жаңа – 2 айға дейін
Созылмалы – 2 айдан астам
Тасымалдаушы
Орналасуына
байланысты:
Зәр шығару жүйесінің: Төменгі бөлімі, Жоғарғы бөлімі
Кіші жамбас органдары
Локализациясының
басқа түрі деп ажыратады.
Диагностикасы, дифференциальды диагностикасы
*Цитологиялық әдіс қолданылуы мүмкін
*Жасушалар дақылында хламидияларды бөлу
*Биоматериалдарды тікелей иммунофлуоресценция әдісімен (ТИФ) қарау
*Иммунологиялық ИФТ (скринингтік әдіс)
*Молекулярлық-генетикалық: ПТР, ЛЦР, SDA
Жас ерешеліктеріне байланысты, жүкті әйелдер емі. Аурудың алдын алу
Слайд 13Аурудың алдын алу:
*кездейсоқ жыныстық қатынастарға түспеу
*презервативтерді пайдалану
*науқастарды жыныстық серіктестерімен қоса
дер кезінде және толық емделу
*эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зарарлану қаупі төнген
адамдарды профилактикалық емдеу
*халықты санитарлық ағарту, жыныстық қатынас кезінде жеке басты қорғау жабдықтарын пайдалану және жасөспірімдерді жыныстық тұрғыдан тәрбиелеу туралы насихат жұмысын жүргізу
*хламидийлік инфекциясы бар әйелден аңа туылған балаларды осы инфекциядан қорғау ( алдын алу). Жаңа туылған балаларда конъюктивиттің алдын алу үшін 0,5% эритромицин майы пайдаланылады, оны бала туылғаннан кейінгібір сағат ішінде бала көзіне жағу қажет.
Слайд 14Қорытынды
Хламидия (лат. Chlamydia trachomatis) — жұқпалы хламидиоз ауруын тудыратын бактерия. Хламидиядың қауіптілігі-ағзада
ешбір белгі білдірмейтіндігі жатыр. Індеттің бар-жоғын анықтау үшін арнайы медициналық
тексерулерден өту қажет. Егер жұқпалы ауруды уақытылы ауыздықтамасаң оның зиянды салдарына душар боласыз. Сол үшін дер кезінде емделу қажет-ақ. Хламидия жатыр түтікшелерінің қызметін бұзып, оның салдары бедеулік пен жатырдан тыс жүктілікке әкеп соқтырады. Инфекцияның алғы белгісі іштің төмен жағына ауырлық түсіретіндігінде. Ол басқа мүшелердің ауруын қоздырады. Хламидиядан қорлық көріп жүрген еркектердің жұмыртқасына суық тиіп, қуық жолдары ісініп, кей жағдайда қызарып, дәрет сындыра алмайтындай жағдайға түседі. Хламидия әрқашан жаныстық қатынас арқылы жұғады. Берекетсіз жыныстық қатынасқа түсетіндерде бұл қауіпті індетке шалдығу мүмкіншілігі зор. Әсіресе 20 мен 30 жас аралығындағы ер азаматтар көп емделеді. Емделу процесі ұзақ инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы-сауатты сақтану, әрі медициналық жолмен тексеріліп тұру. Ауруды жұқтырған адам міндетті түрде екі тарап та емделу керек. Бірі емделіп, екіншісі ем қабылдаудан бас тартса уақыттың зая кеткені. Тағы бір ескеретін жайт инфекцияның қайталануына жол бермеу. Әйтпесе, оның ауыртпалы көп болады.
Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер
1. Т.А. Муминов, М.Е.Құлманов, А.И.Баев, С.А.Амереев «Венерология бойынша дәрістер»
Алматы-2014
2. А.А.Кубанова «Дерматовенерология» - 2008
3. Г.М.Савельева, В.Г. Бреусенко «Гинекология» -
2004
4. Т.Б.Түсіпқалиев, Ж.Н.Жарасова «Дерматовенерология» - 2014