Слайд 1
Тақырыбы:Сөз бен ойлаудың даму кезеңдері.Сөз бен ойлаудың дамуына биологиялық әлеуметтік
факторлардың әсерлері
Орындаған: Сағжанова Қ.Қ
114-топ ЖМФ
Тексерген:Құсайынова Н.М.
СӨЖ
Семей Мемлекеттік Медицина
Университеті
Слайд 2Жоспар:
І.Кіріспе:
1.Сөз бен ойлау туралы жалпы ұғым.
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Ойлаудың
дамуы.
2.Балада сөйлеудің дамуы және оны тәрбиелеу.
3.Сөйлеу мәдениеті.
ІІІ.Қортынды:
Слайд 3 Сөйлеу- бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі
тілді өзінше пайдалануы.Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін байытып,қоғамдық тәжірибені
меңгеруге де мүмкіндік алады.
Ойлау-таным процесінің ішінде ең биік сатыда тұрған жрғары процесс.Дәлдеп айтқанда ойлау-адам баласына ғана тән психикалық процесс.
Слайд 4 Адам миының жарты шарының сол жақ
бөлігінде жүйке саласы бар.Ол-кісінің дыбыстап сөйлей алуын басқарып
отыратын орталық.Сөзді қабылдауды,оның мәнісін түсінуге мидың есту,көру,сипап-сезу,қозғалыс зоналарының,төбе,самай жүйке бөліктерінің қызыметі ерекше.
Слайд 5 Сөйлеудің дамуы
Алғашқы саты- сөйлеуге
дейінгі кезең.Бұл кезең баланың 2 айлығынан
11 айға дейінгі сатысы.
Екінші
саты- баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі-11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық.
Үшінші саты- бала тілдің граматикасын меңгере бастайды.Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп,сөйлеу тілін дамытады.балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
Тілдің дамуын психологиялық тұрыдан қарастырып,ғылыми жүйеде дәлелденген.
Слайд 6 Тіл ғылымы мен психология пәнінің сабақтасқан
буыны-психолингвитика ғылымының зерттейтін мәселелері-тіл мен ойдың байланысын және өзіндік ерекшкліктерін
тіл білімі,психология,логика,социология,тарих т,б. Ғылымдар тұрғысынан қарастырылады.Тілді дамытуда,логикалық қорды байытуда,кітап оқудың маңызы орасан зор.Сондықтан,баланың мектепк келген алғашқы күннен бастап,олардың кітапқа деген құмарлығын арттырып,оларды өз бетінше мектепке ғана емес,үйде де кітап оқуға тәрбиелеу қажет.
Слайд 7Балада сөйлеудің дамуы
Жаңа туған балада дыбысқа
ұқсас реаксиялар байқалады байқалғанымен,бұларда дыбыстық сипаттау болмайды.Жеке дыбыстардың көрінуі бастап
байқалады.Мұны баланың уілдеуінен байқауға болады.Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне,дыбыстарына орайлас жасалатын реаксиялар.Үш-төрт айлық бала екі буыннан келетін сөздерге мысалы:”мә”, “ға”, “ге” ,“ма-ма’ т.б
Слайд 8 Сегіз айлық бала сөздің интонациясын,дауыстың ырғағын
аңғара алады.Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын,олардың мәнін
әлі толық
ұға алмайды.Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді.Оның алғашқы сөздері “мама”, “папа”,”ата”, “әже”, “аға”т,б.Балаға ызың дауысссыздар мен ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады,”л”,”р”дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды.
Слайд 9 Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі.Мәселен,жас жарымдағы
балада 10-15 сөз болса,екіге келгенде 300,үш жаста мыңға жуық сөзі
болады.Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренеді.Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің әсері ерекше күшті.Семьяда баланың сөйлеу әрекетінің қалыптасатын кезі,сондықтан балаға дұрыс көңіл бөлінсе,мектепке келгенде оңай хат танып,сабақты жақсы үлгіріп кетеді.Сонда баланың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға жетіп отырады.
Слайд 10 Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу-оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.Өйткені
сөйлеу мәдениеті-мәдениеттіліктің басты белгісі.Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы
жүзеге асып отырады.Мәселен,оларды өз ана тілін қадыр тұтып,құрметтей білуге тәрбиелеу-сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.
Сөйлеу мәдениеті
Слайд 11 Жазбаша сөйлеу- баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше
ықпал ететін қуатты факторлар.Жазбаша сөйлеуді меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан
бастап белсенді кіріседі.Баланы жазу сөзіне үйрету-бастауыш мектеп оөушыларының ауызекі сөзі мен жазбаша сөзін ауыстыра зерттеу-көптеп қолға алып жатқан жұмыс.
Слайд 12 Ойлау-ой әрекеті процесінде дамиды және балаларды
логикалы сын көзбен қарай отырып ойлауға үйрету керек.Оларды атқаратын жұмысына
өздігінен бақылау жасап баға бере білу керек.Неге?Неліктен?деген сұраққа жауап талап еткенді,балаларға әрқашанда үйрете білу қажет.
Слайд 13 Әрбір адам өз ойын сөйлеу шеберлігі арқылы
сөзбен жеткізіп, ойының тиянақтылығын дәлелдей білу керек.Сол арқылы айтар ойын
тілдің тиегіне, сөздің сүйеуіне келтіріп өз нақышында саналы ойдың сарапшысындай қызмет атқарады.
Слайд 14 Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.бап-Баба 2005 Алматы
2.Қ.Жарықбаев.Алматы 2002ж
3.Тәжібаев “Жәнтану негіздері”
4.М.Д.Столяренко
1996ж “Феникс”